Премьер-Министр экономика саласындағы басты міндеттерді айтты

Уақыты: 2023-04-04 Көрлімі: 567 Сипаттама

Жыл соңына қарай инфляцияны 2 есе төмендетуге баса мән беріледі. Бұл туралы ҚР Премьер-М...

Снимок.JPG

Жыл соңына қарай инфляцияны 2 есе төмендетуге баса мән беріледі. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов айтты, деп ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз.

«Үкіметтің алдында тұрған басты міндет – елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етіп, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту. Қазіргі кезде Мемлекет басшысының Сайлауалды бағдарламасы іске асырылып жатыр. Сонымен қатар, біз Парламенттегі басым көпшілік – «Аманат» партиясының бағдарламасын орындауға кірістік. Президенттің ауқымды саяси реформаларының арқасында Мәжіліске 6 партия өтті. Біз барлық партиялармен бірге белсенді жұмыс істейміз. Бұл біздің жұмысымызға оң нәтиже беретіні сөзсіз», - деді Ә.Смайылов Үкімет отырысында Президенттің ҚР Парламенті сессиясының ашылуында берген тапсырмаларын іске асыру барысын талқылау кезінде.

Оның айтуынша, Үкімет ашық әрі өзін-өзі толықтай қамтамасыз ететін нарықтық экономика құру жолында нақты шараларды іске асырады.

«Біздің алдымызда биыл экономикалық өсімді 4%-ке, ал орта мерзімді перспективада 5%-ке дейін жеткізу міндеті тұр. Экономикалық саясат бірінші кезекте, бизнесті қолдауға бағытталуы тиіс. Бұл орайда, негізгі салаларға тартылатын отандық және шетелдік инвестициялардың көлемін ұлғайтуымыз керек. Сонымен қатар, жыл соңына қарай инфляцияны 2 есе төмендетуге, экспорттық әлеуетті, жаңа технологияларды дамытуға, заңнаманы одан әрі жетілдіруге бағытталған нақты шараларды іске асыруға ерекше назар аудару қажет. Біздің міндетіміз – инфляцияны ескере отырып, халықтың жалақысының 4,6% деңгейінде нақты өсуін қамтамасыз ету. Жұмыссыздық 4,8%-ке дейін төмендеуі тиіс. Осы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін біз бар күш-жігерімізді біріктіруіміз қажет», - деді Үкімет басшысы.


Пікір жазу
  • Мемлекеттік басқару академиясында 2023 жылға қабылдау басталды
    Ақаңның дәрісі, Смағұлдың төрелігі, Міржақыптың дауысы

    Ұқсас тақырыптар