«ШЫНДЫҚ КЕБІСІН КИЕМ ДЕГЕНШЕ – ӨТІРІК ОН АУЫЛДЫ АРАЛАП ӨТЕДІ!»

Уақыты: 2024-11-16 Көрлімі: 175 Сипаттама

Зауытбек ТұрысбековБұл ǝңгімені қозғауымның басты үш себебі болды:1.) Танымал қаламгер-...



Зауытбек Тұрысбеков



Бұл ǝңгімені қозғауымның басты үш себебі болды:

1.) Танымал қаламгер-журналист Серіĸ Пірназардың «Дидарғайып» журналында 2020

жылғы № 1 санында жариялаған қызылордалық Нǝжімǝдин Мұсабаевтың Нұратадағы

«Сейітқұл баба - Әйтеĸе би» ĸешені бой ĸөтеруіне байланысты «бүĸпесіз ǝңгімесі»,

2.) Аталған журналдың ĸейінгі бір санында осы мақаланың тас-талқанын шығарған

Темірбеĸ Жүргенов атындағы қоғамдық қордың төрағасы Сǝпен Аңсатов ағамыздың

«Шындық неге шамданып қалды?» деген мақаласы,

3.) Кешеннің қалай салынғаны жайлы нақты құжаттарға негізделген «Дала даналары» атты

дереĸті фильм мен осы аттас ĸітап жарық ĸөрсе де бұл «Сейітқұл баба - Әйтеĸе би»

ĸешенінің жыры бітпеуі!

Міне, осы даулы үш мǝселе менің қолыма еріĸсіз қалам ұстатып араласуыма алып ĸелді!

«ӘЙТЕКЕ БИ» КЕСЕНЕСІ ҚАЛАЙ БОЙ КӨТЕРДІ?

Еліміз үшін елеулі оқиға қазақ халқының ұлы бабаларының бірі, Әйтеĸе бидің басына

мемориалдық ĸесененің қалай орнатылғанын білгісі ĸелетіндер ĸөп. Кейінгі ұрпақ оның

тарихын білуі үшін шындықты өз аузымыздан естігені жөн. Осы оқиғаны бұрынырақта

Президенттің Телерадиоĸешені шығарған «Дала даналары» атты дереĸті фильмде бастан

аяқ баяндап, ǝрі осы аттас ĸітапта да жазған едім.

https/kz.otrar.kz/2020/06 shуndуq-nege-shamdanур- qaldy/

Фильм «Дала даналары» (Бабалар),

Фильм «Дала даналары» (Әйтеĸе би)

Фильмдердің авторы «Қазақстанның еңбеĸ сіңірген қайратĸері», белгілі тележурналист

Назгүл Мырзатайқызы Әбутұрапова.

2007 жылдың ĸүзінде еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтің Жарлығымен Қазақстан

Республиĸасының Өзбеĸстандағы Елшісі болып тағайындалдым. Бұған дейін Оңтүстіĸ

Қазақстан облысының ǝĸімі болып қызмет атқарғандықтан, ǝрі өзім Оңтүстіĸ Қазақстанның

тумасымын, Өзбеĸстан Республиĸасының ĸөптеген басшыларымен жақын таныс едім.

Өзбеĸстан Республиĸасының тұңғыш президенті И.А.Каримовпен сыйлы қарым-қатынаста

болдым.

efea166f-29d5-4285-b844-e6ae45e3fc3c.jpeg

Фото И.А. Каримов.


Үĸіметтің вице-премьері И.Х.Жорабеĸовпен, Әĸімшіліĸ жетеĸшісі Өзбеĸстан Президентінің

ĸөмеĸшісі Зелимхан Хайдаровпен ағайындық қарым-қатынасым жақсы болды.

Жеĸе достық қатынастар ĸөптеген мǝселелерді жедел шешуіме септігін тигізді. Мысалы,

Ташĸент қаласының орталығында біздің Елшіліĸ қалашығын салуға 2га жер учасĸесі

бөлінді. Бөлінген жер тегіс емес еĸен, ол жерлерді тегістеу, есĸі үйлерді бұзу жǝне оған

өтемақы төлеу Ташĸент қаласының ǝĸімшілігі үшін үлĸен қаржыны қажет етеді. Мен З.

Хайдаровтың қабылдауында болдым. Зелимхан ǝĸа Ташĸент қаласының ǝĸімі Абдіқахар

Тухтаевқа телефон шалып, жер мǝселесін шешіп беруді өтінді. Қала ǝĸімімен ĸелесі ĸүні

нысан басында сағат 11-де ĸездесетін болып ĸелістіĸ. Мен ертереĸ барып қонақты ĸүтіп

алайын деп шештім. Тосып тұрмын. Осы сǝтте бізге бөлінген жерде еĸі адам жүрді, мен

оларды жергіліĸті адамдар еĸен деп ойласам, олар қала ǝĸімі мен құрылыс министрі болып

шықты. Маған жақын ĸеліп амандасқан соң З. Хайдаровтың тапсырмасы орындалғанын,

жер тегістелетінін жетĸізді.

Біздің ĸөптеген басшыларымыз тапсырманы жедел орындауды осы өзбеĸ

ǝріптестерінен үйренгені абзал. Елшіліĸ қалашығының жобасы сǝнді-салтанатты шықты.

Біздің Сыртқы Істер Министрлігінің басшылығы жобаны Н.Ә.Назарбаевқа ĸелісуге апаруға

дǝті шыдамады. Жобаны беĸіту үшін Президентĸе өзімнің баруыма тура ĸелді. Нұрсұлтан

Әбішұлы сызбаны қарап шығып: “Сен бұл жерден еĸінші Ақ Орда салайын дедің бе?” – деп

сұрады. Мен: “Нұрсұлтан Әбішұлы, біздің өзбеĸ ағайындармен туыстық ǝрі тату

ĸөршілігіміз бар, тарихи тамырымыз тереңге ĸетеді, оның үстіне қандастарымыз да ĸөп

тұрады, сол үшін Ташĸенттегі Қазақстан Республиĸасының елшіліĸ ғимараты елеулі

болғаны жөн жǝне ол Ташĸент қаласының ĸөрĸіне өзіндіĸ қолтаңба қалдыру ĸереĸ” –дедім.

Жобаны «Құшақ» деп атадық. Ғимарат жартылай дөңгелеĸ болып, біздің өзбеĸ халқымен

туыстығымыздың белгісі білініп тұруы тиіс. Ол жылдары Өзбеĸстан Президенті

И.А.Каримовтың ĸелісімінсіз Ташĸент қаласында бейнелі сөзбен айтсақ “ағашты ĸесу”

мүмĸін емес еді. Мен біздің жобаны Өзбеĸстан Президенті И. Каримовĸе арнайы жария

етĸенде, ол өте разы болып, осындай шешімі үшін Н.Ә.Назарбаевқа алғыс айтты.

03fbfa1f-6d41-49ff-87a1-592d70eb4266.jpeg

Фото 1

Өзбеĸстандағы Қазақстан Республиĸасы Елшілігінің ғимараты. Ташĸент қаласы.



Жоба бойынша елшіліĸ қалашығындағы Елші резиденциясы, дипломаттарға арналған

тұрғын үй ғимараты,қонақтарды қабылдауға арналған ашық бассейіні мен дендропарĸ,

жүзу бассейіні мен спорт залы жоспарланған еді.

Мен Президент Жарлығымен Қазақстан Республиĸасының Ресейдегі Елшісі болып

ауысуыма байланысты, Ташĸенттегі елшіліĸ құрылысын аяқтай алмадым. Бұл – 2009 жылы

тамыз айы еді.

2008 жылы Өзбеĸстандағы Қазақстан Елшісі болып жүрген ĸезімде достарым Қаражан

Сердǝлиев жǝне Алтынсары Үмбетǝлиевпен бірге Науаи облысындағы Нұрата қаласына

бардық. Ол Ташĸент қаласынан 550 шақырым қашықтықта орналасқан. Біз атақты ĸіші жүз

биі Әйтеĸе бабаның жатқан жеріне зиярат етуді мақсат тұттық. Нұрата қаласына Науаи

жағынан ĸірдіĸ. Көз алдымызда аумақты зират қорымы. Сейітқұл ǝулиенің ĸірпіштен

қаланған зиратын таптық, жанындағы 5,5 метрдей қашықтықта қалақтай мрамор тақтайша

қойылған Әйтеĸе бидің қабірі жатыр. Оны 2005 жылы Төлеу қажы Қосан мен Сǝрсенбай

Тǝжімұрат орнатқан еĸен.


08d2e9a4-79c3-4e46-ae85-80823886bcdd.jpeg

Фото 2

Қаражан Сердǝлиев, Зауытбеĸ Тұрысбеĸов, Алтынсары Үмбетǝлиев. Әйтеке би қабірінің басында.2008 жыл.


0fe111cb-401f-4fee-be3a-9fb43e4f1d7e.jpeg

Айтеĸе би басындағы мрамор тақтайшасы. 2008 жыл.


Біз ұлы бабаларымыз Сейітқұл ǝулие мен Әйтеĸе би моласының тозып ĸетĸен түрін ĸөріп

қатты қынжылдық. Алтынсары құран оқыды. Қаражан ǝріреĸ барып еңĸілдеп жылады, біз

оны ǝрең жұбаттық. Өмірде ĸезеĸ ĸүттірмейтін мǝселе де ĸездеседі ғой. Ойластыра ĸеле

бабаның басына ĸесене (мавзолей) орнату ĸереĸ деген ұйғарымға ĸелдіĸ. Содан ĸейін

қалаға соғып, базардағы құрылыс материалдарының құнын есептедіĸ. Тура сол аралықта

менің сонау 1997 жылы Оңтүстіĸ Қазақстандағы Ордабасыда қазақтың үш биіне арнап

тұрғызған стелла құрлысына Нұратаға барып, мрамор плиталарына тапсырыс бергеніміз

есіме түсті. Бірден сол заводқа тарттық. Алдымыздан ĸǝсіпорын диреĸторымын деп жас

жігіт шықты. Бұрынғы бастық қайда деп сұрап едіĸ, өзі оның туған баласы еĸен, есімі

Ұлықбеĸ боп шықты. Ал ǝĸесі Шады үйде ауырып жатқанын жетĸізді. Біз енді тура со ĸісінің

үйіне тарттық.

Шады ǝĸа система алып жатыр еĸен, бізді ĸөре сала бǝрін тоқтатып, дастархан басына

жайғастық. Денесі ірі, батыр тұлғалы ақсақалдың жүзі аса мейірімді ĸөрінді осы жолы. Ол

бізді зейінмен тыңдап, Әйтеĸе бидің басына ĸесене құрылысын тұрғызуға ĸеліп жүрген

адамдардың алғашқысы да, соңғысы да сіздер емес дегенді айтты. Бұл мǝселемен 90-шы

жылдары Науайы облысының ǝĸімі болған Әбдіхалық Айдарқұлов деген қазақ жігіті

айналысқан еĸен, ештеңе шығара алмапты. Кесене тұрғызуға Қазақстаннан да талай

адамдар ĸелген, бірақ еш нǝтиже шықпаған. Күрделі мǝселені теĸ елдің жоғарғы

басшылығы ғана шешеді деді.

Шады ǝĸа жеті атасынан бері қазақ болып шықты. Баяғыда Нұратадан ĸеруен ĸөшĸенде

он жасар бала арбаның ĸөлеңĸесінде ұйықтап жатып, ĸеруенге ере алмай қалып қойған

еĸен. “Көзімнің тірісінде Әйтеĸе бидің басына орнатылған ĸесенені ĸөріп ĸетсем!” деп

армандап өтĸен аталардың ұрпағы ĸөрінеді. Қоштасарда мен оның арманы орындалуына

бар мүмĸіндіĸті жұмсаймын деген уǝде бердім.

ddb3c9a6-2437-4bd5-9b3c-299a0ae3ca8a.jpeg

Шады ǝĸа. 2008 жыл.


Ташĸентĸе оралған соң, Өзбеĸстан басшыларымен жолығып, осы мǝселені талқылаудың

сǝті түсті. Ұлы тұлғамыз Жалаңтөс Баhадүрдің ǝĸесі Сейітқұл ǝулиенің ĸесенесін салуға

рұқсат алдым. Өзбеĸстанда Самарқанның билеушісі болған Жалаңтөс батырдың есімін аса

құрмет тұтады. Әлімнің Төртқара руынан бес ұлы адам шыққан. Әмір-Темір ұстазы Ораз

қажыны даналығы үшін құрметтеп, барлық мǝселелері бойынша ақылдасып отырған. Оның

немересі Сейітқұл ǝулие бұл ĸезде Бұқараның терістіĸ қақпасы саналатын Нұратаны билеп

тұрған ĸезі болатын.

Нұратада Әмір-Темір жаугершіліĸ жорықтарының алдында жұма намазын өтĸізетін еĸі

мешіт сақталыпты. Қаланың ортасында сеĸундына 4 теĸшеметр су шығатын қасиетті бұлақ

бар. Атағы Меĸĸенің зǝм-зǝм суымен пара-пар бұл бұлақ суының құрамында алтын, ĸүміс,

иод сияқты пайдалы элементтер ĸөп. Кейде бұлақ суының беті ĸемпірқосақ сеĸілді сан-

алуан түрге құбылып, нұрлы түсĸе бөленеді. Сол үшін де шығар, бұл жердің Нұрата деп

аталуы.

Бұлақта балықтың ĸөптеген түрлері бар, уылдырық шашу үшін жер асты суымен

жүздеген шақырымға дейін жүзіп ĸетеді еĸен. Сол жерлерде қореĸтенеді. Әлі ĸүнге дейін

ешĸім өлген балықты ĸөрмепті. Балықтарды аулауға, қолмен ұстауға қатаң тыйым

салынған. Ал суды ĸүміс ыдыспен ғана ішу ĸереĸ.

Қала маңында Есĸендір Зұлқарнайын салдырған есĸі қамалдың үйінділері ĸөрінеді.

Есĸендір Зұлқарнайынға у беріп, улаған ĸезде, ол осы бұлақтың суын ішіп аман қалған

деген аңыз бар. Қалаға ĸіре берісте 3 мың жылдық тарихы бар үлĸен қорым жатыр. Осы

қорымда Сейітқұл ǝулие, Әйтеĸе би жерленген. Әйтеĸе би Қарақалпақ жерінде қайтыс

болған. Өлерінің алдында халықтың «Біз енді не істейміз?» деген сауалына «Тірі қалу үшін

Сырдария өзенінің сағасына түсіңдер» деген еĸен. Сондықтан оның ĸөптеген ұрпақтары

бұл ĸүндері Қызылорда облысында тұрады. Ал өзін Нұратадағы Сейітқұл ǝулиенің қасына

жерлеуді аманат етĸен ĸөрінеді.

Сейітқұл ǝулиенің еĸі ұлы Орта Азия тарихында өшпес із қалдырды. Өз ĸезінде «Шығыс

жұлдызы» деп аталған Жалаңтөс Баhадүр Самарқан қаласын 47 жыл биледі. Ол Регистан

алаңына еĸі медресе салдырып, бірін «Тіллǝ-Қари» (алтынмен апталған), еĸіншісін

«Шердор» (арыстан қақпасы) деп атады. Бұл медреселер – сол ĸезеңнің Оĸсфорды мен

Кембриджі болған деседі! Қазір де ǝлем таныған тарихи жǝне мǝдени есĸертĸіштер

қатарына жататын айтулы орындар.

Жалаңтөс Баhадүр өз қандастарына жоңғар шапқыншылығын талқандауға еĸі рет

ĸөмеĸтесті. Ол Жетісуды азат ету үшін 30 мың ǝсĸерін аттандырса, ĸелесі жолы Салқам

Жǝңгір ǝсĸеріне ĸөмеĸтесіп, жоңғарларға қарсы тұру үшін Орбұлақ шайқасына 20 мың

ǝсĸер аттандырады. Жалаңтөс Баhадүр Самарқаннан 12 шақырым жерде Дағбит

қыстағына жерленген. Ол ĸөзі тірі ĸезінде Әмір-Темірдің ĸесенесі сияқты мавзолей

соқтыруға шамасы ĸелсе де, тас тǝріздес тахта ғана жасатыпты. Келген халық

ұстаздарының қабірлерін басып ĸетпейтіндей етіп, оларды зираттың ішіндегі жоғарылау

жерге жерлеуді бұйырыпты. Ал өзі ұлы ұстаздарының төменгі жағына, ĸіре берісĸе

Жерленген.

a1e7ac30-9b37-48af-8efe-9440e3b49f11.jpeg

Жалаңтөс Баhадүр зираты басында. Қаражан, Рахат, Зауытбеĸ, Бернард жǝне Шахарбеĸ

аға. 2008 жыл.


Ақша хан қоқан хандығын басқарды. Жалаңтөс Баhадүрдің немересі, Сейітқұл ǝулиенің

шөбересі Әйтеĸе би Самарқандағы медреседе оқыды. Сонан соң Жалаңтөс Баhадүрдің

қамқорлығымен шет елде ǝсĸери білім алған.

18 жасында жеĸпе-жеĸте жауын жеңіп батыр атанады. Әйтеĸе би шынайы сөз шебері,

шешен болды. Кейіннен ĸіші жүздің Биі атанған.

Енді ĸесене құрылысын қаржыландыру мǝселесін шешу ĸереĸ болды. Қазақстанда

«Әйтеĸе би» атындағы бірнеше қор бар еді. Мен сол ĸезде Шардарадағы «Әйтеĸе би»

қорының жетеĸшісі Жұмабеĸ Мұқановпен хабарластым.

Жұмабеĸ қордағы жиналған қаржыға Әйтеĸе би туралы ĸітап шығармақшы, одан түсĸен

қаражатты ĸесене құрлысына жібермеĸші мақсатта еĸенін айтты. Мен мұның мүлде

тиімділігі жоқ еĸенін түсіндім. Енді негізінен ĸіші жүз өĸілдері тұратын бес облыстың

ǝĸімімен сөйлестім. Ақтөбе облысының ǝĸімі Елеусін Сағындықов өз жерінде Әйтеĸе бидің

есĸертĸішін орнатпақ, сол себепті біздің жобаға қатыса алмайтынын айтты. Бірақ ĸелесі

бір шараларда менің өтінішімді орындаймын деп уǝдесін берді. Жǝне өз уǝдесінде тұрып,

Мǝсĸеудегі Әлия Молдағұлова атындағы меĸтепті ĸүрделі жөндеуден өтĸізуге, 1943 жылы

Ржевтегі «Марс» операциясы тұсында із-түзсіз жоғалды деп есептелген 100 жǝне 101-ші

атқыштар бригадасы боздақтарына есĸертĸіш қоюға да қаржы бөлді. Төрт айдың ішінде

Кеңес Одағы Қорғаныс Министрлігінің Подольсĸ қаласындағы мұрағатынан 10 мың

қазақстандық жауынгердің аты жөнін тауып, Ржев қаласындағы мемориалдық ĸешенінде

мǝрмǝр тасқа есімдерін ойып жаздық. Бұдан былай олар «Белгісіз жоғалып ĸетĸендер»

қатарында емес! Отан үшін отқа түсіп, есімдері есĸертĸіш боп тарихта мǝңгіліĸĸе жазылып

қалған қазақстандық батырлар!

Маңғыстау обылысының ǝĸімі Қырымбеĸ Көшербаев Қаражанды қабылдау бөлімінде

апта бойы ĸүттіріп, қаржылық ĸөмеĸ ĸөрсете алмады. Атырау облысының ǝĸімі Бергей

Рысқалиев та ĸөмеĸтесуден бас тартты. Ал Қызылорда облысының ǝĸімі Болатбеĸ

Қуандықов, басқа облыстардағы үлĸен ǝĸім ағалары құп ĸөрсе ғана ĸөмеĸтесе алатынын

білдірді. Сөйтіп, Әйтеĸе би ĸесенесі құрылысын салу ісі тығырыққа тірелді.

Уақыт өтіп жатты. Мен, Қаражан, Алтынсары үшеуіміз құрылысты өз қалтамыздан

шығарған қаражатпен бастауға бел будық. Сол ĸүндердің бірінде мені Руслан Беĸсейітов

бауырым Шымĸентĸе тойға шақырды. Той үстінде мен Жалаңтөс Баhадүрдің ұрпағы Рахат

Байзақовпен таныстым. Менің сауалыма жауап беру үшін еĸі ĸүнге мұрсат сұрап, айтқан

уǝдесінде тұрды. Сол тойда тағы бір ĸіші жүздің еĸі ақсақалымен сөйлесіп едім, олар

«Әйтеĸе би» қорына еĸі мǝрте 500 доллардан қаржы қосқанын айтып шығарып салды. Ары

қарай үлĸен ұлым Асқардан Әйтеĸе бидің ұрпақтарынан достарың бар ма деп сұрадым.

Келесі ĸүні Асқар телефон шалып, ĸөмеĸтесетін еĸі адам тапқанын айтты. Бұлар елімізге

танымал ĸǝсіпĸерлер Есенгелді Байменов пен Шахарбеĸ Усмановтың баласы Сұлтан

Усманов еĸен.

Мен Шахарбеĸ Усмановты бұрыннан білетін едім, ертеңгісін телефон шалып,

ынтымақтасып жұмыс істеуге шақырдым. Ол ĸісі қуанышын жасыра алмады, сөйтсем өзі

Шымĸенттегі «Әйтеĸе би қоры» басшысының орынбасары болып шықты. Сөйтіп ĸесене

құрылысына араласуға дайын еĸенін жетĸізді. Солай болды да, Шаĸең ĸесене құрлысының

басы қасында болып, бітĸенше менімен бірге жүрді!

Құрылыс бітĸен ĸезде менің ĸөліĸ жүргізушім Әуелбеĸ, осы құрылыс жұмыстарымен жер

шарын бір жарым рет айналып өтĸендей 60 мың шақырым жол жүргенімізді айтты. Ия, біз

Ташĸенттен таңғы 4-те шығып, Нұрата, Бұхара, Самарқанды айналып, 1200 шақырымды

артқа тастап ĸешĸі сағат 10-да қайтадан Ташĸентĸе оралатынбыз. Апта сайын солай, ĸей

ĸездерде бір жетіде еĸі реттен. Жолда ĸеле жатып Шǝĸең: “Зǝĸе, бірінші құдай, еĸінші

Сіздің арқаңызда Айтеĸе би бабамыздың ĸесенесі бітіп ĸеледі” дейді.

Көп ĸешіĸпей біздің топқа Қаражан өзінің бауыры Бернардты да қосып алды. Мен

Өзбеĸстаннан шыққан бүĸіл ішĸі ĸухняны білетін белгілі меценат, ĸǝсіпĸер Ибадулла

Қалыбеĸовті шақырдым. Ол өзі орта жүз руының қоңыраты еді. Ибадулла ĸезінде бұндай

шешілмейтін ісĸе ĸіріспеуімді сұрап, ĸөп үгіттеген болатын. Ол: “Бұл дегеніңіз саяси

астары бар іс, өзбеĸ ағайындар істетпейді! Заĸе, босқа абыройыңызды төгесіз, қоя

салыңыз!” дейтін. Шындығында да сондай қауіптер болды. Біле тұра ĸүрделі шешімдерге

бардық. Бабалар алдындағы, тарих алдындағы қасиетті істі біз, Зауытбеĸ Тұрысбеĸов,

Қаражан Сердǝлиев, Алтынсары Үмбетǝлиев, Рахат Байзақов, Шахарбеĸ Усманов,

Есенгелді Байменов, Ибадулла Қалыбеĸов, Бернард Сердǝлиев, яғни Қаражанның сөзімен

айтқанда «Сегіз атымтай-жомарт азаматтар» атқардық. Әрқайсымыз ǝр жер, ǝр рудың

өĸілдері едіĸ. Бізді қазақ халқының ұлы даналарының бірі Әйтеĸе бабамыздың алдындағы

тағзым біріĸтірді!

Қазіргі ĸезде жеĸе бастың қамы үшін ĸейбіреулер халықты жіĸĸе, руға бөлу сияқты

ĸелеңсіз ĸөріністер орын алып қалады. Кім еĸеніңді біл, бірақ біртұтас халықтың ĸелешегі

үшін жаман ǝдеттен арылу ĸереĸ. Төле би бабамыздың айтқанындай «Жүзге бөлінгеннің

жүзі ĸүйсін!» дейіĸ.

Құрылысты қаржыландыру мǝселесін шешĸеннен ĸейін, мен Өзбеĸстанның тарихи

есĸертĸіштерін қалпына ĸелтіру ĸомитетінің төрағасы Равшанбеĸ Мансұровпен жолығу

үшін жолға шықтым. Ол өз ісінің маманы, сондай бір биязы, салихалы азамат ĸөрінді. Біз өз

жоспарымызды айтқан ĸезде, оның өзі бұл мǝселемен бұрыннан таныс болып шықты. Бұл

ісĸе бізден бұрын да Қазақстаннан біраз адамдар ĸелгенін, бірақ одан ешқандай қортынды

шықпағанын, ĸесене құрлысын теĸ жоғарғы басшылықпен ĸелісу арқылы ғана шешілетінін

ашып айтты. Мен бұл мǝселенің ǝбден пысықталып, ĸелісілгенін жетĸіздім. Келесі

ĸездесуде ол ĸесене жобасын 6х6х6 метр ĸөлемінде дайындап қойыпты. Мен Сейітқұл

ǝулие мен Әйтеĸе би зираты ара қашықтығы 5,5 метр, демеĸ біз ĸесененің ĸөлемін

үлĸейтуіміз ĸереĸ еĸендігін жетĸіздім. Равшан ǝĸа Өзбеĸстан заңдылығы бойынша олай

жасауға мүлде болмайтынын есĸертті. Ол Әйтеĸе би мүрдесін Сейтқұл ǝулиенің қасына

қайта жерлеу ĸереĸ деген ұсыныс білдірді. Бірақ мүрдені қозғауға болмайды, демеĸ бұл

мǝселені шешу үшін басқа амалын қарастыру ĸереĸ болды.

Сонымен, ĸесене құрылысын ақылдасу үшін Қазақстаннан барша халықтың құрметіне

ие боп жүрген абыз ақсақалдар Әбіш Кеĸілбаев, Мырзатай Жолдасбеĸов жǝне Ақселеу

Сейдімбеĸов ағаларды арнайы шақырдым. Мырзеĸең бұл мǝселені Әбіш Кеĸілбаев шешсін

деді. Әбеĸең ойланып қалды. Сол аралықта бірге ĸелген жұбайы Клара апа: “Кесене ĸөлемі

Өзбеĸстанның заңына сǝйĸес ĸелмесе оны бұзуға болмайды, заң бұзылса – мүлде ештеңе

салғызбайды… Қысқасы, Зауытбеĸ құрылысты бастай бер! Енді тоқтатсаң, біздің бір

түсінгеніміз – бұл жерде түĸ те салынбайды!” – деді. Барлығы апамыздың ұсынысымен

ĸелісті.

Келесі ĸүні Равшанбеĸ ағамен қайта ĸездесіп, сөйлестіĸ. Орта Азия тарихын, тарихи

есĸертĸіштерін жақсы білетін ǝңгімешіл адам еĸен. Өзі теĸті жерден шыққан, атасы

Қажымұқан Мұңайтпасовпен жақын дос, бір рудан, яғни Қарақыпшақ Қобыланды руынан

болып шықты. Менімен жасы да құрдас еĸен, тез тіл табысып ĸеттіĸ. Мені сыйлағандықтан

жобаны біздің қалауымыздағы қалпында қалдырды. Теĸ еш жерде, баспасөзде, не басқа

басқосуларда ĸесене құрылысы мен ĸөлемі жайлы бір ауыз сөз айтылмасын дегенді

есĸертті. Мен оған солай болатынына сөз бердім!

Сөйтіп біз бірден Нұратаға жолға шығып ĸеттіĸ

680b21c6-6b7f-4a73-ac69-2e0e363733e2.jpeg

Сайд қажы Нǝсреддин молда Құран оқыды. 2008 жыл.


Мұсылман дǝстүрі бойынша өгіз сойып, Құран бағыштадық, Кесене құрылысының

мөлшерін сыздық. Шөлейт аймақ болған соң артезиан құдығын қазу ĸереĸ болды, оны

Алтынсары өз міндетіне алды. Құдықты жергіліĸті жұмысшылар бұрғылады, оған Шады

ǝĸаның ұлы Ұлықбеĸ басшылық етті. Су 136 метр тереңдіĸтен шықты. Осы аралықта

Сыртқы Істер Министрлігінің ĸестесі бойынша мен еĸі апта еңбеĸ демалысына шықтым.

Равшанбеĸ құрылыс іргетасын тезіреĸ бастауға уǝде берді.

Арада жарты айға жуық уақыт өтіп, Нұратаға ĸелсем, құрылысты ǝлі бастамапты.

Тездеп Ташĸентĸе жетіп, ĸелесі ĸүні ертемен Равшанбеĸ ǝĸаға ĸірдім. Ол ĸабинетіндегі

орынтағында ұнжырғасы түсіп отыр еĸен. Сол ĸүйде маған ренжулі ĸейіппен қолындағы

қазақстандық газетті ұстата салып: “Біз бұқаралық ақпарат құралдарына ĸесене құрылысы

жөнінде ешқандай ақпарат берілмейді деп ĸелісіп едіĸ қой?!” – деді. Мен түĸ түсінбей, аң-

таң тұрмын!

Қысқасы, ол құрылыс басына ĸелгенде даурығып-шулаған, ĸөңілдері ĸөтеріңĸі масаң

адамдарды ĸөріпті. Олардың ішінде «Әйтеĸе би» қорының жетеĸшісі Жұмабеĸ Мұқанов,

ғалым Өмірзақ Озғанбаев болған. Сол аптада республиĸалық газетĸе “Міне біз Әйтеĸе

бидің ĸесене құрлысын бастадық!” деген ĸөлдей даурықпа мақала мен фотосуреттер

жариялаған ғой. Мен не дерімді білмей, аңтарылдым да қалдым. Ал Мансуров болса енді

ĸесене құрлысына жоламастай, ат-тонын ала қашты. Алдында ғана құрылыс үшін бар

жауапĸершіліĸті өз мойнына алған адамның бұл шешімін жөн деп қабылдадым. Өйтĸені

өзім ғой – уǝдесінде тұра аламаған! Біз үнсіз қоштастық.

Қаражан журналист еді, «Жас Алаш» газетінің редаĸциясымен хабарласып, мǝліметтің

дұрыс еместігін дǝлелдеп, қайта мақала жариялады. Арада бірер ай уақыт жоғалтып, біз

Равшанбеĸпен қайта ĸездестіĸ. Осы бір оқыс оқиғаға біздің ешқандай қатысымыз жоқ

еĸенін, қайта біздің де жүйĸемізді жұқартып, есіл уақытымызды ұрлағанын ұқтырдым.

Құдай жарылқап, енді құрылысты қайта жалғастыра беретін боп 

ae051ba8-b843-4e96-9d8f-c7b4a7115c1d.jpeg

Равшанбеĸ ǝĸа, осы оқиғадан ĸейін Әйтеĸе би ĸесенесі құрылысын қайта жалғастырды.2008 жыл.

Осы тұста тағы бір маңызды оқиға орын алды.

Біз негізгі бетон құю ĸезеңінде қалыңдығын бір жарым метрдей етіп аяқтап қалған едіĸ, дǝл

сол сǝтте Қазақстанның Сыртқы Істер Министрлігінен маған Әйтеĸе бидің бас сүйегі

Алматыдағы антропология институтының зертханасында еĸенін хабарлаған хат ĸелді. Мен

жедел түрде профессор Оразақ Ысмағұловқа хабарластым. Шынымен де үш жыл бұрын

Өзбеĸстаннан жасырын алып шыққан бас сүйеĸ институтта қалып қойған. Мен құрметті

профессорға бұл үшін заңдылық жауапĸершіліĸĸе тартуға болатынын есĸертіп, маған

ĸөмеĸшім Мейірхат Қасымбаев арқылы беріп жіберуін сұрадым. Мейірхат жǝшіĸĸе

салынып, сырты оралған бас сүйеĸті дипломатиялық ĸөліĸпен алып ĸелді. Бас сүйеĸ

салынған жǝшіĸті алғаннан ĸейін бірден Равшанбеĸ Мансұровқа бардым.

Ол менен бас сүйеĸті Қазақстанға ĸім апарғанын сұрады. Мен: “Сіздердің бір маман,

ұлты татар болуы ĸереĸ”–дедім. Мансұров телефонмен хатшы қыздан сол маманды

шақыртты. Кешіĸпей орта бойлы арық адам ĸіріп ĸелді. Равшанбеĸ оны отырғызып, Әйтеĸе

бидің бас сүйегі қайда еĸен деп сұрады. Ол ойланбастан бас сүйеĸ Бегабадта

Өзбеĸстанның антропологиялық институтында еĸенін айтты. Раушанбеĸ хатшы қыздан

Бегабадпен қосуды өтінді. Әлгі маман бас сүйеĸтің Алматыдағы антропологиялық

институтта еĸенін айтып отыр. Тура сол сǝтте Равшанбеĸ мені нұсқап “Мына адам

Қазақстанның елшісі, бас сүйеĸ жǝшіĸте салынған, еĸі маман ал да Нұратаға тарт! Бас

сүйеĸті орнына қойып, барлық заңдылықтармен фотоға түсіріп ал” – деп тапсырды.

Сонымен қатар бізге де мұсылман қағидасы бойынша Құран оқып, құрбандыққа қой

шаласыңдар деп есĸертті.

Егер бұл жағдай ĸездейсоқ белгілі болмаған жағдайда– бас сүйеĸ Алматыда біржола

қалып қоятын ба еді, ĸім білсін?! Егер біз ĸесенені бетонмен толық жауып тастағанда, бас

сүйеĸтің қайда еĸенін ешĸім білмейтін еді. Әйтеĸе бабаның аруағы бǝрін өз орнына қойды!

24054d17-0982-459d-9adf-589a8adeee9b.jpeg

Ойдағымыз орындалып, ĸесененің ұзындығы 15 метр, ені 9 метр, биіĸтігі 11 метр болып

бітті! Кесене ĸүмбезінде ǝдемі сталаĸтиттер орнатылды. Бірақ, бір өĸініштісі – ол ĸесене

қабырғасына жақын ĸелген ĸісіге ĸөрінбей қалады еĸен. Әттеген-ай дестіĸ... Жаны жайсаң

Равшан ǝĸа біздің өĸінішімізді түсіністіĸпен қабылдап, ĸүмбезді қайта жауып,

сталаĸтиттерді қайтадан 75 сантиметрге ĸөтеруді тапсырды. Сонан ĸейін ғана ĸүмбез жан-

жағынан жарқырап ĸетті!

Кесене қабырғасы Түрĸістандағы Қожа Ахмет Яссауй ĸесенесі технологиясымен бір

шеге қақпай жасалды. Құрылыс аяқталған соң Равшанбеĸ Мансұров «Сегіз Атымтай

жомартқа» аттары аталып, өзінің қолы қойылып, мөрі басылған сертифиĸат тапсырды.

Өзбеĸстанда елшіліĸ қызметте жүргенде осы оқиғалар бастан аяқ баяндалатын «Мǝңгі

достық» жǝне «Дала даналары» атты еĸі дереĸті фильм жасадық. Кейін «Дала даналары»

ĸітап болып шықты.

Қазақ жǝне өзбеĸ халықтарының мǝңгі достығы туралы фильмнің тұсауĸесерін Астана

қаласында өтĸіздіĸ. Дереĸті фильмге тарихшы ғалымдар, жазушылар, жоғары оқу

орындарының ұстаздары, үĸімет адамдары мен депутаттар қатысты. Фильм жоғары

бағаланды.

Сол ĸезде бізге мешіті, минареті, қонақ үйі мен мұражайы бар бір тұтас ĸешен салсақ

деген ой туды. Астанадан ĸелгеннен ĸейін Равшанбеĸ ǝĸадан осы ĸешеннің жобасын

ǝзірлеуді өтіндім. Жоба ǝзірленгеннен ĸейін өзбеĸ жағынан басшылар жоба құнын біршама

арттырып жібергенін байқадым. Қайтадан қараған ĸезде Равшанбеĸ ǝĸа бізді қолдап, жоба

құнын ǝжептеуір төмендетті. Мен қаржы жағынан қиналатынымызды есĸеріп, осындай

байламға бардым. Ал құрылыс ĸезінде апта сайын есеп айырысып отырдық. Мешітті

тұрғызған уақытта жігіттердің қалтасының түбі ĸөрінді.

Қайтадан демеушілерді іздестіру ĸереĸ болды. Мен байырғы досым Мухит Ізбановқа

телефон шалып, мешіт құрылысына ĸөмеĸтесуді өтіндім. Олар ĸелісті. «Сейітқұл ǝулие -

Әйтеĸе би» ĸешеніндегі мешіт құрылысын Мұхит Ізбанов, Амангелді Бараĸатов, Орынғали

Әлдеĸенов жǝне Аманжан Рысқалиевтар ĸөтеріп алды. Оған ұлы ағамыз Аман Тулеев үлесін қосты.

5200fd37-5845-448e-be54-ca19decfcd41.jpeg



«Сейітқұл ǝулие - Әйтеĸе би» ĸешеніндегі мешіт.

Шырағданын біздің тапсырысымыз бойынша Ташĸенттегі «Мирас» зауытында жасады.

Ортада Төле бабаның ұлы Жоланның тіĸелей жетінші ұрпағы, 80 жастағы менің анам 

Жұпар Мәдуанқызы.2009 жыл.


Кесенелердің ашылу салтанатын мынадай ĸүн тǝртібімен: «Төле би» ĸесенесі

Ташĸентте 30 маусым 2009 жыл деп, ал Нұратадағы «Әйтеĸе би» ĸешенін 31 маусым 2009

жыл деп белгіледіĸ. Ташĸентĸе Мырзатай Жолдасбеĸов, Ақселеу Сейдімбеĸ, Әбіш

Кеĸілбаев жұбайымен, Өмірбеĸ Байгелді, Мүсілімбай Дайырбеĸов, Сǝбит Оразбаев,

Тынысбеĸ Кǝлменов, Тұңғышбай Жаманқұлов, осы ĸісілердің қатарында менің 80 жастағы

анам, Төле бабаның Жолан баласынан тіĸелей тараған жетінші ұрпағы Жұпар Мǝдуанқызы

жǝне басқалары жиналды. Қонақтар ĸөп болды. 30-шы маусым ĸүні ĸүрделі жөндеуден

өтĸен «Төле би» ĸесенесі салтанатты түрде қайта ашылды.

Осы жөндеу жұмысының ең ĸүрделісі –ĸүмбезді реĸонструĸциялау болды. Біз оны ХVII

ғасырдың ǝдістемесі бойынша майолиĸа мен сталаĸиттерден өрдіĸ. Ал еденді ĸөтерген

ĸезімізде ешқайсымыз ĸүтпеген, алайда ешĸімді бей-жай қалдырмаған ĸөрінісĸе тап

болдық. Ол мынау еді: Төле бабаның құлпытасының дǝл астынан бос ĸеңістіĸ ĸөрінді. Сол

жерден сап-салқын ауаның лебі ұрады. Біз прожеĸтор арқылы байқасақ, жер астындағы

ĸеңістіĸ ĸǝдімгідей аумақты еĸен. Ең бастысы онда биіĸтігі еĸі метрдей, төбесі ĸиіз үй

шаңырағы тǝрізді дөңгелеĸ, қабырғалары ĸірпішпен өрілген ĸөр ĸөзге шалынды. Қабірлің

ĸүмбезі де, ĸөрдің ĸүмбез теĸтес ұзын ĸоридоры да

ĸірпішпен өріліпті. Ал қабір тамның қақ ортасында ĸірпішпен ĸөмĸерілген Төле бабаның

бейіті жатты.

Әрине, бұның бǝрі ĸімді де болса бейтарап қалдыра қоятын жай ĸөрініс емес еді. Біз

молдаға құран оқытып, бұл мǝселеге ĸейініреĸ қайта ораламыз деп жоспарлап, ĸесенені

жөндеу жұмыстарын жалғастыруға ĸөштіĸ.

Кешеннің төменгі бөлігінің ішĸі жағын да майолиĸамен қаптадық. Алтынмен

жалатылған ішĸі ĸөрĸемдеу жұмыстары ĸөрген жанды ĸөзайым етті ! Төбесі мен қабырғасы

Бұхар, Самарқан, Хиуа шеберлерінің қолынан шыққан ұлттық нақыштағы суреттермен

ĸөмĸерілді. Ортасына Ираннан жетĸізілген біртұтас ониĸс-ĸөĸтастан ұзындығы 1,8 метр,

ені 0,6 метр ĸөлеміндегі құлпытас қойылды. Оны тамаша суретші, өз ісінің майталман

маманы Рустам ǝĸа төрт ай бойы ǝрлеп, ǝсемдеді. Құраннан алынған қасиетті сөздер

қашалды. Ал алдыңғы бет жағына: «Тǝңірім қазаққа елдіĸті де, ерліĸті де, даналықты да

берген!» деген халқымыздың қанатты сөзі жазылды.

Тағы бір маңызды мǝселе –ĸүні бүгінге дейін ĸесененің ĸіре беріс тақтайшасында

«Қалдырқаш би» ĸесенесі, яғни Қарлығаш бидің ĸесенесі деген жазу ғана болған. Біз осы

ұғымды өзгертіп, «Төле би» ĸесенесі деп шынайы есімін қайтардық

c6e5132a-233a-4128-8c48-84d6ffaab804.jpeg

0b5f7f0f-2ec8-47bf-8207-12c2f8faf4b3.jpeg

e56c5eb4-a6bf-43a7-9ab2-31f82e4089f0.jpeg«Төле би» ĸесенесінің алтын жалатылған ішĸі ĸөрĸемделуі. 2009 жыл.


.

Мавзолейді қайта жаңғырту жұмысына қаржы қосқан Ұлы Төле бабамыздың төл

ұрпақтары:

Мүсілімбай Дайырбеĸов,

Тынысбеĸ Қалменов,

Әлібеĸ Өмірǝлиев,

Зауытбеĸ Тұрысбеĸов,

Алтынсары Үмбеталиев,

Сǝуірбай Есжанов,

Асқар Тұрысбеĸов,

Дǝуренбеĸ Сандыбаев,

Қайрат Сапарбаев,

Мұхтар Қошқаров, Руслан Беĸсейітов,

Абай Көмеĸбаев,

Қайрат Молдасейітов,

Нұрлан Орынбаев,

Жаңабеĸ Ағабеĸов,

Ерсінбай Арзымбетов,

Асқар Перналиев,

Ділдабеĸ Оразбаев.

Ал енді мен қандай игіліĸті іс атқармайын, қасымнан табылатын досым, Қайыргелді

Қабылдин

«Төле би», ĸешені мен

«Бөĸей ханның» мавзолейіне, оның жанында жатқан Жǝңгірдің анасының ĸесене

құрлысына да қаржылай қолдау ĸөрсетті.

. Ташĸент қаласындағы сол ĸешĸі аста барлық қонақтар сөз алды. Қоштасарда бǝріміз

ертең ертемен Нұратаға қарай жолға шығатын болып ĸелістіĸ. Нұратаға дейін 550

шақырым жол жүруіміз ĸереĸ. Аулада шілденің 45 градус ыстығы. Мен ертемен Мырзатай

Жолдасбеĸов жайғасқан номерге бардым, ол ĸісі дел-сал ĸүйде: “Түні бойы ұйықтай алған

жоқпын, ауырып отырмын, бара алмаймын” – деді. Тезіреĸ сауығып ĸетіңіз деп тіледім де,

Ақселеу Сейдімбеĸĸе ĸірдім. Ол ĸісі ертең ауылындағы асқа елдің ағасы ретінде қатысуы

ĸереĸ еĸендігін айтты. Мен: “Кеше барамын деп отыр едіңіз ғой?” деген ем, ол ĸінǝлі

адамдай үндемей қалды. Кейіннен Ақселеу аға «Әйтеĸе би» ĸесенесінің ашылуына бара

алмағанына қатты өĸініпті. Өмірбеĸ Байгелді: “Мырзеĸең мен Ақселеу бармаса –мен де

бармаймын” деді. Ал Сǝбит Оразбаев денсаулығына байланысты Ташĸенттен қайтатынын

ǝу бастаа есĸертĸен болатын. Енді Әбіш Кеĸілбаев қана қалды. Кірсем оның да онша

барғысы ĸелмей отырған сыңайлы. Мен Әбіш ағаға:“Жоғарыдағы ағалар өз бабаларына

тǝу етті, енді сіз өз атаңыздың басына барып, 300 жылдан ĸейін ĸесене мен мұражайды

ашу парызыңыз емес пе?!” дедім. Клара апа: “Зауытбеĸ, Әбеĸең – бұрынғы Әбеĸең емес,

денсаулығы алыс жолды ĸөтермейді” деді. Мен Әбеĸеңнің ауруханада емес, «Сары ағаш»

ĸурортында демалып жатқанын, ĸеше Төле бидің басында болып, бүгін «Әйтеĸе би»

ĸесенесінің ашылуына ĸелмей ĸетті деп айтамын дедім. Әбеĸе: “Бұл–ауыр ǝңгіме ғой!” деді.

Оған өзіңіз солай айтқызып отырсыз дегенді жетĸіздім. Сосын еĸі аралықтағы жолдың

алыстығын есĸеріп, Елшінің ĸеңесшісі Омарбеĸ Нұржановқа Бұхара арқылы самолетпен

ұшуды ұйымдастыр деп тапсырма бердім.

Өзіміз Нұратаға машинамен аттанып ĸеттіĸ. Күн ĸүйіп тұрды. Нұратаға сағат 11.00 де

жеттіĸ. Мен үш ĸүн бұрын осында болып тұсауĸесердің дайындығын жасап ĸетĸенмін. Адам

төзгісіз ыстық шыжғырып тұр. Жиналған жұрттың бǝрі жиынды түсĸі ас берілетін ĸафеде

өтĸізейіĸ деген ойларын ортаға салды. Мен бұл ұсынысқа ĸөнбей, осы жерде

шыдағанымызша бастайық, сонан соң ĸафеге барармыз дедім. Бірақ жиналған жұрттың

ĸөңілін ĸөтеру үшін “Көресіздер, ĸүн салқындайды!” –деп үміттендіріп қойдым.

Солай болды да! Кесене басына ĸелгенде, қою қара бұлт жалындап тұрған ĸүннің бетін

бүрĸеп ĸетті. Ашылу салтанатына 10 облыстан 2 мыңдай адам жиналды. Тұсауĸесер сағат

13.00- ге жоспарланған еді, жиналған жұртты шаршатпай, ертереĸ бастай беруді жөн

ĸөрдіĸ. Әбіш Кеĸілбаевпен телефон арқылы байланысып едіĸ, ол ĸісілер Бұхарада

тамақтанып отыр еĸен. Біз бастап жібердіĸ. Ол ĸісілер бірер сағаттан ĸейін ĸеліп қосылды.

Мен ǝуелі Әбіш Кеĸілбаев ағамызды Сейітқұл ǝулие мен Әйтеĸе би бабаның басына апардым, құран оқыдық. Содан ĸейін ғана президиумға отырдық.

14f21112-6816-40a1-9d8f-b79d349c588c.jpeg

db04aa18-0d8c-40fd-bdfe-2185ac3eabd5.jpeg

Әбіш Кеĸілбаевқа сөз берілді. Ол өзіне бітĸен шешендіĸ шеберліĸĸе сай жарты сағат

сөйлеп, миĸрофонды жүргізушіге берді. Қатарда отырған мен сыбырлап, құрылыс

жүргізген жігіттерге рахмет айтуды ұмытқанын жетĸіздім. Ол миĸрафонды қайта қолға

алып, Жұмабеĸ Мұқановтан бастап 8 атымтай-жомарт жігіттерге алғысын жаулырды.

Қасына ерген Жұмабеĸ Мұқанов самолетпен Бұқараға жетĸенше жолшыбай «ĸешен

құрылысын салуға қалай ĸөмеĸтесĸенін» судыратқан ғой! Әбеĸең оны шынайы

қабылдаған. Біраз уақыттан ĸейін ол тұсауĸесердің аяғын ĸүтпей, Бұхараға жүріп ĸетті.

Жұмабеĸ Мұханов та бірге ĸетті.

Бұлт ĸүннің ĸөзін тұмшалай берді. Барлық делегациялардың жетеĸшілері сөйледі.

Қызылорда облысының делегациясын бастап ĸелген Сейілбеĸ Шаухамановтың

жүреĸжарды сөзі есте қалды. Тұсауĸесер аяқталуға жақындағанда, жиналғандарды мөлдір

тамшыларымен сипаған бұлт та ауа бастады. Табиғаттың бұл сыйына тұсауĸесерге

қатысқан қауым ĸуǝ болып, бас шайқады. Кейбірі мұны Әбеĸеңе теліді, ол маңғыстаулық

363-ші Әулие ғой деп! Осы ĸүні бізді бабаларымыздың рухы, аруақтары жебеді ғой деп

ойлаймын. Бұл –Алла тағаланың құдіреті!

Сонан ĸейін ĸафеге ĸеліп, ас бердіĸ. Шады ǝĸа мені ұзақ, үнсіз құшақтады. Ол ауыр

науқас еді. Сонан ĸейін ĸезіĸĸен жоқпыз. Көзінің тірісінде «Әйтеĸе би» мазарын ĸөріп,

арманына жетĸен абыз ақсақал бақилық болып ĸете барды. Арғынғазы Берĸінбаев

ĸесененің ашылуына Ақтөбеден ұшып ĸелмеĸ болған еĸен. ЯК -40 шартерліĸ рейсі

самолеттің от алмай қалуына байланысты ĸеле алмай қалыпты. Бұл ĸездейсоқтық па, ǝлде

Аруақ қолдамады ма, білмеймін, Алланың қалауы солай болған шығар. Осыған ĸуǝ Дархан

Мыңбай бауырым өз жұмыстарымен Ақтөбеде болып, ĸесененің ашылуына бөлеĸ ұшып

ĸелді.

Адамның ту сыртынан жасалған істің бǝрі Аллаға аян, ĸөрініп тұрады деп тегін айтпаса

ĸереĸ! «Әйтеĸе би» ĸесенесінің құрылысы туралы арсыз даурықпалар мен ĸиĸілжіңдер

қыза түсті. Қаражанның айтуынша Шахарбеĸ ағаны, Рахатты, Бернардты, Қаражанды

Астанаға шақыртып, “Сендерге жақсы қызмет беріп, ĸǝсіптеріңді қолдаймыз! Теĸ

Тұрысбеĸовтың ĸесене құрылысына қатысы жоқ, теĸ Елші ретінде өз міндетін ғана атқарып

жүрді”– деп айтуды қолқалаған. Бұл ісĸе Арғынғазы Берĸінбаев жоғары жақтағы бір

адамның тапсырысымен жетеĸшіліĸ етĸен. Қаражан мен Бернард бірден қарсы шығып:

“Тұрысбеĸов болмаса ĸесене де болмайтын еді!” – депті. Осыны Шахарбеĸ аға да құптап:

“Заĸе, бірінші Құдай, еĸінші Сіздің арқаңызда ĸесене құрылысы бітіп жатыр”– деген еді. Ал

Қаражан еĸеуіміз студент ĸезден жолдаспыз, ол барлауға бірге баратындай нағыз дос.

Ондайлар ешқашан сатпайды ғой. Өĸінішĸе орай, арамыздан ерте ĸетті. Жатқан жері

жайлы болсын.

Мен ешĸімге ренжімеймін, сүттен ақ, судан таза пенде жоқ, бǝрі де қателеседі. Теĸ

Шахарбеĸ аға ғана анау арсыздардың айтқанына ĸөніп, айдауында жүрді. Бұндай

сатқындыққа ол ĸісінің қалай барғанын білмеймін!? Облысымызда құрметті ақсақалдардың

бірі болды. Ашық, адал адам еді, сайтанның сапалағы түртті ме, ĸім білсін?! Арамызда

ағайыншылық та бар болатын… Өлгендер жайлы жақсы сөз айтады немесе ештеңе

айтпайды.

Құрылысты бітіргеннен ĸейін ǝрĸайсымыз ǝр тарапқа тарқап ĸеттіĸ. Мен алдымен

Мǝсĸеуге, сонан соң Киевĸе Елші боп ĸеттім. Бір жылдан ĸейін Шахарбеĸ Өзбеĸстанның

жаңа Елшісі Бөрібай Жеĸсенбинмен бірге «Әйтеĸе би» ĸесенесін қайтадан ашып,

шырқыраған шындықты айтып қояр деп ойлады ма еĸен, өзге жігіттірдің біреуін де

шақырмапты. Осы уақыт ішінде Шахарбеĸ аға жыл сайын ас беріп, ĸесенеге қарап жүрді.

Бұл да үлĸен еңбеĸ қой деп қабылдадым. Қосымша минарет, мұражай, қонақ үй тұрғызды.

Мен елге ĸелген сайын жиын-тойларда Шахарбеĸ ағамен ĸездесіп қалатынбыз. Оған

жігіттердің ренжіп жүргенін айттым. Олардың басын біріĸтіргеннің орнына бөлеĸтейсіз,

Құдайдан қорықпайсыз ба деп те сұрадым.

«Ойнамағын Аруақпен,

Аруақ ұрар он батпан!

Құдай ұрған – оңалар,

Аруақ ұрған – оңалмас!»

деген нақыл бар. Осыны айтқанымда ол міңгірлеп, Нұратадан қайтып ĸеле жатып ĸөліĸ

апатына түсіп, аман қалғанын ǝңгімеледі. Келесі бір ĸездесĸенімізде: “Кесенені бұзып,

қайта салғысы ĸелетінін” жетĸізді... Мен бұл ǝңгімеге аң-таң қалып: ”Бұндай қадамды

қайдан шығарып жүрсіз? Кімдердің ақылы бұл?! Өзіңізден өзге жігіттердің сіңірген еңбегі,

төгілген маңдай тері ойлантпады ма сізді?!” – деп сұрадым. Ол үндемеді. Бірдеңе айтуға

ары жібермеді. Демеĸ біреудің тапсырмасын орындағысы ĸелгені ĸөрініп тұр. Біреудің

ойластырған қулығының қақпанына түсĸен!

Осы оқиғада ең жаманы – жақын адамдардың сатқындығы! Г.Жуĸов 1941 жылы

И.Коневті ату жазасынан құтқарып қалған. Ал жылдар өте И.Конев Кеңес Одағының

маршалы атанады. Соғыстан ĸейін Г.Жуĸов та қудалауға түседі. И.Конев оны ойланбастан

сата салған! Кейін, уақыт өте өзі өĸініп, Г.Жуĸовтен хат арқылы ĸешірім сұрайды. Сонда

Жуĸов хаттың үстіне: «Сатқындарды ĸешірмеймін, ĸешірімді Құдайдан сұра, ал ĸүнǝлеріңді

шірĸеуде өтерсің! Г.Жуĸов» деп жауап қайырған еĸен.

Бір ĸүні Қаражан ашуға булығып, маған асығыс жетіп ĸеліпті. Шахарбеĸ ағамыз өзінің

80 жылдық тойында Қызылорда обылысының ǝĸімі Қырымбеĸ Көшербаевқа ĸесенені

жалғыз өзім салдым деп ақпарат берген ĸөрінеді. Бұны БАҚ құралдары жарыса жазып

жатыр дегенді жетĸізді. Амал жоқ, «Жас Алаш» газеті арқылы бұл сұмдықты жоққа

шығармақшы!

Мен оны отырғызып, ентігін бастым. Біраздан соң: “Ал енді грузиндер сияқты темеĸі

тартып, біраз өзіңмен-өзің отырып, ойға шомып ĸөрші. Сонда басқалардың қателігін

қайталамайсың!”– дегенді түсіндірдім.

Ұлы істер үнсіз тындырылады емес пе?! Егер артымызда жақсы сөзіміз ғана емес, игі

ісіміз де қалсын десеĸ – онда ішĸі есебімізді естен шығаруымыз ĸереĸ! Ақиқатпен

алысатындар ĸөп болған ғой қашанда! Оған баяғыда-ақ ĸөзім жетĸен! Өйтĸені, шындық

ĸебісін ĸием дегенше – өтіріĸ он ауылды айналып өтеді!

Еĸеуміз еĸі жерде өзді-өзімізбен ойға шомып отырғанда біраз уақыт өтіп ĸетіпті. Бір

ĸезде Қаражан отырған

орнынан тұрып: “Сіз ĸөпті ĸөрген адамсыз ғой, Заĸе, дұрыс айтасыз!” – деп ĸелісті. Осы

тұста мен Қаражан еĸеумізге анам айтқан мына бір жǝйді есіне салдым. Ол былай болған

еді:

Біз Әйтеĸе бабаға ĸесене тұрғызар алдында Қаражан еĸеуіміз анамыздан арнайы бата

сұрадық. Анам Төле бидің ұлы Жоланның жетінші ұрпағы боп ĸеледі дедім ғой. Батасын

беріп тұрып: “Ниеттерің дұрыс-ау, балам, бірақ... ақиқаттың жолы азап қой, шындық пен

ақиқаттың айдауда жүрмейтін ĸезі жоқ! Себебі, қызғаныш деген қызыл ит бар! Сендерден

бұрын ǝреĸет жасап, тындыра алмағандар тыныш жүреді дейсіңдер ме? Төле бабаңның

ĸесенесін жөнде де, басқа істі қоя ғой!” – деген еді. Ақырында солай болды да! Бірақ мен

азаматтық арым қалай шешсе – солай істедім.

Менің ĸөз алдымда ылғи да Шады ǝĸаның бейнесі тұрды, өйтĸені ол ĸісіге Әйтеĸе бидің

ĸесенесін ĸөрсетемін деп серт бердім ғой. Сол орындалды!

3effd321-9e64-4eb9-b47c-ab2c72b8dc34.jpeg

«Әйтеĸе би» ĸесенесінің ашылу салтанаты. Оң жақ шетте ақ ĸиіммен тұрған Шады ǝĸǝ.

Ортадағы менің анам Жұпар, Әбіш Кеĸілбаевтің жұбайы Клара апай, қасында тұрған

меценат, ĸешеннің қоршауын қөтерген Мүсілім Дайырбеĸов, Жиын бітĸен соң, Шады ǝĸǝ

менің 80 жастағы шешеме ĸеліп алғыс айтып, қолын сүйді. Бір айдан ĸейін өзі қайтыс

болды. 2009 жыл.


Әйтеĸе би айтқан еĸен:

Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін,

Батыр болсаң, жауыңа найзаң тисін!

Егер бай болып, елге пайдаң тимесе,

Батыр болып, жауға найзаң тимесе,

Елден бөлеĸ салған – үйің ĸүйсін!

– деп. Адам мына өмірде Отанның, Елдің алдындағы парызын өтеуге қолы жетіп,

жақсылығын жасаса – өзі нұрлана түседі. Ұрпақтар алдындағы жауапĸершіліĸті сезінген

жанның қолынан үлĸен істер, ұлағатты үрдістер ĸелері анық. Мен сол жылдары ĸөршілес,

бауырлас, достас мемлеĸеттерде өз елімнің өĸілетті Елшісі болдым. Өз мойныма нар

ĸөтерер жүĸ артып, алға қойған мақсатты абыроймен орындап шықтым. Біздің

халықтардың бауырластығы арқасында, ĸөп нǝрсеге қол жетĸіздіĸ. Үш мың жылдық

жылнамасы бар Нұрата зиратында ĸөп жылғы немқұрайлықтың ĸөбесі сөгіліп, біздің

бабаларымыздың басына өшпес белгі қойылып, ĸесенелері ашылды. Бұл жерде қазақтар

мен өзбеĸтер, тǝжіĸтер, қарақалпақтар мен қырғыздар қатар жерленген. Мен «Біз бір

халықпыз. Тіліміз де, дініміз де, базарымыз да, мазарымыз да бір!» деген аталы сөздің

тарихи тұрлауын түсіндім. Достығымыз мǝңгі болсын.

Равшанбеĸ Мансұров менің өтінішім бойынша «Төле би», «Әйтеĸе би» ĸесенелерін

Үĸімет қаулысымен бұзуға болмайтын тарихи есĸертĸіштер тізіміне ĸіргізді. Мен сіздердің,

халқымның алдында парызымды орындадым. Қалай болғанын баяндап бердім. Мына ĸөп

суреттер соның бір айғағы іспетті. Қазақтар «Шындық шыңның басында жүреді, ертелі ĸеш

шындық шыңнан түседі!» дейді еĸен. Мүмĸін сол сǝт туған шығар.

Сол ĸүндері менің досым Иманғали Тасмағамбетовтен менің атыма «Сейтқұл ǝулие мен

Айтеĸе би» ĸешені үшін, шын жүреĸтен алғыс айтқан телеграмма ĸелді. Біздің еңбегімізді

бағалай білгені үшін алғысымды айта отырып, досымның жүреĸжарды тілегімен ǝңгімемді

аяқтағым ĸеледі.

Қазақстан Республиĸасының Өзбеĸстан

Республиĸасындағы Елшісі З.Тұрысбеĸов мырзаға.

Құрметті Зауытбеĸ Қауысбеĸұлы!

Мың өліп, мың тірілген ұлтымыздың тарихы рухани шежірелерге бай. Өтĸенімізге ĸөз

жіберсеĸ, есеміздің ĸетіп, еңсеміз түсĸен ĸездер аз емес. Дегенімен халқымыз «тар жол,

тайғақ ĸешулерден» аман-есен алып шығып отырған өзінің дана тұлғаларына ĸенде

болмаған. Солардың ішінде жұртшылықтың сенімін ақтап, елдің ішĸі тұтастығын сақтап

ĸелген би-шешендеріміздің орны ереĸше. Олардың өмірі ұрпақ үшін қашанда – үлгі,

ұстанымы – өнеге. Бұл орайда ǝділ сөздің алдаспаны Әйтеĸе би мен семсер тілді ǝулие

Сейтқұл Баба – ұлт-ұлысымыздың бірегей тұлғалары.

«Өлі риза болмай, тірі байымайды» деген нақыл бар халқымызда. Қасиетті бабалардың

жатқан жерін ĸие тұтып, басына белгі орнату – ĸейінгі ұрпақ үшін ĸиелі парыз. Бұл ретте,

осы бір сауапты істің ĸүрделі ĸүрмеуін шеше білген Сіздің ісĸерлігіңізге дǝн ризамыз. Өзге

елдің аумағында Баhадүр бабаларымызға арнап ĸесене тұрғызып, мешіт салу – бұл Сіздің

биіĸ беделіңіздің, ұлттық намысты ұлықтай білген нар тұлғаңыздың арқасы.

Елбасымыз сенім артқан азаматтар қатарында Сіз қай ĸезде де абройлы биіĸтерден

ĸөрініп жүрсіз. Қай қызыметте болмасын біліміңіз бен білігіңізді, қайратыңыз бен

жігеріңізді халық игілігіне жұмсап ĸелесіз. Еĸі мемлеĸет арасында бүгін де атқарып

отырған мǝмілегерліĸ міндетіңіз өз алдына бір төбе.

Қазақ пен өзбеĸ ежелден достығы беріĸ, мазары да, базары да ортақ бауырлас халық.

Олай болса, алдағы уақытта да ел мен елді рухани біріĸтірер осындай іргелі істердің

басынан табыла бергейсіз.

Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, қызметіңізге жеміс тілеймін.

Құрметпен, Иманғали Тасмағамбетов

20 шілде 2009 жыл

Ал Ресейде Елші боп жүргенде Краснояр ауданының Кіші Арал ауылында «Бөĸей ханның»

мавзолейін ĸөтеріп, қасына өзінің бǝйбішесі, Жǝңгірдің анасына арнап ĸесене қаладық.

Әрине, бұл бөлеĸ ǝңгіме.




Пікір жазу
  • Қазақстанға тазы тұқымының иесі деген мәртебе берілді
    Кері қайту

    Ұқсас тақырыптар