Басын мына сілтемеден оқуыларыңызға болады
3. Қасен Базарбаев
Қасен Базарбаев Академияның алғашқы түлектерінің бірі, өз кезіндегі Өзбекстанның Астанасы Ташкент қаласындағы атақты Орта азия университетінен оқу таусып, туған еліне оралған соң, ұйым оны ҚХР Ғылым академиясы Шынжаң бөлімшесіне орналастырды. Оның келгеніне Сағидолла, Қабдолла, Үркінбек, Күлпәш бәріміз ерекше қуандық. Ол кезде шетелден (Москва және Ташкент қалаларынан) жоғары білім алып оралған Үркінбек, Қасендердің сыртқы сәулеті де жалт қарарлық еді. Ал Қасен өз алдына дара болып мырза жүретін жігіт еді. Үркінбек сияқты бізбен тез іштесіп тығыз араласып кете алмады. Мұны мен оның өзін тұйықтау ұстайтын мінезінен деп білдім. Бізге қарағанда, өзімен Ташкентте 5 жыл бірге оқыған Жаппар, Әбдірахман секілді ұйғұр жігіттермен жақын жүрді. Қасен де Үркінбек сияқты орыс тілін жетік игерген жігіт еді. Академиямыз аз ұлт (әсіресе ұйғұр, қазақ) жас зерттешілерінің ханзу тілі деңгейін өсіру үшін, есімде қалуынша 1964-жылдың басынан бастап арнаулы ханзу тілі курстарын ашты. Этнологя институтындағы Жың Шыйұй атты кісіні мұғалім болуға ұсыныс етті. Қасеннің оқуға өте алғыр жігіт екенін сонда байқадым. Сол тұста «Ташкентшілер» аталатын Өзбекстанда оқыған ұйғұр, қазақтар арасында Қасенның орыс тілі өресі біршама жоғары дегені рас екен. Оның ханзу тілін үйренудегі алғырлығы мұны дәлелдеді.
Солдан 2-адам Қасен Базарбаев, 3-адам Сағидолла, 4-адам Асылқан (Ердәулеттың жұбайы), 5-адам Ердәулет.
Қасен академияның Биология-топырақ-құм институтына орналасқан болатын. Ол осы институттың қатысты ғылыми зерттеу тақырыптарына қатынасып экспедицияға шығу барысында игерген материялдарын өзі игерген ғылыми-назарялық білімдерімен ұштастыра зеттеуге бой ұрған тұсында, менің байқауымда, оған ең ауыр тигені ата-анасы мен туған-туыстарының 1962-жылғы Іле-Тарбағатай оқиғасы тұсындағы Қазақстанға кетуі және өзінің сол кезде «Шюжбңжуишылдардың» (Ред. Түзетушілер) үлкен ордасы Кеңес одағында оқыған адамның бірі болғаны сынды тиімсіз жағдай еді. Бұл аласапыран болған он жылда, адамдық ұқықты аяқ асты етуге, ҚХР-ын шегінуге, қараңғылыққа, ішкі былықпалыққа барынша итермелеуге сұқтанған қараниеттердың өзгелерге озбырлықпен соқтығуында табылмайтын сылтау, жақсы орай болатын.
Бірақ Қасен жасып қалмады. Ол туған өлкесінің ауыл шаруашылық, су игілігі құрылысының дамуына есе қосуға бекінді. 1971-жылдан бастап Сағидолла мен Ердәулет бастаған жайылым зеттеу мамандары құрған Байынбұлақ сақарасындағы «Жайылым зерттеу пунктінің» ғылыми тәжірибе алаңының қажетыне жарай су қайнарларын анықтау жұмысына белсене араласып, оны ғылыми жолмен орналастыру жұмысына күш салған болатын. Ауыл-қыстақ техник кадрлары мен дихандардың байдалануы үшін «атыз-арық су құрылысы жайлы» деген ғылыми сауаттық кітапшасын жазып жариялаған.
Солдан 2-адам Қасен Базарбаев, 3-адам Ердәулет Сіләмбекұлы
«Төрттік төбе» құлап апатты жылдар аяқтап, ғылым көктемі жетіп келгеннен кейін, Қасен Базарбаев ғылыми зеттеу жұмысна тың тебінмен кіріскен болатын. Оның «атыз-арықтар» және «суару» деген шығармалары өз кезінде жақсы аңыстарға ие болған. Осындай еңбектерінің нәтижесінде, Қасен академиямыздағы зерттеушілер арасынан алдымен «көмекші зерттеуші», артынан «тете аға зерттеуші» атағын ең бұрын алған зерттешілердің бірі еді. Бірақ көп жылдық қақпай көру, рухани азап-тартудың нәтижесінде жабысқан ауру азабы оның жүйкесін жұқартып кеткен болатын. Әсіресе туған жері, өскен елі, ана отаны үшін қызмет етемін деген жалынды жігермен шетелден елімізге оралған Қасенның ұзаққа қалмай аумалы-төкпелі заманның ата-ана туған туыстарынан көз жаздырып қоюы, көрші елдердің қырғи қабақтығының салдарынан жақын жандарын ұзақ жылдар көре алмауы, әсіресе жалынды жастық шағындағы, асыл армандар арқалаған тұсындағы тұңғыш махаббатының түпсіз тұңғиық қиял әлеміне батырып қинаулары оған жабысқан аурудың өзгелерден ерте жанын жалмауына апарып соқты.
4. Ердәулет Сілабекұлы
Ердәулет Шынжаң университетінің Биология факултетін 1964-жылы бітірген соң, ҚХР Ғылым академиясының Шынжаң бөлімшесіне бөліс бойынша келуге тиісті болса да, сол тұста бүкіл елге жүрілген «социалистік тәлім-тәрбие қимылы» қызмет группаларына жоғары мектеп бітірген студенттерді қатынастырып шынықтыру талабына сай, 1964-жылдан 1966-жылға дейін Тарбағатай аймағының Толы, Дөрбілжін және Шәуешек аудандарында социалистік тәлім-тәрбие қызметі кадрлары қосыны қатарында жүрді. Бұл тұста мен өзім де Қашқар аймағындағы Социалистік тәлім-тәрбие қызмет қосыны қатарында болғандығымнан, екеу ара танысуымыз 1966-жылдың соңын ала болды. Сұраса келе білдік, екеуіміз бір ауданнан, оның үстіне туыстық жақындығымыз бар екен. Бұрын таныспаған себебіміз, 1962-жылғы Іле-Тарбағатай оқиғасынан бұрын қазіргі Қорғас ауданы «Сүйдің» және «Қорғас» атты екі аудан еді. Ердәулет бұрынғы «Қорғас» ауданының Ақсу ауылынан, ал мен бұрынғы «Сүйдің» ауданының Сарбұлақ ауылынан, сондықтан бала кезімізде таныспағанбыз. Сұраса келе білдік, екеуіміздің әжелеріміз туған әпеке-сіңілі екен. Әкелеріміз бөле аға-бауырлар болып шықты. Содан тартып міне қазірге дейін 40 неше жыл бірге жасасып, тәту-тәтті туыс, қызметтес достар болып кеттік. Ғылым академиясы ауласында әр ұлттың зерттеушілерімен бірге осып-жетілдік.
Ердәулет академияның ауласына алғаш енген кезде мал иесі әкесінің «Помещик» қалпағының салқыны қоғамдық қызметке енді араласқан Ердәулетке де тиіп тұрған, ол Биологя-топырақ-құм институтына бөлінсе де, 1967-жылдан 1971-жылға дейін үш-төрт жылды аумалы-төкпелі заман ауқымына бағып ел қатары өткізді. Академия ғылым ордасы болғандықтан аласапыран жағдайда да әр бір институт өз кәсіптеріне жарай зерттеу жүргізуге біртіндеп қайта ойыса бастады. Бұған автономиялы район (жүйеден академия ауласындағы әрқайсы ғылыми орындар) бойынша бұқаралық ұйымдардың бірлесуі және төңкерістік комитеттер құрылуы орай тудырған.
Ердәулет Сіламбекұлы қатарлы үйірме мүшелері Канададағы үндістердің тайпа басшысымен бірге
1971-жылдан бастап Ердәулет өзімен кәсіптес ағасы Сағидоллаға ілесіп жайылым зерттеу жұмысын бастап кетті. «Байынбұлақ жайылым экологиясын зерттеу пунктін» құру қызметіне қатысты. Олардың 1979-жылға дейінгі ғылыми зерттеу табыстары жөнінде әсіресе «Байынбұлақ жайылым зерттеу пункті» құрылғаннан кейінгі зерттеу еңбектері жөнінде, 1979-жылғы республика құрылғандығының отыз жылдығы сынды мерей той тұсында жазған «Ғылым ордасында» атты очерігімнің («Шынжаң гәзеті» 1979-жылдық 8-қазан санында) «Жалынды жас зерттеуші» деген тақырыптағы бөлімінде мен Ердәулет Сілабекұлының зерттеулеріне шолу жасаған едім. Міне содан бері және отыз жыл өте шығыпты. Сол кезде «көмекші зерттеуші» атағын ғана алған Ердәуелет бұл күндері ел іші-сыртына аты танымал билогия-экология ғалымына айналды. Ол 1986-жылы «тете аға зерттеуші» атағын алса, 1995-жылы «аға зерттеуші» атағын алған болатын. Жайылым зерттеу жұмысын табан тіреп 40 жылға жуық тапжылмай істеген Ердәулеттың Шынжаңның солтүстігі мен оңтүстігіндегі Жоңғар мен Тарым ойпаттарында, Тияншан, Тарбағатай, Күнлүн тауларында, Іле аңғарында бармаған жері аз қалды. 1982-жылы Сағидолла ағасы мал шаруашылық ғылым академиясына ауысып кеткеннен кейін, «Байынбұлақ жайылым экологиясын зерттеу пунктіндегі» жалпы зерттеу қызметыне жауапты болу міндетінің салмағы Ердәулетке жүктелді. 1970-жылдан 2003-жылған дейін отыз жылдан артық уақыт Байынбұлақ сахарасындағы жайылым зерттеуді тапжылмай жалғастырған Ердәулеттың ғылыми зерттеуде қол жеткізген табыстары таудай болды десек артық айтқан болмаймыз. Ол ҚХР Ғылым академиясының ҚХР жаратылыстық ғылым қорының және ШҰАР-дың қаржыландыруымен жүргізген, өзі тіке жауапты болған ғылыми тапсырмаларды тегіс табыспен орындады. Алпыстан астам ғылыми мақаласын ханзу, ағылшын, қазақ, ұйғұр, тілдерінде жарялады. «Жайылым жайлы сауат» (1983-жылы), «Жоңышқа» (1985-жылы), «Адамзат және жасыл қазына» (2001-жылы) секілді 6 ғылыми кітап жазып жариялады және «тіршіліктің сыры» секілді 3 кітапті ханзу тілінен аударды.
Ердәулет Байынбұлақ жайлым зерттеу пункітінде: солдан Ботай Көпенұлы, Ердәулет, Қадыс Жанабылұлы
ҚХР ғылым академиясы Шынжаң бөлімшесінің бұрынғы Билогия-топырақ-құм институты дәрежесі өсіп ҚХР ғылым академиясының Шынжаң экология-жағырапия институтына өзгергеннен кейін, қазақ ұлтынан жетіліп келе жатқан Ердәулет сынды жас ғалымның зерттеу жұмыстарына барынша көңіл бөлді. Зерттеу қаржысын тиянақтандырумен бірге, тұрмыс жақтан алаңсыз болуын көздеп, оның аяаулы жары Асылқанды өзіне көмекші етіп орналастырды, зерттеу пунктінің құрылыстарын (қызмет кеңсесі, зертханасы, жатын үйі) жаңалап, қажетті машина жабдықтарымен қамдады, міне осылайша 1971-, 1978-жылдар аралығындағы алғашқы зерттеу табыстары негізінде 1982-жылдан кейінгі зерттеулері тың тебінмен жаңа өреге көтерілді. Ол 1971-жылдан 1979-жылған дейінгі байынбұлақтағы жайылым зерттеу пунктіндегі 140 неше түрлі шөпті сынақтан өткізіп суыққа, биік үстіртке үйлесетін 11 түрлі шөп сортын жетілдіруі, тоқыраған (азғындаған) 4000 му жайылымды бақылау-тәжірибе жүргізу нәтижесінде жақсарту барысындағы суару мөлшері, тыңайту мөлшері, егу, баптау жағында жаратқан тың техникалары өз кезінде мемлекет бойынша тұңғыш рет ашылған ғылыми сараптау жиынында «озық ғылыми өреге жеткен» деп бағаланып, 1978-жылы ШҰАР «үздік ғылым-техника сыйлығын», 1979-жылы ҚХР ғылым академиясының 2-дәрежелі «үздік ғылым-техника жетістігі» сыйлықтарын алса, 1982-жылдан 1988-жылдар арлығында Байынбұлақтағы зерттеу жетістігі 1989-жылы, 1988-, 1991-жылдардағы Тияншанның оңтүстік бөктеріндегі тортау жайылымы зерттеу нәтижесі 1993-жылы ШҰАР 3-дәрежелі «ғылым-техыника алға басарлық» сыйлығын алған болатын.
Ерекең осыдан кейінде (яғни 1991-жылдан 2004-жылға дейін) автономиялы район және мемлекет дәрежелі жапалы да күрделі ғылыми тапсырмаларды табыспен орындады. Біз бұл арада Ерекеңнің 1990-жылы жаратылыстық ғылым саласы бойынша мемлекететтік «Жу Кіжін алтын өрденінің» иегері болғанын ерекше атауға тиіспіз. Ол 1996-жылы «Шынжаңды ғылым-техыникамен гүлдендіруге үлес қосқан маман» сыйлығын, 1997-жылы ШҰАР үшінші дәрежелі «ғылым-техника алғабасарлығы силығын» еншілесе, 1997-жылы ШҰАР халық үкіметі тарапынан «ерекше үлес қосқан таңдаулы маман» деген даңқ куәлігі мен мемлекеттік «ғылыми зерттеуде ерен еңбек сіңірген маман» деген даңық кулігін бірдей алып даңық төріне шықты. Оның академиядағы қазақ ғалымдар арасында, 1990-жылдардың соңы 2000-жылдар басында мемлекеттің сыйлықтармен құрметты даңықтарды ең көп алған адам екенін көп адам біле бермейді. Өйткені жыл он екі ай Байынбұлақ сахарасындағы жайылым зерттеу пунктіндегі ғылыми зерттеумен қарбалас болатын Ерекеңе ақпарат саласындағы тілшілеріміз арнаулы іздеп бармаса кезіге алмайтын. Ерекең де оларды іздеп өзін үгіттеуге қызықпайтын. Жоғарыдағы атақ-абыройы аз болғандай Ердәулет Сілабекұлы 1997-жылы ҚХР ғылым-техника қоғамы жағынан «Бүкіл мемлекеттік үздік ғылым-техника қызметкері» сыйлығын алса, 1998-жылы ҚХР Ғылым академиясының «Паң Шучуан сыйлығын» алды. 2000-жылы ерекең өз қатарынан озып «Бүкіл мемлекеттік еңбек ері» болып бағаланып, кеудесіне алтын өрден тақса, 2001-жылы «Мемлекеттің ғасыр аттаған үздік маман» атағына ие болды.
Қазақтың қарапайым бір баласының ғылым шыңына шығу жолындағы жәнкешті ізденгіштігі, қайсарлығы атақ-даңық алдында асқақтамайтын кісілік қасиеты кімді болса да қайран қалдыратыны, мойындататыны анық. Ердәулеттің академияда бірге жасасып, ғылымның әр саласында өзіндік табыстарға қол жеткізіп өздері де үздік ғалымдарға айналған достары да оған қуана сүйіне қарайтын. Оның Австралия, Қазақстан, Қырғызстандардағы ғылыми сапарлары арқайсысы өз алдына бір әңгіме, әсіресе, 1990-жылы ҚХР-дағы аз санды ұлттардан шыққан үздік ғылым-техника қызметкерлері үйірмесі құрамында Канадада достық сапарда болуының мән-маңызы бөлекше болған еді. Сол кезде өнымен отыз жылға жуық уақыт бірге болған достары оны мақтанышпен аттандырып жіберіп, оралғанында қуана қарсы алғанымызда оның Канададағы халқаралық «Эдмонтон мұражайына» ҚХР үкіметі жағынан Шынжаң Жемсар ауданында дайындалған ҚХР-дағы қазақ халқы атынан қазақтың алты қанат үйін тіккенін елімізге қайтып келген соң еліміздің мәдениет министрлігіне қандай мәлімдегені туралы айтқан әңгімесін естігенде төтенше қуанышқа бөленген едік. Канададағы халқаралық «Эдмонтон мұражайына» сол жердегі үндістер тайпа бастығы қолына қазақтың алты қанат ақ ордасын барлық үй мүлкімен тапсыру салты өткізілгенде, ҚХР-дағы қазақ халқының алты қанат киіз үйін әкеліп тапсырған Ердәулет Сілабекұлы деп арнаулы тасқа аты жөні жазылып қалтырылыпты. Демек оның әсіресе Америка құрлығындағы үндістер арасында болғаны, АҚШ тілшілерінің сұрауларына жауап бергені бізді ерекше баураған еді. Аға зерттеуші Ердәулет таяу жылдарда ШҰАР халық үкіметінің ақылшысы, ШҰАР саяси маслихат кеңесі сегізінші реткі комитетінің жорасы, көптеген ғылыми қоғамдардың жорасы болды. Оның ізгі істері «ҚХР ғалымдары» секілді көп сөздіктерге енгізілді.
Жалғасы бар
Бұл ессе Шынжаң «қоғамдық ғылым мінбесі» журналының 2010-жылғы 1-санында және автордың «Алтын ұя» атты кытабында жаряланған.
«Абай жолы» вичат текшесінен алынды.
Jebeu.kz