Расылхан Құдайбергенов: Желтоқсанда қазақтың бірлігі жеңген еді

Уақыты: 2020-12-18 Көрлімі: 1652 Сипаттама

елтоқсан көтерілісі кезінде ұлттық ұранның мүдделесі болғандығы үшін түрмеге түскен к...

News-image-53354-0.jpg

елтоқсан көтерілісі кезінде ұлттық ұранның мүдделесі болғандығы үшін түрмеге түскен кейіпкер бұл күнде өзін қаһарман санаудан аулақ. Ол сүйіспеншілікке бәлсіну кереғар- ұғым деп есептейді. Кейіпкер қазақты тағы бір рет серпілткен Желтоқанның нәтижесінде адамдарды бұрынғы болмысынан да терең түсінгенін үнемі айтып жүреді. Мәселен, сезім деген ұғымның адамды қай кезде де тығырықтан алып шығып, ел басына күн туғанда адамдығын аяқ асты етпейтін достардың, ер басына күн туғанда адалдығын аяқ асты етпейтін жардың болатынын ол алмағайыпта әбден аңғарды. 5 жылға сотталып кеткен Расылханды Ресей жеріндегі Чита түрмесінен тауып, сол тар қапаста некесін қидырған Роза Арипованың шешімі қазір батылдық деп бағаланғанымен ол кезде ессіздік деп есептелген.
– Расылхан аға, желтоқсандықтар дегенді естісімен көз алдымызға ұлтжанды адамдарды елестетеміз. Мұнымыз дұрыс па? Алаңға не үшін барып едіңіздер?
– Дұрыс! Бізді Намыс сүйреп барды. Ауылда, кең даланың төсінде еркін тыныстап, өз тіліңде еркін сөйлеп жүрген қазақ қалаға келіп ойын іркумен болды.Ауылдан жақсы оқып келген жас талап орысша білмегендігі үшін сағы сынып, қайта ауылға оралатын «дәурен» өтіп жатты. Мысалы, оқуға тапсырар кездегі дайындықта өте жақсы есеп шығаратын баланың емтихан кезінде түбір астындағы екі деген сөзді айта алмай тауы шағылғанын өз көзіммен көрдім.Әскерге барып, орысша сөйлей алатындығымыз үшін біз оқуға түстік. Осы әділет пе?
Мен түрмеде отырғанда Баянкин деген бурят екеуміз пікірлесетінбіз. Қазақстандық түрмелерде отырып мен ол кісінің шырайындағыдай жылылықты кезіктіре алмадым.
Ол кісі қазақтың көтерілгеніне, кеңес үкіметіне қарсы тұрғанына ризалықпен қарайтын. Атымыз бен тегімізден айрылдық, тіліміз жоғалды, енді сендер – қазақтар ондайға жол бермей күресе беріңдер дейтін.
Желтоқсанға ТМД ғана емес, бүкіл дүние жүзі қарыздар. Кеңестік жүйені шытынатты біздің көтеріліс. Ол жүйенің құлауы Германияны екіге бөліп тұрған қабырғаның құлауына әсерін тигізді.
– Тәуелсіздіктің он жылдығында Кеңес одағының ыдырауына Желтоқан көтерілісінің айтарлықтай ықпалы болды деген ұстанымдағы материалдарды оқушы едік. Бірақ соңғы кезде бұл пікір көмескі тартып және сенімсіз түрде айтылатындай…
– Біткен іске сыншы көп. Қазақ жастарының бастамасын он бес одақтас елдің барлығы қолдаған болатын. Қырғызстанның жастары да үн қоспақ ниетте келе жатқан тұстан Қордайдан олардың жолын бөгеген деген деректер бар. Меніңше рухани әлемде де құлдырап, қайта бас көтеру болады. Мәселен, Ұлы Отан соғысынан кейін халық тыныштала бастады. Бірақ теңсіздік қайта бас көтеруге мәжбүр етті. Бүгінгі күні сол көтерілістің мәнін айтқысы келмейтіндер табылып жатыр. Сондықтан мұндай құбылысты қалыпты заңдылық деп қана есептеймін.
Ең бастысы 1986 жылы күллі қазақ көтерілді. Бұл түрмеге отырып шыққан жүздеген адамның ғана сыздауығы емес.Қазіргі жазылған еңбектер мен деректі фильмдерде қазақты қазаққа ұстатып, тергетіп, соттатып жатқан жайларды баяндайды.Бұл дұрыс емес. Желтоқсан бүкіл қазаққа ортақ. Әскери адамдар арнайы ант береді, олардың қылығына кешіріммен қарауға да болады, соның өзінде олардың арасында қазаққа бүйрегі бұрып,ұрмай-соқпай тұрып алғандарды көз көрді. Бізді күйреткен «Альфа» деп аталатын өзге елден шақырылған құрылым.Сол келгенде шиеленіс басталды.
Анығына келгенде бауырмал қазақ сол кезде де діттеген үдеден шықты. Мәселен, курстастарым менің қамалып кеткеніме қарамастан, бітіру альбомына менің суретімді қосып бастырып, өздерімен бірге мені де оқып бітіргендей етіп жанашырлық танытқанын жадымнан қалай шығарайын?
– Сізді түрме өзгертті ме? Алаңға барғаныңызға өкінген кезіңіз болды ма?
– 5 жылға сотталып бара жатқанда, кесілген мерзім бітпестей көрінген.Жақсы көрген қызым қалып барады. Әрине, өкіндім! Ендігі өмірім қалай болмақ деген ойлар мазамды алды. Он бес жылға сотталып жатқандар мен ату жазасына кесілгендерді естіп тәубама түскен кездерім де болды.
– Сотталып бара жатқандағы күйіңізді баяндап отырсыз ғой, ал ұсталып жаңадан қамауға алынғанда нендей ойда болдыңыз?
– Рахат күй кештім.
– Рас па? Ондай да бола ма?
– Сол жылы шешем қайтыс болған еді. Үш күн қатарынан алаңға бардым. Жиырма төртінші желтоқсанға дейін жасырынып, қашып жүрдім. Онсыз да қосағынан айрылған әкеме баласының оқудан шығып қалуы ауыр соққы болады деген ой жеп барады.Бірақ оқудан шығару оңай жаза екен ғой, мен түрмеден бірақ шықтым. Ұсталған соң, болары болды деп ойладым ба екен, қашып жүріп қажыдым ба екен,16 -нан 24-не дейінгі шудан арылғандай бес күн тынықтым.
– Бүгін сізді не мазалайды?
– Тәуелсіздік алғалы бері үш жүзге бөліну ауруы меңдеп кетті.Кешегі желтоқсан сойқанының арасында жүргенде біздің мүддеміз бір еді ғой, бар қазақ жұдырықтай жұмылып еді.Бір әке мен бір шешенің баласындай тайсалмай табандылық танытқан жоқ па едік?Онсыз да аз емес пе едік.Тәуелсіздік жарияланған жылы біздегі қуанышты ауызбен әлі күнге дейін айтып жеткізе алмай келеміз. Бірақ қоғамдағы қайбір күштерден желтоқсанның атын атап, оны саяси қаруға айналдырығысы келетіндердің пиғылын байқап жүрміз.Біреудің үйін біреу тартып алса да желтоқсандықтардан көретін сыңайларды байқаймыз. Киелі ұғымды кірлетпесек керек еді.
– Бір естеліктерде алаңнан ұсталдым дегенді айтасыз, бұл жолы желтоқсанның жиырма төрті ұсталдым деп отырсыз, осы жағын түсінбедім?
– Алаңда ұсталдым. Ұрды-сабады. 4 сағат тізерлетіп отырғызды.Шамамаен 500-дей адамбыз. Бірақ бізді 4000-дай әскери адамдар қоршап тұр.Сотталған адамдарды тиейтін машинаға отырығызып түрмелерді аралады. Барлығы толып кеткен. 10-15 машинаға 30-40 адамнан тиеп тауға апарып тастады. Барлығымыздың аяқ киімдеріміз бен шалбарымызды шешіп алды.Аспанға жерге ескерту оғын жаудырды да кетті. Қараңғы, қай тауда жүргенімізді парықтай алмаймыз.
– Қай тауда жүр екенсіздер?
– Түрген тауында!Содан сол жақтан қалаға жеттік. Қалада алаңға барғандарды жазалау басталып кетіп. Қашып жүріп екінші рет ұсталдым.
– Аға, азаттықа талпынған сәттеріміз тарих беттерінде бедерленіп тұр, соның соңғысы Желтоқсан көтерілісі болсын!

Айнұр Төлеу

Дереккөз: "Алауинформ"

Пікір жазу
  • Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі мемкомиссияның бірінші отырысы өтті
    Қазақ елі - Алтын Орданың заңды мұрагері

    Ұқсас тақырыптар