Отанға оралған қандастар жаңа облыстарға қоныстануы мүмкін

Уақыты: 2022-06-23 Көрлімі: 411 Сипаттама

Елге оралған қандастар енді жаңа облыстарға қоныстануы мүмкін. Еңбек және халықты әлеу...

220623152000008e.jpg

Елге оралған қандастар енді жаңа облыстарға қоныстануы мүмкін. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қандастарды Абай және Ұлытау облыстарына қоныстандыру бойынша қаулыны ашық талқыға шығарды, деп  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз. 

«Қаулының мақсаты – қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыратын өңірлер қатарына жаңа құрылған Абай және Ұлытау облыстарын қосу. Құжат қабылданса, бұл үрдіс мемлекеттің демографиялық жағдайына оң әсер етеді», - делінген құжатта.

Жауапты министрлік мәліметіне сәйкес, бүгінде отанға оралған қандастар еліміздің 7 облысына қоныстанады. Ал ұсынылып отырған қаулыда бұл тізімнен Атырау облысы алынып тасталады. Оның орнына екі жаңа облыс қосылып, жалпы саны 8 өңір қандастарды қабылдайды.


Автор Әлихан Асқар


Пікір жазу
  • Ескі дәуір естелігі
    Шыңырауға қауға салғанда...

    Ұқсас тақырыптар