Бүгін – ақын, ағартушы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туған күні

Уақыты: 2024-10-28 Көрлімі: 82 Сипаттама

Қаламгер 1912 жылы Троицкідегі Ахун Рахманқұли медресесінде білім алды. Осы кезде оның «...

IMG_4888.jpeg

Қаламгер 1912 жылы Троицкідегі Ахун Рахманқұли медресесінде білім алды. Осы кезде оның «Оқып жүрген жастарға», «Тәліптерге» («Шәкірттерге»), «Ендігі беталыс», «Оқудағы мақсат не?», «Жарлау», «Досыма хат», «Шығамын тірі болсам адам болып», т.б. өлеңдері жарық көрді.


Ол өмір шындығын көркем бейнелей келе, қазақ өлеңінің мазмұнын кеңейтті, сырға толы лирикалық жырлар қалдырды. Көптеген әңгіме, очерктер, әдеби-сын мақалалар жазды, екі роман («Қамар сұлу», «Кім жазықты?»), төрт поэмасын («Таныстыру», «Адасқан өмір», «Кедей», «Айтыс») жариялады. 


Қаламгер «Қамар сұлуда» әйел теңсіздігі мәселесін көтере отырып, дәуір шындығын әлеуметтік тұрғыда талдады.


Торайғыров шығармалары – 20 ғасырдың басындағы қазақ қоғамы шындығын, ондағы жаңашыл ой-пікірдің дамуын танытатын үлкен мұра.


https://t.me/madenietaqparat телеграм каналы

Пікір жазу
  • Тарихи жәдігер: Қостанай қаласының алғашқы картасы
    Кері қайту

    Ұқсас тақырыптар