«Әділ, ашық, заңды сайлау өтуін қолдаймыз»

Уақыты: 2019-04-10 Көрлімі: 1510 Сипаттама

Кеше, 9 сәуірде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы 9 маусымда Қазақстан Респуб...

c21475a58488c2d65cf7e5e9c57b78a1_L.jpg

Кеше, 9 сәуірде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы 9 маусымда Қазақстан Республикасының кезектен тыс президенттік сайлауы өтетіні туралы мәлімдеме жасады.

Қасым-Жомарт Тоқаев үндеуінде «Алдағы сайлауға баршаңызды барынша жауапкершілікпен қарауға шақырамын. Еліміздің келешегі, әр отбасы мен әр азаматтың тағдыры сіздердің шешімдеріңізге тікелей байланысты»,- деп Қазақстан халқын сайлауды қолдауға шақырды.

Президент үндеуіннен кейін белгілі зиялы қауым өкілдері де мемлекет басшысының шешімін қолдап пікірлерін білдіріп, алдағы өтетін сайлаударды қолдайтындарын, әділ де заңды сайлау өтуін қалайтындарын білдірді.

861575_1400582681.jpg

Нәбижан Мұқаметханұлы, тарих ғылымдарының докторы, порофессор:  Кешкі жаңалықтардан ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халықына жолдаған үндеуін және соған байланысты азаматтардың пікірін  тыңдадым. Мен өзім халықаралық қатынастарды зерттеуші және дәріптеуші маман ретінде бұл шешімді дұрыс деп санаймын. Бұл шешімнің дұрыстығын Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі үндеуінде жан-жақты мәлім етті.

Қазіргі жағдайда Қазақстанда тұғыш президент, Елбасы Нұрсұлтан Назарбевтың саясаты өз жалғасын табуы және ол жаңа деңгейде тың белеске көтерілуі керек деп ойлаймын. Сондықтан халық өз таңдауын жасап, нақты болашақ президентімізді биыл сайлап алған орынды.

Алдағы сайлаудың барлық сайлаушылар толық қатысқан,  халықтың көңіл күйі мен бірлігін білдіріп, әділ өтуін қалаймын. Әрине, оған Қазақстан халықы дайын. Сондықтан алдағы сайлау қалыпты, заңды түрде, өз деңгейінде өтеді деген үміттемін.

 20170709160903301.jpg

Алмас Ахметбекұлы, ақын, ҚР мәдениет қайраткері: Мен сайлаушы -  Алмас Ахметбекұлы, президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуін экран алдында отырып,  қалт жібермей тыңдадым. Жалпы, Азия елдеріндегі, әлемдегі билік ауысу барысы әртүрлі өтіп жатыр. Кей мемлекеттер тиімсіз жағдайларға ұрынып отыр. Елбасының 19 наурыздағы шешімі еліміздегі билік ауысу барысының жағымды, бейбіт, эволюциялық жолмен өтетініне бастама болды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуінен кейін іле-шала ҚР Парламенті Сенаты спикерінің көмекшісі "Дәриға Назарбаеваның сайлауға түспейтіні" туралы мәлімдеме жасады. Осы ақпараттар әлеуметтік желі мен БАК-тағы қоғамдық пікірлердің көрігін басты.

Өз басым  кезектен тыс сайлау болуын қолдаймын. Өте орынды шешім. "Уақытша президент" дегеннен көрі заңды  жолмен сайлап алғанымыз дұрыс болады.  

 Бұған енді негізгі 4 партия 4 кандидат ұсынады деген ойдамыз. Әрине, «Нұр Отан» партиясы ұсынған кандидаттың жеңіске жететініне сенім бар.

 Кей посткеңестік елдерде 30, 40 кандидат таласып, соңында шоумендер алға шығып жатыр (xалқының таңдауына, сайлаының әділдігіне құрмет етеміз, әрине). Оның жанында біз межелеген үміткер салмағы бар, халықаралық деңгейде үлкен тұлғалық сипаты бар кісі. Мемлекетшілдік ұстанымдары, ұлттық мемлекет туралы - оның сыртынан қарап айта алатын, ол туралы тұтас ойлана алатын, мемлекет ауқымын құшағына - санасына сиғыза алатын кандидат.

Сайлау өтсін, қолдаймыз.

1498632552_article_b.jpeg


Қазақстандағы заңды және бейбіт жолмен билік ауысуынан кейінгі, халыққа мемлекеттің тұрақтылығы мен дамуын қамтамасыз етітін басшыны таңдау мүмкіндігі тұр. Бұл тарихи кезеңде әр азамат әділ сайлау өтуіне атсалысып, өз таңдауын жасайды. Қазірі ҚР президенті лауазымын атқарушы Қасым-Жомарт Тоқаев та мемлекет басшысы ретінде, сайлаудың таза, ашық әрі әділ өтуіне кепілдік беретінін айтты.  

Біз де «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген халық даналығына жүгінеміз.

Jebeu.kz

 


Пікір жазу
  • Транзиттік үдерісті сайлау аяқтайды
    Расул Жұмалы: Қасым-Жомарт Кемелұлының алғашқы бастамаларын оң бағалаймын