Бізге Вьетнам, Оңтүстік Корея, Жапониядан кеңесшілер шақыру керек

Уақыты: 2020-07-16 Көрлімі: 512 Сипаттама

Вьетнамда 100 млн халық тұрады, адам сығымдылығы өте жоғары, территориясы шағын. Осы елде...

32-1000x_.jpeg

Вьетнамда 100 млн халық тұрады, адам сығымдылығы өте жоғары, территориясы шағын. Осы елде тәжтажалмен бар жоғы 372 адам ауырған, барлығы жазылып шыққан, бірде - бір қайғылы жағдай жоқ. "Вьетнам ғажабы" десе де болады. Өйткені, Қытаймен, әсіресе Уханьмен экономикалық қатынасы терең, барыс - келіс көп. Бізге басқа елдермен қатар, Вьетнамның да тәжірибесін зерттеп, олардан үлгі алу керек шығар.

Біз (неліктен екендігін білмеймін) аты шулы, өздері проблемасын шеше алмай жатқан елдерден көмек сұрауға дайын тұрамыз.

Ал қазір, бізге Вьетнам, Оңтүстік Корея, Жапониядан кеңесшілер шақыру керек деп есептеймін.

Бұл елдердің бір ерекшелігі, темірдей тәртіп, адамдар Өкіметтің айтқанын екі етпейді. Толығымен орындайды. Онда, халқымызды осындай тәртіпке баулып, үйрету керек.

Біз Жапония тәрізді өмір сүргіміз келеді, сол өмір сүрудің заңдылықтарын орындағымыз келмейді.

Өкіметке нақты ұсыныс, осы елдерден кеңесшілерді шақырып, олардың практикасын зерделей отырып, салыстыру арқылы, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек.

Өйткені, күзде өте күрделі жағдай болуы ықтимал. Уақытты бостан босқа өткізіп алмайық.

Ерлан Саировтың фейзбук парақшасынан алынды


Пікір жазу
  • Бауыржан Байбек: Ел Президентінің жанына топтаса отырып, бірлігімізді көрсететін кез келді
    Зәмзәгүл Ханділла: Коронавируспен күреске әрбір адам жеке атсалысуы керек

    Ұқсас тақырыптар