Дархан Кәлетаев: Президент Жолдауы – сын-қатерлерге жан-жақты жауап

Уақыты: 2020-09-04 Көрлімі: 1125 Сипаттама

Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, саясаттану ғылым...

200904124247534a3690860i.jpg

Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, саясаттану ғылымдарының докторы Дархан Кәлетаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауына қатысты пікір білдірді. ҚазАқпаратқа сілтеме жасап аталмыш пікірдің толық нұсқасын назарларыңызға ұсынамыз.

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауы пандемиядан кейінгі Қазақстан келбетін сипаттады деуге болады. Қазір бүкіл халықаралық қауымдастықты алдағы уақытта не болатыны, мемлекет арасындағы қатынастар қандай болатыны, сауда, көлік, туризм саласы қалай дамитыны туралы сұрақтар алаңдатады.

2008 жылдан бастап Қазақстан осындай дағдарыстарға бейімделіп, сабақ алуға және қиындықтарды мүмкіндікке айналдыруды үйренді. Дегенмен, бұл жолғы жағдай бұрын-соңды болмаған. Пандемия заманауи қоғамның ең өзекті салаларына әсер етіп, атап айтқанда – байланысты, өзара қарым-қатынасты бұза бастады. Адамзат ең маңызды нәрсені жоғалтуы мүмкін – бұл адамдардың бір-бірімен байланысы.

Бұрын дағдарыстар туралы айтқан кезде жаңа орта ғасырларға қайта оралу қаупін (new middle ages) меңзейтін болсақ, қазіргі уақыттағы дағдарыс туралы айтқанда әлем жаңа ежелгі әлемге, тіпті тарихқа дейінгі дәуірге қайта оралуы мүмкін екенін меңзейміз. Әрбір мемлекет, ұлттық экономика өмір сүрудің ең төменгі стандарттарын, яғни тамақтануды қамтамасыз етуге ғана қауқарлы болып қалуы мүмкін.

Алайда экономикалық құлдыраудың тарихи деңгейлері халықтың төлем қабілетінің төмендеуіне әкеледі. Сонымен қатар, азық-түлік, тамақ – тіршіліктің көзі ретінде күн өткен сайын құнды бола түсуде.

Ұзақ мерзімді өзін-өзі оқшаулау режимі, дүниежүзілік соғыстар дәуірінен бері ұмытылып кеткен карантин наразылықтың өсуіне, тұрақты күйзеліс жағдайында жүрген халықтың психологиялық күйінің нашарлауына әкелді.

Білім, әлеуметтік қамсыздандыру сияқты әлеуметтік инфрақұрылымға жүктеме артты.

Осыған байланысты Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы – туындаған сын-қатерлерге жан-жақты жауап беру деуге болады.

Біріншіден, бұл мемлекеттің реттеуші функцияларын қайта қарау. Мемлекет өзін қақпашыдан, тәртіп сақшысынан, салық жинаушыдан қауіптің алдын алатын тетікке айналдыруы керек. Мемлекет – мотиватор.

Мемлекеттік қызметкерлер – мақсатты түрде халықтың өмірін цифрландыруға емес, стратегиялық мақсаттарға жұмыс істейтін миссионерлер болып саналады. Салық заңнамасы – бұл мемлекеттің дамуын ынталандыратын, Қазақстанды жетістікке жеткен қоғамға айналдыратын негізгі құрал.

Екіншіден, бізге тарихи стратегиялық артықшылықтарымызды дамытатын кез келді. Олар бар және олар барлық ресурстарды осы бағыттарға жұмылдыра отырып, нақты анықталуы керек.

Бұл ауылшаруашылық өндірісі, өңдеу өнеркәсібі, металлургия, медицина, фармацевтика, химия, металлургия, машина жасау. Сонымен қатар, транзиттік әлеует, дамыған адам капиталы.

Үшіншіден, Жолдауда мемлекеттік аппараттың нақты өзгеруі керектігі айтылды. Министрліктерде бір адам басқару жүйесін қалпына келтіріледі және министрліктерді саяси министр мен әкімшілік жауапты хатшы басқаратын кезең аяқталады.

Сонымен қатар, жеке мемлекеттік басқару органы деңгейінде мемлекеттік стратегиялық жоспарлау мен реформалар жүйесі қалпына келтірілді. Тиісті агенттіктің құрылуы Ұлттық экономика министрлігі үшін «бесінші дөңгелектің» орнына стратегиялық жоспарлауды практикалық арнаға айналдырады.

Осылайша, Қазақстан жүйелік реформалардың жаңа кезеңіне қадам басып отыр. Өткен жылдары Қазақстан бір орында тұрмай, бірқатар қайта құрулар жүргізді. Бес институционалдық реформа, 100 нақты қадам. Азаматтарға арналған үкімет, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы, білім беруді дамыту, денсаулық сақтау, индустриалды-инновациялық даму. Осының бәрі елдің озық позицияларға, соның ішінде әлемнің дамыған 50 елінің қатарына кіруін қамтамасыз етті. Қазақстан БҰҰ-ның әлеуметтік күн тәртібіне - 2030 тұрақты даму мақсаттарына қосылды.

Дамудың негізгі факторының бірі – елорда. Ол инвестиция, әлеуметтік және саяси коммуникацияларды тарту құралына айналды. Бұл жерде Назарбаев Университеті, EXPO, Назарбаев зияткерлік мектебі, «Астана» халықаралық қаржы орталығы сияқты форвардтық жобалар жүзеге асты. Жоспарлаудың жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік беретін ірі жобалардың маңызды бөлігі жинақталды.

Сондай-ақ, алға қарай жылжу үшін көп күш, шығармашылық күш-қуат, жастардың көбірек қатысуы және мүдделер тұрғысынан түпкілікті нәтижеге назар аударатын әлеуметтік топтар қажет. Ендігі жастар – «жаңғыру кезеңіндегі» ұрпақ.

Бұл – постмодернизация буыны, олар үшін өзін-өзі дамыту, ұтқырлық, белсенділік, қарым-қатынас мүмкіндігі сияқты мүлдем жаңа құндылықтар маңызды. Мұндай жағдайда мемлекет жастардың ырқына бейімделе алуы, ашық бола түсуі керек,сонымен қатар саясаткерлер мен қоғам арасындағы қашықтық азаюы керек. Біз наразылық көріністеріне төзімділікпен қарауымыз керек. Сайлау бәсекелестікке толы бола түспек.

Сондықтан Елбасының 1 қыркүйектегі Жолдауы - бұл іс жүзінде Қазақстанның пандемиядан кейінгі әлемге өтуі, қазіргі заманның сын-қатерлеріне сәйкес келетін және оларға жауап беретін жаңа экономика құру жөніндегі іс-қимыл бағдарламасы.

Ұлттық идеологияға мейлінше мұқият болу, мемлекеттік тілдің дамуын күшейту қажет болады, яғни жалпы ұлттық ерекшеліктерін тиісті мазмұнмен нығайту үшін жұмыс істеу керек. Бұл елдің танылуын ғана емес, брендингін қамтамасыз етеді. Мәдени сипаттамалар, өзінің еңбегін көрсету мүмкіндігі – бүгінде экономиканың санаты болып саналады және оны нақты инвестицияға айналдыруға болады.

Сыртқы саясат саласында Еуропада да, Азияда да дамыған қоғамдарға тән дамушы демократия, саяси және әлеуметтік құндылықтар жолымен жүруді жалғастыру үшін Қазақстан үшін қатынастардың қажетті тепе-теңдігін қамтамасыз ету маңызды.

Президенттің Жолдауы өте маңызды, өйткені ол алдағы кезеңдегі Қазақстанның саяси дамуының күн тәртібін анықтауға мүмкіндік береді. Алда парламент сайлауы өтеді. Сайлау мен сайлау жүйесі елдердің саяси, тіпті геосаяси дамуын екі жаққа тартушыға қалай айналатынын байқаймыз.

Көбіне бұл үкіметтің әлемдік тенденцияларды жүйелемегені, қауіп-қатерлерге қарсы тетіктерді жасамағаны үшін орын алады. Бұрынғы жеңістердің жетістіктеріне сүйеніп, үрдістерді бағдарлау қазіргі жағдайда өте қауіпті. Үнемі сергек, жылдам болу керек.

Келер жылы Тәуелсіздік алғанымызға 30 жыл болады, бұл – бізге беріле салған нәрсе емес, бұл – үнемі өзіңді дамытып отыруға себеп болатын үрдіс.

Елбасының жолдауы осы идеологияның бағдары, мемлекет пен қоғам үшін жаһандық дауыл аясында шамшырақ ретінде қызмет етеді.


Пікір жазу
  • Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын қалай кеңейеміз?
    ҰЛТ КӨШБАСШЫСЫ ЖӘНЕ БИЛІК ТРАНЗИТЫ

    Ұқсас тақырыптар