Расул Жұмалы: Мәжілістің де, мәслихаттың да әжептәуір жасаруы – маңызды

Уақыты: 2021-01-11 Көрлімі: 522 Сипаттама

Саясаттанушы Расул Жұмалы Қазақстанда сайлау тұрақтылыққа, қауіпсіздікке нұқсан келт...

210111134546373a3739676i.jpg

Саясаттанушы Расул Жұмалы Қазақстанда сайлау тұрақтылыққа, қауіпсіздікке нұқсан келтірілмей, лайықты деңгейде өткенін мәлім етті, деп  Ақпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз.

«Бұл сайлау толығымен мінсіз өтті деп айта алмайтын шығармыз. Жалпы сайлау атаулының өзі барлық елде, оның ішінде өркениетті әрі дамыған елдердің тәжірибесін қарайтын болсақ, ешқайсысы мінсіз болмайды. Бірақ үрдіс, процес ретінде бұл – біздің ел үшін өте маңызды қадам болды. Алысқа бармай-ақ түрлі елдердегі 2020 жылғы сайлау тәжірибесін қарайтын болсақ, сынақтан көптеген мемлекеттің сүрініп, құлап жататынын көріп отырмыз. Әлі күнге дейін басылмай жатқан Беларусьтегі оқиғалар, Қырғыз Республикасындағы үшінші революция, Армениядағы жағдай, АҚШ-тың өзіндегі тығырыққа ұшырағанын көріп отырмыз», - деді Расул Жұмалы елордада өткен «SAILAU-2021: Парламент сайлауының алдын ала қорытындылары» атты сараптамалық талқылауда.

Саясаттанушы осы ретте Қазақстанда ең алдымен тұрақтылыққа, қауіпсіздікке нұқсан келтірілмей, сайлау әжептәуір лайықты деңгейде өткенін айтып өтті.

«Бұл өте маңызды. Екіншіден, елдегі жаңа жағдайда, саяси ахуалда өткізіліп отырғанын атап өту керек. Президент бастаған реформалар іске асырылып жатыр. Соның нәтижесінде бірталай заңға өзгерістер енгізілді. Осы сайлаудың жаңашылдығы – жаңа сайлау заңнамасына сәйкес өткізіліп отырғаны. Оның ішінде 30 пайыздық квотаны атап өтер едім. Тиісінше Мәжілістің де, мәслихаттың әжептәуір жасаруы меніңше, өте маңызды», - деді ол.

Расул Жұмалы Парламент сайлауының уақытында өткізілгенін жағымды құбылыс екенін жеткізді.


Пікір жазу
  • Төртінші онжылдықтың тұжырымдамасы
    Мәулен Әшімбаев: Әр заң жобасын талқылаған кезде қоғамның пікірін ескеруіміз керек

    Ұқсас тақырыптар