«Жаңа Қазақстан» қандай мақсаттарды көздейді?

Уақыты: 2022-04-07 Көрлімі: 472 Сипаттама

Қоғамдағы ұзақ жыл бойы орныққан құрылымды өзгертіп, жаңаша іс бастауды, барлық басшыл...

купк.jpg

Қоғамдағы ұзақ жыл бойы орныққан құрылымды өзгертіп, жаңаша іс бастауды, барлық басшыларды іскері, жасампаз етуді, ұлттық идологияны күшейтуді көздейді. Әлбетте еліміздің саяси, экономикалық, әлеуметтік салаларындағы қордаланған кемшіліктер бізді осындай батыл қадамға жетелеп отыр. Президентіміз бастама көтерді, алға мақсат қойды. Енді осыны жүзеге асыру бірінші кезекте ел билігінің тізгінін ұстап отырған лауазым иелері басшылардың, қала берді әр саладағы зиялы қауымның, мамандардың міндеті. Осы екі топ халықты арттарынан ерте білулері қажет. Екі аққудың да бір басшысы бар, ұйымдастырушы күш болмайынша халық өз бетімен «Жаңа Қазақстан» құру мүмкін еместігі түсінікті. Сондықтан лауазым иелері қазақ тілді, білімді білікті, іскері, халқына жан ашитын жақыны, кішпейіл болуы шарт. Осы тұрғыда арнайы топ құрып, халық сөзіне құлақ асудан бәрін бастаса теріс болмайды. Президентің көтерген осы бастамасынан халық үлкен үміт күтіп, барлығы оңалады, жаңарады, тірлігіміз жақсарады деп нақты сеніп отыр. Сондықтан бүкіл халық Президентті сынамай, тек қолдауы, Президентің жанындағы қызыметкерлер жасапаз болуы дұрыс. Ең негізі халықтың ұсыныс тілегін қабылдап, азаматтармен санасып отырса ғана қоғам оңалады. Өткен 30 жылдағы біздің негізгі қателігіміздің бірі осы болған. Президентіміз өз үндеуінде осы кемістіктен шығудың жолын дөп басып қоғамдық келісім кеңесін мүддем басқаша құруды ұсынды. Ендігі жерде Президенттің кезекті үндеуін, және бұрыннан көтеріп келе жатқан ұсыныс талаптарын жүзеге асыруды қадағалайтын қоғамдық топ құрып нәтижесін Президентке таныстырып отырса жаңара бастауымыздың бастамасы болар еді.  Қателіктің бәрін адамнан емес сол өмір сүріп отырған  қоғамнан іздестіре бастағанымыздың өзі оңалудың белгісі.

   Халықтың қамын ойламайтын бюрократ қоғамды, «бәрін  адам үшін жасайтын мейірбан, ізгілікті қоғамға» ауыстыру қажет екенін халық толық түсініп, соған бет бұруды ұсынып отыр. Ал басшылардың іскерлігі жетіспей отыр. Мұндай қоғамды құру жоғарыда айтқанымыздай, сондай қиын, қолдан келмейтін күрделі шаруа емес. Керісінше бас ауыртпайтын, қалың шығын, қаржы талап етпейтін, халыққа да, мемлекетке де титтейде зияны жоқ, пайдасы ұшан теңіз, адамдарымыз қалап, аңсап келген тірліктің көзі. Басқаша айтқанда адамдар санасымен, рухымен жұмыс істеп, отарлық саясат қалыптастырған қатыгездік, алауыздық, бақталастық, көреалмастық сияқты жағымсыз мінез-құлықтан халықты арылтудың жолы. Мұның әуелгі кезегінде мемлекттік билікті ұстап отырған лауазым иелерін тәрбиелеу, ұғындыру, түсіндіру, іс басқару тәсілдерін түбегейлі өзгерту, ал болмағандарын ауыстырып, орнына жан-жақты ойламды, қазақый рухты, халық арасынан шыққан жаңа кадрларларды көптеп әзірлеу дұрыс. Басшылық қауым мейірімді болса, халық пен мемлект арасы жақындайды. Адамдар мемлекттік саясатқа жөнді-жөнсіз қарсы тұрып, айғай-шу шығарып, қоғамда бейберекетсіздік туғызбайды… .

 Екінші. Халықтың әлеуметтік саладағы мұқтаждықтарын шешуге нақты бет бұрыс жасай алғамыз жоқ. Жасау үшін шет елдерге сақталған қаншама млр доллорлады қайтару, жекеге кеткен жер, ірі өндіріс саласы, қазба байлықтарды халық мүддесіне айналдырудың жолдарын таба алғамыз жоқ. Президенттің ел экономикасын көтеруге, халықтың әл-ауқатын жақсартуға байланысты жоғардағы бастамасын жүзеге асыру жолын уақыт алдырмай табу дұрыс, табу жолдарын халық ұсыныпта отыр. Мұның сыртында біздің экономикамыздың өзге елге, кейбір алпауыт елдерге, тіпті,  пайдасынан зияны басым қажетсіз одақтарға тәуелді болғанымыздың да зияны тиіп отыр. Оған қоса Ресей мен Украина арасындағы соғысқа қатысты батыс елдері мен АҚШ-тың санкциясы тұра тұралата бастады. Әрине, бұл қиыншылықтан шығудың жолдарын Президентіміз бен үкімет жан-жақты қарастырып жақаны белгілі. Дегенмен айта кетейік, біздің ендігі саясатымыз бір елге бағынышты болмай көп векторлы бағыт ұстану, шет елдердің барлығына есігімізді айқара ашу, кедендік салық саясатын мейілінше жұмсарту, бейтарап мемлекет болу сияқты бағыттарды ұстану арқылы ауыр жағдайдан шығуға болады. Бұл екі жағымыздағы екі алпауыт көршімізден қол үзу емес, керісінше тереземіз тең болудың жолын ашады. Саясатта «кіші ел» деген ұғым болмауы керек. Ал біз болсақ кішіге санала береміз. Ұлттық тілімізді Мемлекетіміздің тіліне айналдыра алмауымызға, екі қазақ өз тілінде сөйлесе алмауымызға тұра өзіміз кінәлі, соның кесірін тартып отырмыз.                         

  Оның үстіне көп ұлтты мемлекет ретінде ел ішіндегі ұлтаралық қатынас, береке бірлікке жаңа көзбен қарау, жаңаша ұйымдастыру, мейірімді болдыру, бір біріне жаны ашитын жақыны ету, шынайы қамқорлыққа алу жағынан кемшін тұстарымыз жоқ емес. Халықтың берекесін қашырып, ұлтаралық қайшылық туғызуды мақсат тұтқан іш сырттың арандатушы күштерінің іс әректіне тосқауыл қою «Жаңа Қазақстан» құрудың өзекті мәселелерінің бірі болуға тиіс. Бұл ретте ұлттық ынтымақа ұйтқы болатын «Қазақстан халықтары ассамбелеясы» әр ұлттың өз мүддесін күйттеу емес, барлық ұлттардың ынтымақ-берекесін арттыруға бағытталған жұмыстарды ұйымдастаруы қажет.

Төртінші. Мазасы қашқан халықты тыныштандыру, сабырға шақыру жағынан да кемшін тұсымыз жетеді. Ұлттық идологиямыз жоқтың қасы. Бұл мақсатты жүзеге асырудың басты тетігі – жариялылық, демократиялық принциптердің салтанат құруы. Бір сөзбен айтқанда адамдар бір бірін жақсы көретін, бір бірін сыйлайтын мейірімділік заңдылығына сүйенген, қоғамда «Мейірімділік қатнас» қалыптастуға байланысты үгіт насихат жұмысы тынымсыз жүріп тұрса ғана қоғам оңалады. Адамдардың наразылығын күшпен басу емес, олардың уәжін, мұң-мұқтажын тыңдап, салиқалы шаралар қолдану,көмектесу, түсіндіру, рухты ету сияқты үгіт, нәсихат жұмысын кең көлемде жүргізе білуіміз дұрыс. Бұл мақсатты біз күштік құрылымдардың құрамын жаңалаудан, жұмыс тәсілін өзгертуден бастауға тиіспіз. Кешегі «қаңтар оқиғасының» себеп-салдарын арада үш ай өтсе де ашып айтпауымыздың өзі қазір халықты алаңдатып отырғанына қортынды жасауымыз керек. Әрине, бұл уақыт талап ететін күрделі шаруа екенін түсінеміз. Қалайда жазықсыз адамдардың жазаланбауын қадағалау, экстримистік топтарды анықтап, қатаң жаза тағайындау, алда болуы мүмкін мұндай әрекетердің жолын кесу бәрінен маңызды. Осы оқиғаның шынайы шындығына халықтың көзі жетсе, бұқараның мемлекетке сенімі артады. Бұл мақсатқа қол жеткізудің тағы бір жолы демократия деген осы екен деп бейбастыққа, батыстық азғандыққа, халықты бір біріне айдап салып, қоғамды іштен шірітетін түрлі діни секталардың жымысқы, жантық әрекеттеріне  жол бермеу дұрыс. Біз сонда ғана шынайы демократялық, азаматтық қоғам орната аламыз.

Бесінші: «Жаңа Қазақстан» құру үшін біздің халқымызға, әсіресе зиялы қауымға, мемлекеттік қызметкерлерге қоғамдық жасампаздық қажет. Жасампаздық дегеніміз не? Ең алдымен белсенділік, іскерлік, білім-парасаттылық, ақылдылық пен қоса мейірімділік керек. Өткен қоғам бізді дайын асқа тік қасық, жатып ішерлікке үйретті. Мұның басты себебі социалистік қоғамның жеке меншікті жойып, барлық байлықты мемлекет қарамағына алып, адамдарды біркелкі аштан өлмес, көштен қалмас тірлікте ұстауы алға жетелейтін мүддеден, белсенділіктен айырды. Басқаша айтқанда ешкім де «өзім дегенде өгіздей қара күшін» мемлекеттік мүддеге жұмсауға құлықсыз болды. Соңғы 30 жыл бойы мемлекет басқарудың ескі жүйесінен шыға алмаған Қазақстан үкіметі экономикамызды нарыққа көшірсе де, ұлттық үгіт, насихат жұмысын ұмытып, мемлекеттік қызметкерледі жасампаз болдырудың тетігін таппады. Халықтың интелектісін арттыруға күш салмады. Әсіресе, ғылым, білім, мәдениет саласындағы  зиялы қауымның еңбегі тиісті деңгейде бағаланбады. Ұлттық рухымызға сүйене алмадық, керісінше пайдасынан зияны мол тиетін заң ереже, стандарттаға бет бұрдық.  Сондықтан мемлекеттік қызметкерлердің жақсы өмірге қызығушылыға бар тобы сыбайлас жемқорлықпен баюды жол қылды. Енді бір бөлігі өз еңбектерін бағалату, игілігін көру мақсатында шет елдерге шығып кетті.

      Ендігі жерде «Жаңа Қазақстан» құрамыз десек жасампаздықтың маңызын жете түсінуіміз керек.  Жасампаз халық, әсіресе мемлекеттік қызметкер, ғылым-білім саласындағы зиялы қауым барлық игілікке қоғамды, елді дамыту арқылы жетуге болатынын жете түсінеді. Бірақ солай жетелейтін, алға ұмтылтатын қоғамдық тетіктерді ойлап табуымыз ләзім. Құр сөзден іске көшетін уақыт жетті. Бірақ өзгенің ақылымен жүріп, бас шұлғып, басқаларға иек сүйеп кеткен біз үшін жаңша ойлап, жасампазыққа жаппай көшудің де қиындықтары жетіп артылады. Әсіресе басшылар министрлерден бастап, облыс аудан әкімдері халықтың алдында қара сөзбен көсіле сөйлеп, халықты имандай ұйыта білетін нақтылыққа, жасампаздыққа көшулері қажет.  Шебер лектор бола білу керек. Біз ұлттық идеологияны сонда ғана қалыптастыра аламыз.  Басшылардың қар тазалап, кірпіш құймайтыны белгілі. Оладың міндеті халықтың алдында емін, еркін сөйлеп, көптің ұйытқысы, ұйымдастырушысы, ақылшы болу. Олар – халықты алға сүйрейтін локаматив күш. Сондықтан адамдардың көңілін табатын,  ойынан шығатын жұмыс жасауға  шыдамды, қабілетті болу  керек. Қазақ тілді кадрларыды көптеп дайындауға бет бұруымыз, ұшқыр ойлы, алғыр азаматтардың ұсынысын аяқасты етпеуіміз керек.

Біздің қателігіміз отыз жыл бойы бір адамның аузына қарап қалдық. Осыдан болып халықтың белсенділігі төмендеді. Басшы адамның басты ерекшелігі-шешен сөйлей білу. жігерлендіріп, сендіре білу керек. Ана тілінде еркін сөйлей алмайтын, «аузынан сөзі, қойнынан бөзі түскен» адамды халық басшы деп танымайды, сыйламайды. Сондай-ақ сөйлегеннің жөні осы деп әсіресе басқа ұлттың адамдарына тіл тигізу де дөрекілік. «Жақсы сөзге жан семіреді» дейді халқымыз. Біз ұлттардың бірлігіне сызат түсірмеуіміз керек. Мына бір алмағайып заманда  кешегі Жриновскийді қостаған ұлттшыл шовинст Зюгановтың ұлт аралық өшпенділікке итермелеген сөзінен байқауға болады. Олардың мақсаты Қазақстандағы орыс тілді халықтың мүддесін қорғау емес, Қазақстанды арандату жолымен тәуелсіздігінен айыру екені айтпаса да түсінікті.  Сондықтан біз халықтың ортасында ынтымақ-берекені нығайтуға күш салуымыз керек. Қазақ халқының жақын адамына қоң етін кесіп беруге дайын екенін, жомарттығын, мейірімділігін, Қазақстанға қандай бір қауіп төнсе, өзгелермен бірге  көретінін, баспен жақты айырмайтынын, қазақпен бірге басқа ұлттардың да зарадап шегетінін, өлседе, тірілседе бірге болатынымызды түсіндіруіміз керек. «Жаңа Қазақстанның» алдағы саясаты барлық ұлттардың нық топтасуы, бірін-бірі жақсы көруі, мейірімді қоғам құру екенін іс жүзінде айқындауымыз қажет.

  Қорта айтқанда халық «Жаңа Қазақстанды» өз бойларындағы рухани күш жігеріне, ата-бабадан жлғасып қанына сіңген мейірімділігіне, санасындағы озық дәстүр-салтына сүйене отырып жүзеге асырады. Ал мемлекет  қашанда халқына арқа сүйегенде ғана мәңгілік мемлекет бола алады.

  Міне, біз «Жаңа Қазақстан» құру үшін бүгінгі қоғамды алаңдатып отырған осындай басты мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталуымыз қажет. Басты мақсаттарды дұрыс талдап, атқарылатын шараларды осы бағыттарға бағыттай білсек, екінші дәрежелі проблемалар өзінен өзі шешілетін болады.


Үзбен Құраманбайұлы,

Қоғам қайраткері

Дереккөз: meirimdiqogam.kz


Пікір жазу
  • Жыл бойы несиені өтесеңіз де банктегі қарызыңыз неге азаймайды?
    Суперпрезиденттік басқару түрінен түбегейлі бас тартамыз –Президент

    Ұқсас тақырыптар