Өнерлі жігіт өрде озар

Уақыты: 2022-06-17 Көрлімі: 622 Сипаттама

1994 жылы қарашаның аяғында атамекенге атбасын тіредім. Жанкүйер ағаларым мен достарымның арқасында жолым болып Қазақстан ұлттық ғылым академиясының М.О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының аспирантурасына қабылданып,академик С. Қирабаевтың а...

Омарәлі Әділбекұлы

hqdefault.jpg

    1994 жылы қарашаның аяғында атамекенге атбасын тіредім.  Жанкүйер ағаларым мен достарымның арқасында жолым болып  Қазақстан ұлттық ғылым академиясының М.О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының аспирантурасына қабылданыпакадемик С. Қирабаевтың аспиранты болдым. Сол кезде біраз жігіттер Қазақстан ұлттық ғылым академиясы  мен Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік-ұлттық университетінің аспиранты атаныпжатақханаға қолымыз жетіпуақытша болса да баспана мәселесін шештік. Бұл да болса атажұрттың және өзіміз кітаптарын жата-жастана оқып пірімізге айналғанатағы алатаудай академиктер мен профессорлардың бізге жасаған әкелік қамқорлығы еді .

      Жатаққанаға жайғасқан соң  күндердің бірінде Қытай Қазақтарынан шыққан алғашқы тарих ғылымының докторы Бақыт Еженқанның бөлмесіне бас сұқсамкөркіне көз тоятынкөздері жайнапжұтынып тұрған бір аққұба сарыенді бірі қараторының әдемісі екі жігіт отыр екен. Мархум сазгер ақын әнші жеті қырлыбір сырлы талант иесі Ермұрат Зейіпқанмен  және қайталаньас талантты әншіұстазер мінезді Тілеубек Қожанұлымен таныстығымыз осылай басталды . Осының алдында ғана республикалық Күлаш Байсейтова атындағы әншілер байқауының жүлдегерлері атанған екі азамат тағы да бір халықаралық конкурстың шақыртуын алыпағылшын тілін жақсы білетін Бақаңның көмегіне жүгіне кепті.

22.JPG

        Тәуелсіздіктің қарсаңында ҚР халық әртісіпрофессор Кәукен Кенжатаев бастаған мамандар екі елдің келісімі бойынша ШҰАР-дан ашық конкурс бойынша 14 қыз-жігіт талдап алып келіп оқытады бір жылдан кейін екінші қарарын қабылдайды олардың тоқсан пайызы этникалық Қазақтар еді. Совет заманында шетелдік студент болып келген біздің кейіпкеріміз Тілеубек Қожанұлы алманың исі мұрын жарған әсем қала Алматыда тәуелсіздік деген киелі ұғымның қасиетін сезініптәңіртаудың баурайында көктудың желбірегенін көзімен көрді . Өтпелі кезең басталып қалтасы таяздаптүлкіқұрсақ күй кешсе дебостандықтың рухыеңсесі көтерілген елдің риясыз пейілі жас жігіттің мерейін өсіріпкелешегіне сенім ұялатты. Тоқсаныншы жылдардың басында Қытай реформасы өз жемісін беріп халықтың әл-ауқаты күн санап жақсара бастадызиялылардың тасы өрге домалапшетелден оқып келген мамандардың асығы алшысынан түскен заман болды. Жоғары жалақықызмет берушінің тегін пәтерішығармашылық адамдарына деген қолдау қоғамның негізгі үдерісі болды сонымен Шыңжаңнан келген курстастары жапа-тармағай универді пітіре сап еліне қайтып "социалистік төңкеріс пен құрлыстың " бір кірпіші болуға ұмтылғанда егіздей болған екі досты (Тілеубек пен Ермұратты ) атамекеннің дәмі жібермедісиқырдай баурапжіпсіз байлап тастады. Жастық жалын мен өнерге деген құштарлықотанға деген махаббат жүрегінің  әміріне бағындырыптәуекекелдің  жалына жармастырды. 1994 жылы сирек кездесетін дауыстары мен сызған суреттей мүсіндері ұстаздары мен көрерменнің ыстық ықыласына бөленген тел өскен екі сері Абай атындағы мемлекеттік академиялық балет-опера театрының қақпасынан аттады.

       Өлгенде көрген бостандықтың қызығына тойыпмейіріне енді қана бергенде Қазақ өміріне нарық дендеп кірді. Ақша ауысып құны тоқтамай құнсызданды. Жұмыссыздықтапшылыққылмыс өршіп дүние аударылып-төңкеріліп түскенде классикалық өнер жетім қыздың күйін кешіпкөрінгеннің қабағына жаутаңдап қалды. Арзан әмбебап өнербандитзмалып-сатарлық өмірдің өзегіне айналыпауылдарда мәдениет үйікітапханакиноханалар бос қалғандаТілеубек Қожанұлы қасиетті өнер шаңырағында Қазақ классикаларынан  "Абайда " Айдар Әзімнің "Біржан Сарада"  Біржанның"Қыз Жібекте "  Төлегеннің"Ер Тарғында " Сақанның образын сомдапаңызға құмарбатырға ынтық ақеділаңқау халқымыздың қиын күндердегі ауыртпалығын ұмыттырыпертеңге деген сенімін арттырды.  Демалыс күндерінде заманның ауқымына сай Ермұрат Зейіпқанұлы екеуі той-томалақтың көркі болды. Бұл жақтағы туыстар ұмыта бастаған ескі әуендер мен бүлінбегенөзгермеген еліктемеген сағынышты қозғайтын тосынтұнық әуез республика басшыларының назарын аударыпбүкіл зиялы қауымның алқауына бөленді. Таңжарық болып елімен амандасыптүрменің адам айтса сенгісіз сұмдығын жайып салдыАппақтың  "көкөзені " болып күңірендіарманда кеткен Әсет болып қалықтады"Ағажай Алтай "  болып ғасырлар қойнауында қалған мұң мен зарды зорлық пен зомбылықты жеткіздіБүркітбай, Сұлубай болып есесі кеткен ерлердің рухына дұға оқыды "Тарбағатай аймақсың бай " деп құт қоныпырыс дарыған құлыстайды көз алдыға алып келді несін айтасың! Еміл болып емірендіІле болып шымырладыЕртіс болып тасыды.

2.JPG

        "Өнерлі жігіт өрде озар " дегендей тәуекелдің қайығына мінген Тікеңнің еңбегі еш болмады.  Жас республиканың әр он жылдығында қанаты қатайыптомағасы тартылып түлеп ұшты. Әуелі жалғыз басы екеу болыпшаңырақ көтеріп өмірдегі серігін тапты кіндігінен өрген қыз бойжетіпүлдар ержетті. 2000 жылы ғасыр айырыында кәсіпкермеценат Еркін Қалиев тәуелсіз елдің алғашқы ондығында демографиялық дүмпү қозғау үшін  "2000 жыл қарадомалақ мың бала"  жобасын ортаға қойып сол мезетте туылатын мың балаға 1500 АҚШ доллары көлемінде жөргек си атағанда Тікеңнің отбасы сол бақытты отбасылардың қатарында болды. Өнерде де қатарынан оза шапты. 1995 жылы Ресей федерациясының Уфа қаласында өткен М.Глинка атындағы халықаралық әншілер конкурснда дипломмен марапатталса1996 жылы Германияның Мюнхен қаласында өткен халықаралық 45-ші реткі әншілер байқауына қатынасып мақтау қағаз алды. 2001 жылы Азербайжанның Баку қаласында өткен әншілер байқауына Қазақстанның атынан қатысты. 2000 жылы елімізде өткен жаңа ғасырда жаңа ән жобасына қатынасып гран приды жеңіп алды .

      1996 жылы өзі жұмыс істейтін Абай атындағы мемлекеттік академиялық балет-опера театрында есеп беру концерті табыспен өтіпжұрт қошеметіне бөленді.  2002 жылы дүниежүзі қазақтарының екінші құрылтайы қарсаңында әлемнің түкпір-түкпірінен келген құрылтай қонақтары мен Алматы тұрғындарына арнап  "Ардақты атамекенім " атты ән кешін өткізсе2009 жылы "Іңкәр жүрек "2013 жылы  "Сағыныш құсы"2021 жылы тәуелсіздіктің отыз жылдық мерейтойына арнап "Өз елім" атты шығармашылық кештерін өткізіп көрерменнің ыстық ықыласына бөленді .

FrfjXF57uUs8FFGw86r5nNSYbquqS6fxmgyL5b7gMECVVob6K1J6qvN3S_zocZzZUPU5pq5KXggT7EQM_5H5TQ4S (1).jpg

       1992 жылы Алматыда дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы құрылғаннан бері осы ұйымның мүшесі ғана емес жанашырыжаршысы болып келеді. Қауымдастық құрамында түрлі тарихи себептерге байланысты қандастар шоғыры қалыптасқан ТүркияРесейӨзбекстанМоңғолияҚырғызстанҚытай қатарлы елдерге барып тегін концерт қойып жерінелінтілі дәстүрінмәдениетін сағынған қамкөңіл қандастың сағынышын басыпжүрегіне жылулық силады. 2010 жылы ҚХР-ның Пекин қаласына барып еліміз ұйымдастырған Астана күндеріне бастан-аяқ қатынасты .

        2012 жылы халықаралық Қазақ шығармашылық бірлестігінің  "бейбітшілік әлемі"  атты алтын медалымен марапатталды. 2016 жылы 5 желтоқсанда ҚР президентінің жарлығымен "Құрмет " өрденін омырауына тақса  бұл күнде ҚР -ның мәдениет қайраткері аталады. 2007 жылдан бері Т .Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясының ұстазы болып көрген-білгенжиған-терген тәжірибесін шәкірттеріне арнап келеді.

1.JPG

        Мейірімді әке, жақсы жар, жора-жолдастың,  ұжымның мақтанышыұлағатты ұстаз Тікең өміріне дәнриза. Еліне алғысы шексіз. Бүгінде Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Алматы филиалы мен "Отандастар " қорының фронт кеңсесі орналасқан қара шаңыраққа арнайы келіп өткеннен сыр шертіпкелешекке деген үмітін, ақжарма тілегін жеткізді. Болашақ жоспарларымен бөлісіп, жаңа Қазақстандағы Қазақ көшінің көкжиегінің кең, тұғырының биік болуы үшін бір кісілік үлесін қосатынын айтты. Аралықта марқұм Қалдарбек Найманбаев ағамыздың жібек мінезін, бекзат болмысын, серілік ғұмырын, қамқор көңілін еске алдық, Тілеубек Талғат Мамашев ағасымен болған сапарларды ризалықпен баяндап өтті. Қазіргі басшыларымыз Зауытбек Тұрысбеков пен Абзал Сапарбекұлына толағай табыс тіледі . Кемеліне келгенбергенінен берері мол кезде қапияда көз жаздырыпмаңдайымызға симай кеткен өнердегі сыңары Ермұрат Зейіпқанұлының  "бұ дүниедегі жалғызы- Қазақстанның " көктуы мәңгі желбіреп көсегесі көгере беруі үшін "мінезбен де біліммен де тер төгейік" -деді. Аузыңа май астыңа тай "атасы жаудан қайтпаған" ЕСЕНКЕЛДІ батырдың рухы .


Пікір жазу
  • Қоғамдық және сарапшылар ортасынан басқарушылардың жаңа толқыны келе бастады – Ерлан Қарин
    Амангелді Шабдарбаев: Алтынбек пен Заманбекті өлтіруге тапсырма берілген...

    Ұқсас тақырыптар