ҮКІМЕТТІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫНДА МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ НЕ АЙТТЫ?

Уақыты: 2022-07-15 Көрлімі: 519 Сипаттама

Күрделі геосаяси сын-қатерге қарамастан, ел экономикасы 3,4 пайызға, ал нақты сектор 4,1 п...

293213139_760243058508630_3801597816883387674_n.jpg

Күрделі геосаяси сын-қатерге қарамастан, ел экономикасы 3,4 пайызға, ал нақты сектор 4,1 пайызға өсті. Әсіресе, өңдеу өнеркәсібі саласында айтарлықтай ілгерлеу бар. Дегенмен, ирфляция да бір орында тұрған жоқ. Қазір бұл көрсеткіш 14,5 пайызға жетіп 2015 жылғы деңгейден асып түсті-деп бастады өз сөзін мемлекет басшысы.

Сондықтан, Үкімет ел экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге тиіс. Ең бастысы, азаматтардың нақты табысын арттыру қажет-деп халықтың бүгінгі әлеуметтік, экономикалық жағдайын өзінің Президенттік парызы ретінде қолдап қамқорлық көрсететінін дәйектеп айтқаны елжұрттың сеніміне серпін бергені анық.

Инфляцияны тұрақтандырып, азаматтардың табысын арттыруда жаңа жұмыс орындарын ашу қажеттілігіне тоқталды.

Жалпы, азық-түлік бірден 80 пайызға қымбаттады. Үкіметтің бағаны тұрақтандыруға бағытталған шаралары тиімсіз болып шықты. Үкімет инфляцияны ескі әдіс-тәсілмен тоқтатқысы келеді. Оның өзінде бюджеттен қосымша қаражат бөліп, бағаны жасанды түрде ғана реттеп отыр. Яғни қымбатшылық себебімен емес, салдарымен күрес жүріп жатыр. Ал, шын мәнінде, керісінше болуы керек. Үкімет бар жауапкершілікті өңірлерге артып қойды. Олар әкімшілік ресурсты пайдаланып, дүкендерді аралап жүр, басқа тәсілдер және жаңа идеялар жоқ. Мұндай жұмыс ешқашан тиімді болған емес. Бір сөзбен айтқанда, нарық заңдылығына сай келетін жаңа ұстаным жоқ - деп қортындылап Үкіметтің жұмысына орташа деген баға берген мемлекет басшысы күзге қарай, мүмкін, кадрлық шешімдер қабылдау керек болады. Ерекше дағдарыс жағдайында бұл өте қажет екені түсінікті деп ашық айтты.

Шындығына келгенде: кейбір азық-түліктің бағасы қолдан белгісіз себептермен көтерліп жатқанын, тапшы деген газ, бензин, мұнай өнімдері мыңдаған тоныналармен шетелге заңсыз шығып кететіні, шекарадан ұсталып құрықталып жатқаны ресми түрде бірнеше рет жария етілгенімен Үкімет қандай шара көргені белгісіз. Президентіміздің қымбатшылық себебімен емес, салдарымен күрес жүріліп жатыр деуі де осыған қатысты деуге болады.

Бұл жергілікті жердегі кадрлардың, нарықтық қоғамның заңдылығы, мемлекет басшысының үндеу, жолдау саяси ұстанымына сай өздерін өзгерте алмай ескілікті көз қарастарында жүргеніне тікелей қатысты деуге болады..

Қазақ деген халық сөзге өте шеберміз және ана тіліміздің сөз байлығы да өте мол.

Соны жеттік меңгергендері сыныққа сылтау тауып халықтың мұң мұқтаж, қажеттілігін шешуге келгенде сөз бұйдаға салып салдарына қарай жауап беріп құтылып кете беретіні бүгінгі жиында әшкере болды десек болады.

Ауыл щаруашылығы министрлігіне, өнімді ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерден алдын ала тікелей сатып алу жолдарын айқындап, тиісті қауымдастықтарды және нарық субьектілерін жұмылдыруды тапсырды. Фермерлерге қолдау көрсету тәсілдерін бірлесе әзірлеуді тапсырды. Шаруа қожалықтарына ірі сауда желілерімен тығыз байланыс орнатуға мүмкіндік берілуі керек. Мұндай мүмкіндік олардың жұмысын жандандырып салаға инвестиция тартуға жол ашады – деді.

Отандық тауардың сауда орындарына кедергісіз шығарылуын қамтамасыз ету керек. Бұл-өте маңызды мәселе. Өнімге қосылатын бағаны нақты белгілеп, арада жүрген саудагерлер санын азайту қажет. Ол үшін, ең алдымен, жедел түрде тиісті заңнамалық шараларды қабылдауымыз керек. Үкімет «Атамекен» палатасымен бірлесіп, «Қазақстанда жасалған» жалпыұлттық жобасын бастау үшін ұсыныстар әзірлеуге тиіс – деп тапсырма берді мемлекет басшысы. Бұл бағаны қолдан шарықтатып жіберуге тікелей әсер етуші делдалдарға тиым салу деген сөз.

Халықтың табысын арттыру бағдарламасының жұртқа тигізіп жатқан пайдасы шамалы. Әкімдер жыл сайын әрбір 10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын ашуға тиіс. Өңір басшыларының жұмысын бағалаған кезде осы көрсеткішке баса мән береміз. Өйткені экономиканың тұрақты дамуы да осыған байланысты. Сондықтан Үкімет әкімдермен бірлесіп, бұл міндеттің қалай орындалып жатқанын талдауы қажет деп тапсырма берді мемлекет басшысы. Соның ішінде жастарды жұмыспен қамтуға баса назар аударатынын атап айтқаны өскелең ұрпақтың өзін-өзі дамытуына үлкен сенімділік берді десек болады.

Біз тарихи Отанына оралған қандастарды толық қолдаймыз. Өндірісі дамыған аймақтарға қоныстануға болады. Біз қажетті жағдайды жасауға дайынбыз дегені алыс-жақын шетелден келіп ата кәсібімізді дамытуға ерекше үлес қосып мал басын да жан басын да еселеп өсіріп жатқан, қазақтың ұлттық тағамдарымен халыққа қызмет көрсетіп жүрген жетісу өңіріндегі қандастарымызға үлкен қолдаудың бастамасы болды.

Еліміздің демографиялық, көші-қон, технологиялық даму барысын да ескерген абзал. Бұл мәселенің демографиялық және экономикалық қырын бірдей ұштастыра білген жөн.Үкіметке еңбек нарығын дамыту жоспарын шұғыл әзірлеуді тапсырамын – дегені ел ертеңі үшін өте өзекті мәселе болды.

Арықарай балаларды зорлық-зомбылықтан қорғауға, суицидтің алдын алуға, қоғам талабына сай емес бала бақшалар, мектеп оқу орындарының ашық емес екеніне, жауапкершіліктің жоқтығына да тоқталып қосымша білім беру-өскелең ұрпақтың қарым-қабілетін дамыту үшін қолға алынған бастама екеніне ерекше назар аудара келіп тиісті тапсырмалар жүктеді. Білімге салынған қаражат-мемлекет үшін ең басты инвестиция болуы маңызды деді.

Үкіметтің басты міндеттерінің бірі-ана мен баланың денсаулығын сақтау дей келе денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру өте баяу жүріп жатқанын атап өтті.

Автожол инфрақұрылымын дамыту саласындағы түйіткілдерге ерекше тоқталып биыл 11 мыңнан астам шақырым жолға әртүрлі жөндеу жұмыстарына 600 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінгенін айтты. Авто жол саласына түбегейлі реформа жасайтын уақыт жеткенін айтты.

Түйіндеп айтар болсақ: біз облыстық Қоғамдық кеңес атынан, Қоғамдық келісім орталығында халыққа қызмет көрсетіп Президенттің бүгінгі сөйлеген сөзі, берілген тапсырмаларының жергілікті аймақта орындалуына ат салысатын боламыз.


Жетісу облысының Қоғамдық кеңес мүшесі, 

Қоғамдық келісім орталығы директорының кеңесшісі

Құрметбек Сансызбайұлы.

Пікір жазу
  • Жақсыбек Құлекеев: Мұнай кранды кері бұрағанда тоқтай қалатын су емес...
    ҚР президентінің Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуінде сөйлеген сөзі

    Ұқсас тақырыптар