БІРЛІГІ БАР ЕЛ ОЗАР.....

Уақыты: 2022-10-22 Көрлімі: 572 Сипаттама

Бұл күнде қоғамның күнтәртібінен түспей, халықты елеңдетіп отырған маңызды жаңал...

 131286927_744938262779064_5108836217754172491_n.jpg

        Бұл күнде қоғамның күнтәртібінен түспей, халықты елеңдетіп отырған маңызды жаңалықтардың бірі «Әділетті қазақстан құрамыз»- деген Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың бастамасы болып отыр.

             Жасырары жоқ бұл бастамаға сенімсіздік танытып, ештеңе өзгермейді (Дұрысы өзгермеді) деп, байбалам салып отырғандар да жоқ емес.

        Әрине түсінуге болады «Аузы күйген үріп ұрттайды»- демекші бұрынғы айтылып орындалмай қалған уәделер, қағаз жүзіндегі өтірік есеп берулер мен асыра мақтаулар, қажетіне қол жеткізе алмаған кейбір  халықты ашындырып, билікке деген сеніміне селкеу түсіргені шындық. Ол үшін жалғыз адамды кіналап жатқандарда жоқ емес. Менің ойымша бұл келеңсіздіктерге сол тұстардағы  үкімет басшыларынан  бастап қарапайым  мемлекеттік қызметкерлерге дейін жауапты болу керек, заң үстемдігі салтанат құралмағанын да мойындауымыз қажет. Ең өкініштісі сол кездегі атқа мінгендер мен тегін олжаға келгендердің «Біздің де кінәмыз бар» деп, ортаға шықпағаны қынжылтады. Бұл жағын зерттеп, құқықтық баға беру құзырлы  заң тарауларының еншісінде болуы керек.

         Менің айтпағым  Әділетті Қазақстан құру туралы бір, екі ауыз өз пайымым еді.

1.Бізге шынайылылық пен ашықтық керек!

        Қаралы қаңтардан кейін мемлекеттік саясатта  үлкен  бетбұрыс болды. Өткеннің қателігін қайталамауды мақсат тұтқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелқлы Тоқаевтың бастамасымен  Ата заңымызға бір емес екі рет өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, халық тұрмысын жақсарту мен мемлекеттің өркендеуіне бағытталды. Мемлекет басшысы мартта және қыркүйекте екі рет халыққа жолдау жасап, саяси және экономикалық саясатымызды түбегейлі өзгерту арқылы  Әділетті қазақстан құру жолына түсетінімізді айтты. Жолдауда  «Ұлттық табыстың игілігін жұрттың барлығы көріп отырған жоқ, әрине мұның барлығы күрделі мәселелер, оны шешудің нақты жолдары бар»-дей келіп, халық тұрмысын жақсартудың  бағыт-бағдарын айқындады. Әлеуметтік әділдікті орнатып ұлттық қордың инвистициялық табысының 50 пайызын балалардың арнаулы есеп шотына, 7 пайызын «Қазақстан халқына» қорына аударуды ұйғарды. Келесі жылы жүз мың жасты жұмыспен қамту, жас кәсіпкерлер мен студенттерге 2,5 пайыздық несиелер беру және білім-ғылым, денсаулық салалары мен тағы басқа да салаларға реформа  жасау жөнінде тапсырмалар берді.

   Мемлекет басшысының тапсырмаларын атқаратын, тиянақтандыратын ел үкіметі, ал оны қадағалап сапаландыру үшін мәслихат депутаттары мен қоғамдық ұйымдардың көмегі қажет. Ашықтыққа,  жолдауда айтылған цифрландыру арқылы қол жеткізуге болады.

            Ендігі жерде өткеннен сабақ алып тек қана шынайы, ашық, нәтижелі жұмыстар жасалуы керек. Жалған есептің жарға жығатынын  бәріміз де көріп, біліп,түсініп отырмыз.

         2. Жұмыла көтерген жүк жеңіл.

                «Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел!»-деп,  Абай атамыз айтқандай, Мемлекет  Әділетті қазақстан құрудың бағытын айқындады. Осы барыста өз мүмкіндігін толықтай көрсете алмай келген ауыл-шаруашылық пен тұралап тұрған ауылдардың тамырына қан жүгірту мәселесі қайта қозғалды.

Кезінде кейбір әкімдердің жұмысына халықтың  көңілі толмағаны  шындық, оған біздің де жауапкершілігіміз бар екенін ұмытпағанымыз жөн. Әкімдердің жұмысын қадағалап, оларға сын-пікірлерін айтады деген кейбір ардагер ақсақалдарымыздың кадр өсірумен айналысып немесе тендер алушылардың сойылын соғып кеткені жасырын емес. Қаралы қаңтарда  әлеуметтік әділетсіздікке наразы болған жастар кімге сенерін білмей сеңдей соғылысқанда, кейбір обылыстар мен қалаларда  жастарға басу айтып, арандап қалмауға шақыратын  ақсақалдар мен зиялы қауымның  болмағаны елдігімізге сын деуге болады.

           Өсіп келе жатқан жас ұрпақ сөзімізге емес ісімізге қарайтыны белгілі, «Ұяда не көрсең үшқанда соны аласың»- деген тәмсіл бекерге айтылмаған болар. Сондықтан аға буын өкілдері- жастарға ісімізбен, еңбегімізбен, адалдығымызбен үлгі болғанымыз жөн.

          Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаев алдағы уақыттарда барлық деңгейдегі әкімдерді кезең-кезеңімен  халықтың таңдауы арқылы сайлануға жол ашатынын ескертті, қазірдің өзінде ауыл әкімдері жергілікті  халықтың  сайлуы арқылы билікке келеді. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, руына, жігіне қарамай, ауызбіршілікпен  нағыз іскер, отаншыл азаматтарды сайлау арқылы, кеңесе отырып, жұмыла жұмыс істелуі керек. Атам қазақ «Кеңесіп пішкен тон келте болмас»- дегенді осындай берекелі елге қаратып айтқан болар. Ардагерлер, басқада қоғамдық ұйымдар  барлық саланың жұмысының нәтижелі болуын талап ететін институтқа  айналуы қажет.

          3. Ауызбіршілік ауадай қажет.

                   Жақын жылдардан бері әлемдік геосаяси жағдай ушығып барады. Құдай қосқан көршілеріміз өз жақындарымен жауласып аяғы  қантөгіске ұласып отыр, Россия мен Үкраина, Қырғызстан мен Тәжікстан,  Қытай мен Тай ван ежелден ағайынды елдер болғанымен араларына сызат түсіп аңдысып отыр,  бұл текетірестің салқыны аталмыш елдердің ортасында отырған біздің  елдің экономикасы мен тұрақтылығына  әсер етпей қоймасы анық. Жаппай қымбатшылықтың салқыны ел азаматтарын қинап отырғаны жасырын емес. Осындай ұрымтал тұсты пайдаланып айрандай ұйыған тыныштығымызды бұзғысы келетін сыртқы күштермен бірге, арамызда жүрген жат ниеттілердің де бар екенін бағамдап білгеніміз жөн, (әрине бұл топқа ұлттың тұтастығы мен мемлекеттің болашағы үшін шыбын жанын шүпірекке түйіп, шырылдап жүргендерді қосуға болмас.) Десе де берекемізді бұзғысы келетіндердің бары анық, олардың мақсаты мемлекеттілігіміздің тамырына балта шабу. Қара ниеттілердің  жымысқы әрекетіне жол бермей. Мемлекетіміздің тұтастығын қорғап, дамыту   әрбір қазақстандық азаматтың бұлтартпас борышы.

          Мемлекет басшысы жолдауында айтқан кезектен тыс Президент сайлауы   қараша айының жиырмасы күні өткізілетіні белгілі болды, осыған орай әрбір республикалық қоғамдық бірлестіктер өз кандидаттарын таңдауға кірісті.

              Еліміздегі ең ықпалды саяси күшке айналған  «AMANAT» партиясы 6 қазан күні кезектен тыс өткізілген XXIV сьезінде ел Президенттігіне үміткер ретінде Қ.К.Тоқаевтың кандидаторасын ұсынып, наурыз айынан бері талқыға шығарылып, халықтың қажетіне бейімделіп қайта жазылған партияның жаңа Саяси тұғырнамасын бекітті.

                Ақ жол мен Халық партиясы және бірнеше Республикалық қоғамдық бірлестіктер «AMANAT» партиясының таңдауына қосылып,  халықтық коалеиция атынан ел Президенттігіне үміткер ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдайтынын жеткізді

            Халықтық коалеицияның форымында сөз алған әрбір азамат, Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың жүргізіп отырған реформаларының  халықтың тұрмысын жақсартуға, жастарды қажетті білім-ғылыммен қамтамасыз етуге, сапалы медициналық көмектердің қол жетімділігіне, жемқорлықты түбегейлі жойып ашық үкімет орнатуға, сондай-ақ Күшті Президент. ықпалды Парламент. есеп беретін Ұкмет қағидатын орнатуға бағытталғанын баса айтты. Сонымен бірге «Өзі бастаған реформаларын аяғына жеткізуге мүмкіндік беруіміз керек!»- деген шешімге келді. 

           Әлемді тұрақсыздық жайлаған тұста Қазақстандағы бірліктің бұрынғыдан да нығая түсуі «Түрлі көзқарас-біртұтас ұлт» деген қағиданың көрінісіне айналып, саяси мәдениеті қалыптасқан ел екенімізді дәлелдеді.  

               Халықтың әл-ауқатын ілгерлету мен Мемлекеттілігімізді одан ары нығайтудың кепілі болатын,  Әділетті қазақстанды құру үшін бізге алдағы уақыттарда отаншылдық идеиясын ұстанған,  еңбекқорлық пен   ауызбіршілік ауадай қажет!

    

    Әбдіғани Бәзілханұлы

     «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалы саяси жұмыс бөлімінің консультанты.

  08 қазан 2022 жыл. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Пікір жазу
  • Қ. Тоқаев: ХХІ ғасыр Азия ғасыры болады деген болжам бүгінде шындыққа айналды
    Мұхтар Мағауин: Қазақстан дәуірлей берсін!

    Ұқсас тақырыптар