
Қазақ көші басталғалы 36 жыл болды. Бұл жерде назарымызға 1991 жылы наурызда Моңғолиядан "еңбек шарты" бойынша сол кездегі Талдықорған облысына көшіп келген 70 адамды алып отырмыз. Содан бері қазақ көші ұйымдық, қаржылық институттары қалыптасқан, халықаралық заңдар мен келісімдерге арқа сүйеген еліміздің ішкі-сыртқы саясатындағы маңызды бақыттардың біріне айналып қана қоймай, халықаралық құбылыс ретінде мойындалды. Осы барыста біз дүниежүзілік озық елдер санатына кірген Германиялық модел мен Израильдық моделді өзімізге үлгі етіп алдық. Оның нәтижесі де айқын көрінді. Тәуелсіздік алып, нарықтық қарым- қатынасқа өткенімізде , Кеңестік диктатураның зорлығымен жер аударылып келген өзге ұлт өкілдері өз Атамекендеріне жөнкіле көшті де еліміз қоғамы маман және еңбеккүш тапшылығына ұшырады. Осы бостықты әлемнің әр түкпірінен келген Қандастарымыз толтырды. Сонымен бірге жас мемлекеттің алдында ұлттық жаңғыру және біртұтастану міндеті де тұрды . Осы стратегияның сапалы, кешенді жүзеге асуы үшін қандастарымыз жаңа қан, жаңа күш ретінде ерекше рөл атқарды. Бұл күнде жиырма милионнан ассақ соның ішінде Қандастардың да үлесі бар. Біз елге шетел азаматы болып тіркелген және азаматтық алған кісілерді санаймыз да олардан өсіп-өнген ұрпақты есепке алмаймыз. Олар күй талғамай еңбек етіп салық төлеп, жаңа жұмыс орындар ашуда. Шетелден шағын-орта бизнес саласында тартылған инвестицияның біразы солардың үлесінде. Олар өздері өмір сүрген елдердің озық дәстүрлерін, жаңаша бизнес жасау тәсілдерін және капиталдарын елге әкелуге дәнекер болуда.
Заман талабы, уақыт өзгерісіне қарай қазақ көшінің бағытында бұрылыстар болуда. Бұл түсінуге, қолдауға татитын құбылыс. Дегенмен, қоғамды , халықаралық жағыдайды тексеріп-зерттемей әміршілдік жүйенің ықпалында кету де дұрыс емес. Жаңа Қазақстан елдің ең басты капиталы—адам деп Ата-Заңында жазды сонымен бірге Заң мен Тәртіп негізгі қоғамдық құндылық ретінде дәріптеліп отыр. Осы тұрғыдан келгенде Үкіметтің шығарған бұйрықтары мен белгілемелері Ата-Заңға қайшы келмеуі керек. Біз көптеген халықаралық ұйымдар мен одақтарға, бірлестіктерге мүше болып, өзімізге міндеттеме жүктеп, жауапкершілік алып отырмыз. Үш минстрліктің бірлескен бұйрығы бойынша қолданыстағы көші-қон заңының кей тармақтарына өзгеріс еніп, талаптар қатаңдатылды. Қош, солай болсын, бірақ оның салдары қалай болып жатыр ? Енді осы жағын сөз етейік.
Бірінші, еліміз әлеументтік ел ретінде әлем назарын аударып отыр. Білім, денсаулық саласына көптеген жақсы жағыдай жасалған. Техником тегін оқытылады, жоғары оқу орындарына жыл сайын жүз мыңға таяу мемлекет грантты бөлінсе, оның 4 пайызы Қандастардың перзентіне арналған. Заңдағы өзгеріс бойынша енді белгіленген 7 обылыстан басқа жердегі этникалық қазақ студенттер Қандас куәлігін және Қазақстан азаматтығын ала алмайды. Сонымен бір студентті бес жыл бюджет есебінен оқытып алып, қайтадан шетелге жібереміз.
Бұдан кім ұтылады ? Әрине, біз.
Екінші, көш басталғалы 35 жыл болды. Осы барыста шетелдегі Қандастардың бәрі де объективті және собиектвті себептерге байланысты көшіп келе алмады. Бірақ, бір-екі баласын Қазақстанға жіберіп оқытты. Келгендердің дені осында қалып , отбасылы болды. Қазір сол студенттердің әке-шешесі зейнет жасына толып ендігі қалған ғұмырын бала-шаға, немерелерімен бірге өткізгісі келеді. Оларға жұмыс, баспана, әлеуметтік көмек керек емес. Тек бөлініп-жарылған отбасымен қауышуы керек. Оларды қалай кеудесінан итеріп шекара районға бар дейміз? Бұл халықаралық Вена, Хелински сияқты ұйымдардың біз қол қойғ ан тармақтарына қайшы емес пе?
Үшінші, шетел қазақтарында бизнесмендердің екінші, үшінші буыны қалыптасты. Қазір еліміз де шетел инвесторлары үшін өте қолайлы, жағымды климат бар екеніне елдің бәрі куә. Енді осы орайдан олар да құр қаллғысы келмейді.Оларға да әлеуметтік көмек, жеңілдік керек емес. Тек нарық болса болғаны, капиталын көшіруге даяр. Қазақстан халқының тең жарымнан астамы Алматы қаласы мен обылысы, Шымкент қаласы және Жетісу, Жамбыл, Түркістан обылыстарында орналасқан. Ал, бұл бизнесмендерді белгіленген жеті обылысқа жіберу балықты теңізден алыстатқанмен бірдей. Олар келсе нарыққа бәсеке келеді. Жұмыс орындар ашылып, салықтың түсімі артады. Оларға тек қана құжаттары кедергісіз реттеліп, қалаған жеріне орналаса болғаны, қалғанын өздері реттеп алады.
Төртінші, Қандастардың басым бөлігі авторитарлық елдерден келгендіктен, елімізде орнаған батыс құндылықтарын мысалы, еркін баспасөз, кісілік құқық, демократия дегендердің ара жігін ажырата білмей ауа жайылып, айхайлап кеткендері де баршылық. Жат елде жүріп жалтаңкөз болып жасып келгендер еркіндікке қолы жеткенде мемлекеттік мүддені, зайырлы қоғамның принциптерін ұмытып тым саясиланып кеткені де шындық. Бірақ ондай адамдар саусақпен санарлықтай өте аз. Бірдің лаңы мыңға тиеді дегендей жағыдай қазір қалыптасып жатыр. Заң мен Тәртіп салтанат құрған қоғамда Партия, топ құрып, заңсыз жылу жинайтын алаяқтар тиісті жазасын алып, елім деп қелген қарапаыым Қандсстардың заңдық, азаматтық құқықтары қорғалуы керек.
Жер көлемі жағынан әлемнің тоғызыншы орнын ұстайтын Республикамыздың жан саны енді ғана 20 эмилионнан асты. Жан басына шаққандағы жалпы ішкі өніміміз 306 милиард АҚШ доллары болды. Осы ұлан байтақ жерге ие болып, өзгенің ойы түгіл, түсіне де кірмейтін сұрапыл экономикалық өсімді ұстап тұру үшін бізге демографиялық өсім, сілкініс керек. Сондықтан да сапалы адам деген романтиканы қоя тұрып, шынайы өмірге тұра қарағанымыз абзал. Сан мен сапа бірі-бірін толықтырып отыратын егіз ұғым.
Омарәлі Әділбекұлы




