2019 жылдың 29 мамыр күні Талдықорған қаласындағы Алматы облыстық азаматтық істерді қарайтын сотта Қытайдан келген қандасымыз Сайрагүл Сауытбайдың Алматы облыстық көші-қон қызметі басқармасының жанынан құрылған комиссияның 2018 жылдың 4 қазанындағы Сайрагүл Сауытбайға босқын мәртебесін беруден бас тартқан шешіміне қарсы түсірген талап-арызы бойынша соттың кезекті отырсы өтті.
Бұл реткі сот отырсында Алматы облыстық полиция департаменті өкілінің 2019 жылдың 8 сәуіріндегі Алматы облыстық Талдықорған сотының осы іс бойынша өндірісті тоқтату жөнідегі ұйғарымын бұзу жөніндегі жеке өтініші қаралды.
2019 жылдың 8 сәуіріндегі Алматы облыстық Талдықорған сотының істі тоқтату туралы шешімін бұзуға Сайрагүл Сауытбай мен оның адвокаты Айман Омарова да келістетінін білдірді.
«Алматы облыстық Талдықорған соты 2019 жылдың 8 сәуір күнігі сотта Сайрагүл Сауытбайға арыз-шағымы бойынша жүріп жатқан сот ісін Алматы облыстық көші-қон қызметі басқармасының жанынан құрылған комиссия мүшелерінің іс-сапарда болуына байланысты өндірісті тоқтата тұру туралы шешім шығарған, бүгінгі күні істі тоқтата тұру туралы себептері жойылғандықтан Азаматтық кодекстің 276 бапындағы талаптар бойынша сот ісі бойынша іс жүргізуді қайта бастауға болады деп санаймын. Осыған байланысты Талдықорған қалалық сотының 8 сәуірдегі ұйғарымының күшін жойып, істі қайта қарауға Талдықорған қалалық сотына қайта жіберуді сұраймын»,- деді прокурор Бейсембаев.
Судья Арыстанбек Ыстыбаев жауапкердің жеке өтініші бойынша «Алматы облысы Талдықорған сотының 2019 жылдың 8 сәуірдегі осы іс бойынша өнідірісті тоқтату жөніндегі ұйғарымы бұзылсын, іс мәні бойынша бірінші сатыдағы сотқа қаралуға жіберілсін, Қазақстан республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы облыстық полиция департаменті өкілі Шанбаеваның жеке өтініші қанағаттандырылсын»,- деген ұйғарым шығарды.
Сот залынан шыққан Сайрагүл Сауытбай «Бұл осымен өткен 3- сот. Енді Талдықорған қалалық сотында маған босқын мәртебесін беру-бермеу мәселесі қаралады. Егер Талдықорған қалалық соты босын мәртебесін беру тұралы шешім шығарса сот процесі бітеді. Ол сотта өтінішім қанағаттандырылмаса іс облыстық сотқа түседі. Осы орайда мен үшін алаңдаған барша қандастарға алғыс айтқым келеді. Қазір жағдайым жақсы. Балаларымның жанындамын. Менің артымда бостандық сыйлап, бала-шағама қауыштырған сіздер барсыздар, сондықтан ешқашан мойымаймын. Менің өтінішім қанағаттанады, 1 миллион қандасын қабылдаған қазақ елі мені де қабылдайды деп ойлаймын» деп өзін қолдап сотқа қатысқан ағайын мен қазақ халқына алғысын білдірді.
Сот отырысына Сайрагүл Сауытбайды қолдап отыздан астам адам қатысты. Олардың ішінде Нұр-Сұлтан, Алматы, Орал, Ақтөбе қалаларынан келген қолдаушылар мен Талдықорған тұрғындары болды.
Jebeu.kz