Вашингтонда Қазақ-Америка қауымдастығы Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігінің қолдауымен шетелдегі қазақ диаспорасының бірлігін қалыптастыру мен нығайту мақсатында пикник форматында «Bas Qosu» атты жыл сайынғы іс-шара ұйымдастырды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесуге 150-ден астам қазақ диаспорасының өкілдері, сондай-ақ АҚШ-та оқитын студенттер қатысты. Іс-шара барысында түрлі байқаулар ұймдастырылып, қазақстандық суретші Ерден Зікібайдың картиналарының көрмесі өтті.
Қазақстанның Вашингтондағы елшілігімен қазақ диаспорасына ұлттық стильдегі кәдесый бұйымдары мен Қазақстан тарихы туралы кітаптар таратылды. Сонымен қатар, елшілік мәдениет және өнер саласындағы алдағы іс-шаралар, соның ішінде осы жылдың қазан айында АҚШ-тағы қазақстандық қолөнершілердің көрмесі туралы хабардар етті.
Jebeu.kz