«Қазақ картасын» елшіліктер қолдаса...

Уақыты: 2020-03-12 Көрлімі: 618 Сипаттама

жылы қандас ағайынға көмек көрсету, елге қайтару практикасы, мемлекеттік бағдарламала...

2019051315443116682_passport.jpg

жылы қандас ағайынға көмек көрсету, елге қайтару практикасы, мемлекеттік бағдарламалар мен диаспоралық саясатты түсіндіру мақсатында этнобірегейлікті дамытуға бағытталған талдамалық зерттеу жұмысы жүргізілді. Жоба барысында отандық мамандар Түркияның шетелдегі өз отандастарын мемлекеттік қолдау ісіне көз жүгіртіп, солардың тәжірибесін сараптап көрді.

Мысалы, тіл мәртебесін – ел мәртебесі деп санайтын бауырлас жұрт тіл үйренуге баса мән береді. Диаспоралық саясатта түрік тілін білу, білмегенге үйре­ту жолын берік ұстанады. Ана тілін үйрету арқылы қандас­тарын қолдап қана қоймай, барлық ұйымдар жұмысын ілгерлетіп, тиімділігін арттырған. Осы ба­ғыт­та Шетелдік түрік­тер мен туыстық қауымдастық бас­­қар­­­масы (YTB), «Мариф» қо­ры, Түрік ынты­мақтастық коор­динациялық агенттігі (ТИКА), «Жүніс Эмре» институты же­місті қызмет атқаруда. Шетелдегі диаспора өкілдерінен шыққан беделді, іскер азаматтар арқылы Түркия мемлекетінің абыройы асқақтап, беделі артып, инвестиция тарту бағытында нақты істер жүргізу жолға қойылған. Шетелдерде шамамен 140 мың компания түрік диаспорасына тиесілі. Түрік орталық банкінің мәліметтері бойынша, 2011 жылдан бас­тап Түркияға шетелде жұмыс істейтін және тұрақты тұра­тын түріктерден жыл сайын түсетін қаражат көлемі 1 млрд доллардан асқан. Жыл сайын шетелде тұрақты тұратын 2 млн түрік Түркияға келсе, олар­дың жартысы турист ретінде келеді. Себебі мемлекет өзге елде қос азаматтыққа тыйым са­лынған жағдайда түрік көшіп-қону­шыларына Түркия азаматтарымен тең құқық­тарға ие «Mavi cart» картасын қолда­нуға мүмкіндік берген. Бұл карта бойынша тек мемлекеттік қызметке қабылдау мен әскери қызмет өтеуге шектеу қойылған.

Енді өткен жылы «Отандастар қоры» зерттеу жұмыстарының нәти­жесінде шетелдегі қазақтар­ды мемлекеттік қол­дау бойынша алғаш рет «Қазақ картасы» ұғымын бұқараның талқылауына ұсынды. Бұл ұсыныс қазақ­стандық сарапшылар мен маман­дардың қолдауына ие болды. Бастама қоғам сұранысына ие бол­ғанымен, мемлекеттік органдар тарапынан қолдау тауып, нақты ше­шім қабылданбай жатыр. Мемлекеттік органдардың бұл мәселеде бір жүйеге келе алмауы қиындық туғызды. Мысалы, қандастармен тікелей жұмыс істейтін Қазақстан ел­шіліктерінің бір бөлігі «Қазақ картасын» қолдаса, кейбірі әлі ұстанымдарын айқындай алмай отыр.

«Қазақ картасы» шетелдегі бауыр­лары­мызға Қазақстан азамат­тарымен бірдей, сайлау және сайлану құқығынан бас­қа, ел аумағында емін-еркін жүріп-тұруға, бизнеспен айна­лы­суына, меншік иесі болуына, заңды түрде жұмысқа тұ­­руына, тегін білім алуына, меди­ци­на­лық қызмет жүйесін қолдануға толық мүм­кіндік беріп, қандастарымыздың тарихи Отанына деген қызығушылығын арттырады. Бұл өз кезегінде еліміздің экономикасы мен мәдениетінің қарқынды дамуына септігін ти­гізеді. Дегенмен, Қазақстанда шет­елдегі қандастарымызды қол­­дауға байланысты саяси ше­шімнің жетіспеушілігі сезіледі.

Жалпы, шетелдердегі түріктер қоныс­танған мемлекеттердегі озық технология, алдыңғы қатар­дағы жаңалықтар мен идеяларды тарихи Отанына жеткізуге ынталы. Мемлекет тиімді серіктестік ретінде өз қандастарына өндіріс­тер ашып, жетістіктерді енгізу үшін ынталандыру жүйесін қалып­тастырған. Бұл ретте «ту­ыс­­­қан елдің озық тәжірибесін неге Қазақ­стан­ға енгізбеске?» деген сұрақ туындайды.

 

Мағауия САРБАСОВ,

«Отандастар қоры» КЕАҚ вице-президенті


Пікір жазу
  • Мәжіліс «оралман» атауын өзгертетін заң жобасын мақұлдады
    Қазақ көшіне 152 жыл қажет