Қытайдағы үздік тележүргізушілер қатарындағы қазақ қызы

Уақыты: 2020-03-31 Көрлімі: 1432 Сипаттама

Қытайдағы kazakcnr.com сайтында, ішкі Қытайдағы Сычуань провинциясының телеарнасында жұмыс...

200329130604786e.jpg

Қытайдағы kazakcnr.com сайтында, ішкі Қытайдағы Сычуань провинциясының телеарнасында жұмыс істейтін тележүргізуші қандасымыз Дидар Азатқызымен болған сұхбат жарық көрді. Бұл туралы шетелдегі қазақ тілінде тарайтын ақпарат көздеріне апталық шолуын жасаған "ҚазАқпарат" порталы хабарлады. 

Аталған ақпарат құралының жазуынша, Қытайдың Тарбағатай аймағында дүниеге келген Дидар Азатқызы Бейжіңдегі Қытай геология университетінен ағылшын тілі мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін және Қытайдың ақпараттық медиа университетінен магистратурасын бітірген. Қазіргі күні «Сычуань ТВ» арнасының тележүргізушісі болып жұмыс атқарып жүр. Дидар БАҚ-қа берген сұхбатында, ішкі Қытай жеріндегі миллиондаған бәсекелестерінен оқ бойы озып, республикаға танымалы телеарнада жұмыс істеп, бала күннен тележүргізуші болсам деген арманының орындалғанын баяндаған.




«Менің ата-анамның екеуі де заңгер. Бірақ мен олардың жолымен жүрмедім. Бала күнімнен сахнада сөйлеуге қызығатынмын. Төрт жасымда өзімдей қыздар қуыршақпен ойнап жүргенде мен магнитофонды, микрофонды ұстап ойнағанды ұнатады екемін. Ал есейе бастаған шағымда Қытайдағы көптеген білікті тележүргізушілерінің Бейжіңдегі Қытай ақпараттық медиа университетінен оқығанын біліп, менде осы оқу орына түссем деп армандадым. 9-шы сыныптан бастап ішкі Қытайдағы Чжэнчжоу қаласында оқыдым. Мектепте оқып жүріп түрлі іс-шараларға, байқауларға белсенді қатыстым. Өнер курстарына жазылып өзімді жан-жақты жетілдіруге тырыстым» - дейді Дидар Азатқызы.

Дидар жоғары оқу орнында оқып жүрген кезінде де түрлі конкурстарда өзінің біліктілігін сан мәрте дәлелдейді. Ол Бейжің телеарнасы ұйымдастырған «Ең сымбатты ару» атты Республикалық дикторлар бәсекесіне қатысып, Қытайдағы 50 үздік диктордың қатарына кіреді. Сонымен бірге Дидар «Жэньминь жибао» (People Daily) сайты ұйымдастырған «Марафон жүргізуші» байқауында күміс медаль алып, «Халық спорты» марафон жарысының жүргізушілігіне ұсыныс етіліп, Қытайдың мемлекеттік CCTV телеарнасында практикадан өтеді. Дидар бұл секілді талай жарыстарда бақ сынап, топ жарады.








«Магистратураны оқып пітіргеннен кейін маған Шанхай спутниктік телеарнасынан және Бейжіңдегі Suning PP Sports телеарнасы мен Sichuan TV секілді үш телеарнадан жұмыс істеуге ұсыныс болды. Осылайша Бейжің немесе Шанхай секілді үлкен қалада қалып жұмыс істеу орайы туып, таңдау жасауыма тура келді. Жақсы көрген мамандығың бойынша алғашқы жұмысыңды бастайтын орынды таңдау өте маңызды деп ойладым. Сол тұрғыдан қарағанда Sichuan TV-де кәсіби білктілігімді шыңдауға мүмкіндіктің көп екенін білдім. Сондықтан осы арнада жұмыс істеуді жөн санадым. Кейіннен сол ойлаған мақсатыма жетіп, Sichuan TV-дің бірнеше арнасында, түрлі телебағдарламаларда тележүргізуші болып жұмыс атқардым. Бұл арна менің жан-жақты жетілуіме көмектесті», - дейді Дидар Азатқызы.



Пікір жазу
  • Дүкен Мәсімханұлы. Қытайдағы қазақтардың көші-қоны алғаш қалай басталды
    Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының қандастарға үндеуі

    Ұқсас тақырыптар