«ҚАНДАСТАРДЫ ҚОЛДАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН АРНАЙЫ БАҒДАРЛАМА ҚАЖЕТ»

Уақыты: 2020-05-06 Көрлімі: 2354 Сипаттама

ҚР Парламент Сенатының өткен аптадағы жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының көшi-қон процестерiн реттеу мәселелерi бойынша кейбiр заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заңы қаралып, қабылданған еді....

2018030204515762.jpg

ҚР Парламент Сенатының өткен аптадағы жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының көшi-қон процестерiн реттеу мәселелерi бойынша кейбiр заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заңы қаралып, қабылданған еді. Аталмыш заң бойынша Оралман атауы Қандас болып өзгереді. Заңды талқылау барысында баяндама жасаған депутат  Мұрат Бақтиярұлы заңға кірген және кірмей қалған қандастардың өзекті мәселелері  туралы сөз қозғап, көші-қон мәселелері мен  Қазақстандағы демографиялық жағдай туралы баяндап,  Қандастарды қолдауға бағытталған арнайы бағдарлама қажет деген ұсынысын айтты.

«Сырт жерлердегі сан миллион ағайындарымыздың атамекенге түпкілікті келемін деген ыстық ықыласын суытып алмай, сағынышы мен сүйіспеншілігіне сызат түсірмей, қазақ көшін қайта жаңғыртуымыз керек. Өйткені Қазақстан - шеттегі қандастарымыздың жалғыз рухани отаны. Сондықтан да елдегі халық санын арттыруда шетелдегі қандастарымызды қолдаудың ынталандыру бағдарламасын, яғни репатрианттарды әлеуметтік-экономикалық қолдаудың Кешенді шараларын қамтыған АРНАЙЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА қабылдауын талап етеді»,- деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Мұрат Бақтиярұлы.

Сондай-ақ депутат, Көрші Ресейде өз отандастарын ерікті көшірудің мерзімі шектелмеген Мемлекеттік бағдарлама қабылдағанын айтып өтіп, Қазақстан Үкіметі көші-қон мәселелерін жан-жақты қарастырып, этностық көші-қон жұмыстары өркениетті елдердегідей нақты бір жүйеге түсірсе деген ұсыныс-тілегін білдірді.

Мұрат Бақтиярұлының айтуынша 1991 жылдан бастап 2018 жылға дейін  көрші Өзбекстанда халық саны 60%, Тәжікстанда 68%, Қырғыстанда 43%-ға өссе, Қазақстанда халық саны 11%-ғана өскен.  Сол үшін көші-қон жөнінде бүгінгі заман талабына сай жаңа құжат дайындап, соған орай нақты іс-шаралар қабылдауы тиіс екенін айтты.

«Сарапшылардың пікірінше, шет елдерде 7 миллион этникалық қазақ тұрады екен. Бұл Қазақстанда тұрып жатқан 18,5 миилион халықтың 38%-ын құрайды. Демографиялық аспектіде үлкен әлеует болып табылатын осы ресурстарды дұрыс пайдаланудамыз ба?! Өкінішке қарай жоқ деп ойлаймын. Әлеуметтік сауалнамаларға сүйенсек, Қазақстанға шетелден 1,5 миллион этникалық қазақ тұрақты қоныс аударғысы келеді. Солай бола тұра соңғы 8 жылда қандастар легі жылына небәрі 10 мың адамды ғана қамтыған»,- деп арнаулы бағдарламаның қажеттілігін көрсетті.

Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан бері елімізге миллионнан астам қандасымыз келіп қоныстанды. Олардың Қазақстанға келгеннен бергі табиғи өсімін қосқанда Қазақстанға 1.5 миллионнан астам азамат қосылды. Қандастардың елге оралып, қоныстану үрдісін қамтамасыз ету үшін 1997 жылы ең алғаш рет Көші-қон туралы заң қабылданып, Қазақстанға көшіп келу үшін түрлі жеңілдіктер берілген болатын. Содан бері ҚР Көші-қон туралы заңына бірнеше рет өзгертулер мен толықтырулар енгізіп, заңды кемелдендіріп, халықаралық тәжірибелер мен ел ішіндегі жағдайларға, уақыт талапына сай өзгерістер енгізіп келеді. 1997 жылғы Көші-қон заңы қабылданғаннан 2012 жылға дейінгі 15 жыл аралығы қазақ көшінің алтын дәуірі болды. 2013 жылғы ҚР Көші-қон туралы заңына енген бірнеше өзгерістер қандастар көшін тоқтатты. Бұл өзгерістердің бір бөлімі 2015 жылы алынып тасталғанмен, сол кездегі Оралман мәртебесінің уақытына байланысты заңға енгізген өзгеріс қанастарды тағы да әбігерге салды.  Бұған қоса қандастар ең көп орналасқан Қытайдағы жағдай тағы бар. Осы сияқты түрлі кедергілер салдарынан соңғы 8 жылда қазақ көші табандап қалды. Есесіне шетелдегі қазақтардың өзін сақтап қалуы қиынға соғып барады. Европада мен Ресейдегі қазақтарды айтпағанда соңғы жылдары Қытайда тілі мен салт-дәстүрінен алыстаған жастар өсіп келеді. Оның үсітне Қытайдағы азсанды ұлттарға жасалған қысым да қандастарды қолдаудың нақты бағдарламасы керек екенін ұғындырды.

Қазақ көшін және шетелдегі қандастарды қолдау мақсатында Дүниежүзі қазақтарының бірінші құрылтайында Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы құрылған болатын. 2017 жылғы дүиежүзі қазақтарының 5- құлтайынан кейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Отандастар қоры құрылды. 2019 жылы «Отандастар Қоры» КЕАҚ жанынан құрылған Қоғамдық Комиссия құрлып, комиссия төрағасы ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы болған.

Елордада аталмыш комиссияның бірнеше отырысы өтіп, шетелдегі қандастардың қазіргі жағдайы және оларды қолдау үшін жасалар шаралар талқыланған. Сондай-ақ осы комиссияның талықысына Отандастар қоры жағынан дайындалған «Шетелдегі отандастарды мемлекеттік қолдау туралы» ҚР заң жобасы түскен. Бұл заң жобасы бойынша Шетелдегі қазақтарға «Қазақ картасы» деген құжат беріп, елге көшіп келгісі келетін қандастарға көшуге ниеттенген кезден бастап көші-қон жұмысын ұйымдастыруға көмек беруге, сонымен бірге қандастармен мәдени, экономикалық байланыстар орнатып, жан-жақты қолдау көрсетуді қамтыған.

Мұрат Бақтиярұлының көші-қон мәселесін, қандастардың жағдайын зерттеп жүргені бұл ғана емес, бұған дейін де Парламент қабырғансында қандастар мәселесін бірнеше рет көтерген. «Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігінің басшылары Омарәлі Әділбекұлы мен Рақым Айыпұлымен бірге 2015 жылы Үрімжі қаласына барып, Қытайдағы қандастардың виза алу мәселесімен танысып қайтып, елге келген соң мәселені Парламентте көтеріп шешілуіне мұрындық болған. Сонымен бірге 1997 жылғы ҚР Көші-қон заңының авторының бірі, 20 жылдан астам уақыттан бері Көші-қон мәселелерін зерттеп жүрген Рақым Айыпұлы қазіргі кезде сенатор Мұрат Бақтияұлының штаттан тыс көмекшісі. Сондықтан қандастар мәселесімен толыққанды білетін депутаттың парламенттегі көтерген ұсыныстары толық зерттелген, уақыт талапына сай, қоғам болып қолдауға лайық ұсыныс. Қандастарды қолдауға бағытталған арнайы бағдарлама қандастар үшін де, ұлттық қауіпсіздігіміз мен тұрақты дамуымыз үшін мемлекетімізге  де  қажет.


«Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігі

 

Jebeu.kz


Пікір жазу
  • Сенат «қандас» атауын енгізетін заңды қабылдады
    IV Дүниежүзілік көшпенділер ойыны Түркияда 2021 жылы өтеді