2019 жылы "Отандастар қоры" КЕАҚ тапсырысы бойынша "Қоғамдық пікір" зерттеу институты жүргізген әлеуметтік өлшеулердің нәтижелері, сондай-ақ әртүрлі сарапшылардың пікірі ең сақ бағалаулар бойынша Қазақстанға тұрақты тұруға қоныс аударғысы келетіндердің әлеуеті 1,5 млн.астам этникалық қазақты құрайды, бұл туралы сарапшылар «Отандастар қоры» КЕАҚ жанындағы қоғамдық комиссияның ортысында айтты.
«Отандастар қорының» мәліметінше қытайдағы қандастар елге жаппай ағылудың алдында тұр.
«Қытайдағы жағдай ерекше алаңдаушылық тудырады. Кейбір батыл болжамдар бойынша осы елден этникалық қазақтардың көші-қон әлеуеті шамамен 1 миллион адамды құрауы мүмкін. Мысалы, тек 2019 жылы ғана ҚР СІМ Қытайдан 43 мың этникалық қазаққа виза ашты. Бұл елге оралмандардың жаппай ағылуына дайын болу керек деген ой туғызады»,- делінген Отандастар қорының сараптамалық материалдына.
«Отандастар қорының» пайымдауынша этникалық көші-қонды ұйымдастыру мәселелеріне негізгі көзқарастарды қайта қарау қажет. Бұл ретте ҚР Көші-қон саясатының 2007-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасында қабылданған және 2017-2021 жылдарға арналған Тұжырымдамада жалғасын тапқан көшіп келудің іріктемелі (селективті) әдісінен алшақтап, этникалық қазақтарды репатриациялау бөлігінде көші-қон саясатының бәсекелестік қағидатына көшуді ұсынды.
Сондай-ақ Репатриацияны қолдау бойынша тиімді саясат жүргізу елдегі демографиялық, экономикалық ахуалға айтарлықтай әсер тигізетінін баяндады. Қандастарды қолдау шараларды іске асырудан күтілетін нәтижелерді төмендегідей атап көрсетті:
1) елдегі демографиялық ахуалдың айтарлықтай тұрақтануы;
2) көші-қон сальдосының траекториясы терістен болымды бағытқа өзгеруі;
3) адами даму индексі бойынша тартымды ел ретінде Қазақстанның имиджін жақсарту;
4) еліміздің депопуляциялық көрсеткіштері бар өңірлердің демографиялық және экономикалық сауығуы;
5) этникалық қазақтардың тарихи және этникалық Отанына оралу ағынын ұлғайуы;
6) елдегі кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі түрлі мемлекеттік бағдарламаларға (оның ішінде ауыл шаруашылығы өндірісіне де) белсенді қатысу мақсатында репатрианттар үшін жағдай жасалуы;
7) ел экономикасының сапалы дамуына қолайлы әсер етуі;
8) елдің жұмыс күші тапшы өңірлерінің еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі;
9) бос жатқан жерлердің игерілуі, экономиканың аграрлық және мал шаруашылығы салаларының сапалы дамыуы, елдің азық-түлік секторындағы тауарлы-нарықтық айналымының жандануы;
10) ішкі азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін еңсерілуі, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымының экспорттық мүмкіндіктерін күшейуі;
11) ішкі еңбек нарықтарындағы бәсекелестікті арттуы;
12) елдің қоғамдық-саяси дискурсындағы ұлттық-патриоттық контент наразылық өткірлігінің төмендеуі.
Сурет: "Егемен Қазақстан"