Елімізге көшіп келушілердің саны шетелге көшіп кетушілерден неге аз?

Уақыты: 2020-12-04 Көрлімі: 1329 Сипаттама

Өткен аптада Евразия теле арнасынан биылғы тоғыз айлық есеп бойынша 21 мыңнан астам ада...

unnamed (3).jpg

Өткен аптада Евразия  теле арнасынан биылғы тоғыз айлық есеп бойынша 21 мыңнан астам адам шетелге көшсе, былтыр 43000 адам елден кеткені айтылды. Орыс, украин мен немістің тарихи отандарына қоныс аударуы заңдылық.

Ал осылардан кейінгі орында қазақтар тұр. 37 пайыз. Бұлардың басым бөлігі 25-37 жас аралығындағы жастар екен. Қарапайым арифметикаға жүгінсек, бір адамға тұлға болып қалыптасқанша шамамен 10 млн теңге жұмсалады. Осы соманы елден биыл кеткендердің санына көбейтсек бақандай 210 млрд теңге шығын мемлекетке келіпті. Өзге елге дайын кадр болып барған эмигрант, әрине сол жердің, көсегесін көгертеді. Экономика тілімен айтсақ, эмигрант-тиімді тауар. Дамушы елдерден дамыған елдерге жақсы өмір іздеп кететін мигранттар сол жерді барып байытады екен. Мысалы көшпенділер жылына АҚШ экономикасына 2-триллион доллар, Германияға 550 млрд, Австралиаға 350 млрд доллар табыс әкеледі.  Отандастарымыз көбіне Ресей, Германия және Израильге қоныс аударыпты. Ол түсінікті де. Ал қаракөздер болса Түркия, Канада, Корея және АҚШ ты жағалайды екен. Шетелге кеткен 37 пайыз қазақтар үдере көшетіндей себебін, Әлеуметтанушылыр: Тұрмыстық материалдық және экономикада болып жатқан қайшылықтар мен қиындықтар. Бұл өмір, бұл үрдіс, бұл процесс қой. Теңгенің тұрақсыздығы, жұмыспен қамтудағы мәселе, еңбекақының мөлшерінің төмен екендігін айтады. Өз мамандығы бойынша жұмыс табу жағын тілге тиек етіп айтқан.

Ал, психологтер: Шетелге қоныс аударуға бел буғандардың дені өзін өзі тәрбиелеп, терең білім алған, алға қойған мақсатына жете білетін табанды, қажырлы жандар. Мұндай тұлға өз елінде де жетістікке жететіні анық, алайда олардың амбициясына Қазақстан жауап бере алмайды, Адамның таңдау құқығын шектейтін емес, себеп түсінікті, салдар ше?-депті. 

    Экономистер: Кетіп жатқан, мамандардың категориясына қарасақ, техникалық мамандар, қаржыгерлер, мұғалімдер мен дәрігер мамандар кетіп жатыр. Бұл азаматтар экономиканың негізгі қозғаушы күші. Әсіресе, техникалық мамандардың экономикаға әсері көп. Цифрлық ақпараттандыруға рөлі ерекше. Мұндай мамандардан айырылу экономиканы әртараптандыруға кері әсер етеді, қаржы саласы құлдырайды-депті.

     Биылғы пандемия елде білім, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту сынды қара халыққа өзекті болатын салалардың дамымағанын ашып көрсетті. Бала шағасының ертеңін ойлайтын интеллегентті азаматтың өз еліне сұлтан болуын бөгейтін бұл факторлар өзге жерде ұлтан болуға итермелейтіні анық та...»-деп журналистер талқылауға салып жеке-жеке тоқталып өтті. Міне осы хабарды көріп білген жұрт әлеуметтік желілерде қызу талқылауға да кірісіп кетті. Енді талдау жасап көрейік: Түркияда тұратын отандасымыз Лаура, Қазақстаннан кетпей тұрып, керемет жұмысым, командам, жақсы лауазымым болды. Жалпы қалыпты көңіл толарлық еді. Университетте оқып жүрген кезімде алмасу бағдарламасы бойынша Кипрға барып оқып келгенмін. Сол кезде Түрік халқын ұнатып қалдым. Осылайша күндердің күнінде Түркияға қайта барамын деп өзіме уәде бердім. Түркияның дәстүріне, менталитеті мен тіліне мәдениетіне ғашықпын. Екі минуттың ішінде сатушы, дәрігер дәріхана қызметкерлері сізден бәрін тәлпіштеп сұрап, сұрақ қойып жалақыңыздың сомасына дейін біліп алады. Бұл өте тамаша деп Stan. kz-тілшісіне сұхбат береді.

   Түркия азаматына тұрмысқа шыққан Гүлдара Үсенғалиева да Stan.kz- ке берген сұхбатында Түркияда халықтың патриоттық сезімі өте жоғары. Соғысқа да, жауға да бірінші тұратын мемлекет. Өз әдет-ғұрпын, өнерін, мәдениетін сақтап тұрған халық. Өз тілдерін қатты құрметтейді. Бәріне ортақ тіл-түрік тілі. Шетелдіктерге дейін түрікше сөйлеп кеткен. Түркияға жету үшін жастар көп еңбек етуіміз керек екенін түсіндім депті. Мұндай сұхбат, әңгімелер әркімге әртүрлі әсер қалдырады. Тек Түркияны жазып отырғаным соңғы кезде Түркиядан баспана алдық, Түркияға қоныстандық, жұмыс істеп жатырмыз, өмір сүруге қолайлы, жұмыс тез табылады, халқы өте мәдениетті деген әңгімелер әлеуметтік желі БАҚ-та жиі айтылып келеді. Еліктеген жастар қатары көбейіп бара жатқаны да шындық. Ақшалылары бірінші кезекте баспана алып жатқандарын мақтанышпен жеткізіп жатыр. Ал үндемей-ақ барып шетелде орын тауып жатқандары қаншама. Бәрін жұмыссыздықтан болып кетіп жатыр деуге келмейді.

   Қазақ елінде маман, қабілет білімдеріне сай қызметке орналаса алмағандықтан, мұндағы айлық жалақының төменгі деңгейі қажеттіліктеріне жетіспейтіндігінен, адами құндылықтары ескерілмей, тамыр-таныс, көкелерінің жоқтығынан, өмір сүру деңгейі жоғары болуына кедергілердің көптігінен шаршап, жалығып кететіндіктері тікелей әсер етуде.

  Яғни Қазақ елінде ұлттық мүдде ұлттық идеология, ұлттық құндылық, ұлттық мәдениеттілік, ұлттық парасаттылық, ұлттық тіл, өзімізге деген құрмет, сыйластық қасиеттеріміздің жүйелілігімен тікелей айналысатын орын барма деген сұрақ туындайды. Бөгденің тілінде сөйлеп, бөгдеге табынуды қоя алмай келе жатқанымыздың кесірі жастарға тиіп жатыр. Карантин ашылып халық тыныштала қалса шетелге қандай да бір жолмен көше беретін жастар саны жылына 40-50 мыңнан түспей жалғаса берсе демографиялық, экономикалық жағдайымыз не болмақ. Ал осы факторларға тікелей әсерлі шетелден тарихи отанына көшіп келетін қандастар көші тоқтағалы біраз жыл болды. Оның негізгі себебі көбісі маман қабілеттері бойынша қызмет жұмысқа орналаса алмады.

Он сот жер телімін тегін алып баспана салуға барлығында мүмкіндік болмады. Шетелде істеген еңбек өтілдері зейнеткерлікке шығарда есептелмей бес жыл бойы айқай шу болды. 2019 жылдан Еңбек өтілдері есепке алынғанымен шетелде білім алған, әскери міндетін өтеген жылдары есепке алынбай зейнетақылары төменгі дәрежеде тоқталуында. Халыққа қамқорлық жасап еңбегін бағалайтын Еңбек министрлігі шетелден келгендердің шетелде істеген еңбек өтілін есепке алады да шетелде оқып білім алған жылын есепке алмайды. Айтатындары оқуын есепке ал деген сөз заңда жазылмаған дейді. Енді сол заңды жазып бекіттірген өздері емеспе. Заңды бекіткен Президент біз заңға бағынамыз деп қандастарға қате түсінік қалыптастыруда.  Тұрақты тұру мақсатымен көшіп келгендеріне Оралман куәлігі, Ықтияр хат деген құжаттарсыз тура тікелей Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен қабылдау мәселесі шешілмегені көптеген қандастарымыздың наразылығын туындатуда. Осындай келеңсіздіктердің соңы көш тоқтауға немесе көшіп кетуге жеткізіп ағайындарға кері әсер қалдырып ой салуда... Көшіп барғанда үлкендеріміз қандай күйге түседі бізге не айтар екен. Жылы орнымызды суытпай әліптің артын бақсақ па екен дегендей... Осында келген қандастар арасынан шетелге барып мамандықтары бойынша еңбегі, талант-дарыны, өнерімен бағы жанған жандарда жоқ емес. Бокстан бағы жанбай осы саладағы құйтырқы қылықтар шаршатқан қазақ қызы Америкаға барып бірнеше жылда әлем чемпионы болып шыға келгені де қазақтарға әртүрлі әсер қалдыруда.   

  Қазақ елінің,қазақ жерінің иесі ұрпағымыз өз отанынан қолдау таппай шетелге үдере көшіп жатқаны қазақ үшін өте өкінішті де қасіретті жағдай. Әлем бойынша 8 (сегіз) миллиондай қазақтар әлі де шетелдерде тұрып жатыр. Бәрі болмаса да елге оралғысы келетін, отанын сүйетін қандастар араларында аз емес. Тығыз маман иелері де жетіп артылады. Тек шынайы қолдау қажет. Жоғары жалақыға жалданып келіп жатқан шетелдік кадр мамандардың білетін тілін бұларда біледі, бизнесмен кәсіпкер болудың қас шеберлері де араларында жоқ емес, әлем деңгейінде банк, lT саласында жемісті еңбек істеп жүргендері де баршылық.

Түйіні: Қазақ елінің мемлекеттік шығынын азайтуға, дамыған елдердің қатарына тездетіп жедел жетуіне өз еліндегі қазақтардың санын еселеп өсіруге қазақ ұлтының ұлылық қасиеті мен даналық құндылығы ғана жеткізері сөзсіз. Қазақ бейбіт өмірді қалайтын, қасындағы (бөгде ұлт өкілі болсын) көршісіне қабақ шытпайтын, кең пейіл, адал да ақ ниетті ұлт.  Аяқ асты нарықтық жүйеге қандай күш құдіреттің ықпалымен еніп кеткендерінен есеп алу жолына енді-енді бейімделіп өз-өздерін қолға алып қоғамдық жүйеде үлкен талқылау жетістіктерге қол жеткізіп жатқандары қуанарлық жағдай. Орнындағы оңалар дегендей орнықты мекен отандарынан кетпеулеріне, алыс жақын шетелдегісін отанына оңтайлы тартып алуға мемлекет пен үкімет бар мүмкіндіктер жасап қолдау көрсету  жүйесі жедел жолға қойылсын деп тілейік. Миграция десе ат тонын ала қашатын жергілікті әкімдік атқарушы органдардан, үкімет тоқсандық емес ай сайын есеп алып жөнге салатын дәуір әлде қашан жеткендей. Жалған есеп жарға жығатынын ақпараттық заманда өмір өзі ескертуде!

   Қазақстанда тұрып жатқан басқа ұлт-ұлыс өкілдерімен бірге қазақтың береке бірлігі артып әлемдегі барша қазақтар өз тарихи отандарында өмір сүруге алла несібе етіп Үкімет оңтайлы шешім қабылдасын деп тілейік ағайын!!!

 

Құрметбек Сансызбайұлы,

Алматы облысы


Пікір жазу
  • АҚШ-та тұратын отандастардың қатысуымен «Қандастар форумы» өтті
    Жас математик мемлекеттік сыйлық иегері атанды