Рақым Айыпұлы «Отандастар қоры» КеАҚ президентінің кеңесшісі атанды

Уақыты: 2020-12-25 Көрлімі: 1046 Сипаттама

«Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылтайшыларының бірі, бұрынғы хатшыс...

unnamed (4).jpg

«Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылтайшыларының бірі,  бұрынғы хатшысы, белгілі қоғам қайраткері, публицит, кәсіпкер  Рақым Айыпұлы «Отандастар қоры» КЕАҚ президентінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды, деп Отандастар қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлаймыз. 

Рақым Айыпұлы 1963 жылы ҚХР ШҰАР Іле қазақ облысы Күнес ауданында өмірге келген. 1986 жылы Пекин орталық ұлттар иниститутын бітірген.  1993 жылы елге оралғаннан бүгінге дейін осы ширек ғасырға жуық уақытта осы елдің білім беру саласында,  көші-қонға байланысты әкімшілік құрлымда, ақпарат құралдары сияқты әр салада еңбек еткен. Бұған дейінгі еңбек жолы қазақ көшін көлікті етуге  арналып, Қазақстанның ұлттық мемлекет ретінде салтанат құру үшін қазақ көшінің құқықтық базасын бекемдеуге атсалысысып келеді.

90-жылдары әлемдегі тарыдай шашыраған қандастарды елге қайтаруға ерекше серпін берген қазақ тілінде тұңғыш жазылған «Көші-қон» туралы заңды дайындаған жұмыс тобының белсенді мүшесі. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатында құрылған саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссияның жұмысына да атсалысты.

Атажұртта да қаламгерлік қызметін жалғастырып, «Қазақ Елі» және «Түркістан» газеттерінде тілші ретінде жұмыс істеді. 2009 жылы қандастарға жан-жақты қолдау көрсететін «Жебеу» қоғамдық бірлестігіне жетекшілік етті.

Рақым Айыпұлы заң ғылымдарының магистрі, 200-ден аса ғылыми еңбектердің авторы. 2013 жылы «Ата жұртты бетке алып көш келеді» атты кітабы жарық көрді.

«Отандастар қоры» жанындағы қоғамдық кеңестің мүшесі ретінде елдегі және шетелдегі қандастардың өзекті мәселелерін көтеріп, шешуге ерекше үлес қосып келеді.

Ол жаңа қызметі барысында да қордың жұмысын жетілдіре түсуге,қандастар түйткілдерін қоғам талқысына ұсынып, заңдар арқылы оңтайлы реттеуге тікелей ықпал ететін болады.



Пікір жазу
  • Қазақ ғалымы кванттық компьютерді жасауға арналған жаңа ультра-жұқа материал жасады
    12 мыңнан астам этникалық қазақ оралман мәртебесін алды

    Ұқсас тақырыптар