Алаштың айбарлы ақыны – Алмас Ахметбекұлы 60 жаста

Уақыты: 2021-01-16 Көрлімі: 1978 Сипаттама

Тәуелсіздік таңы атысымен а» Sayasat » Алаштың айбарлы ақыны – Алмас Ахметбекұлы 60 жастаА...

 unnamed (2).jpg

Тәуелсіздік таңы атысымен азат Отанға келген арқалы ақынымыз, азаттық ұранымен көк туды желбіретіп, елдің рухын көтерген айбарлы ақынымыз – Алмас Ахметбекұлы 60 жаста. 

Көктудың желбірегені -

жаныма қуат береді.

Таласқа түссе жан мен ту

жан емес,

маған керегі-

Көктудың желбірегені.

Шайдай ашық аспан, қалықтаған қыран, аспан астындағы шексіздікте желбіреген Қазақтың көк туы, бейбіт тіршілік, езуіне ырзашылық күлкісі үйірілген көпшілік. Бұл – біздің Отанымыздың, Егеменді Қазақстанның образы, бейнесі. 

«Отанды сүю – патриотизм» деген ұғымның салмағы жеңілдеп, азаттық рухы сезімінің бәсеңдей бастағаны да байқалатыны жалған емес. Буын алмасып келеді: бүгінде Қазақстан Тәуелсіздік алғанда жөргек былғап жатқан балалар азамат болып, тізгін ұстады. Бірақ ұлы сезім, ұлы рух алауы ешқашан бықсымауы керек. Ол – заңдылық, ол – парыз, ол – міндет! 

Ұлт тарихының таразысында баламасы жоқ құндылық, бағасы жоқ байлық – Тәуелсіздік қазаққа мәңгілік бақыт сыйлады. Ел егемен болған тұста, алмағайып заманда туған жайлауы шекараның арғы бетінде қалып кеткен қандастар, олардың ұрпағы ортаға қосылды. Жыртығымыз жамалып, кем-кетігіміз біршама түгенделіп қалған еді. Шетте жүріп, атамекеннің бір уыс топырағын қабірде жастанып жатуды армандаған ақсақалдар ұлы мұратқа еңбек еткен: олардың тұқым-жұрағаты алғашқы мүмкіндікпен бөтен жердегі жиған-тергенін, атақ-абыройын тәрк етіп, Отанға оралды. Бұл – тарихи жағдай, тарихи көш, мәңгілік мүдде жолындағы ұлы қадам. 

Сол нөпір халықпен бірге бүгінгі күні еліміздің барлық саласында елеулі еңбек етіп, жұртының ықыласына бөленген азаматтар келді. Олар өз Отанының іргетасын қандастарымен бірге қалап, ағайын ортасындағы бейбіт күнге шүкір ете жүріп тер төкті. Осы арада аты ерекше аталатын азаматтардың бірі – ақын Алмас Ахметбекұлы. 

Отыз екі жасында Отанына аяқ басқан Алмас Ахметбекұлының тұлғалық қалыптасуы, ақын ретінде дамуы өз атамекенінде өтті. Міне, бүгін елін аңсап алыстан жеткен шайыр алпыс жасқа аяқ басып отыр. Өз жұртының мақсұтына еңбек етіп келе жатқан саналы ғұмыр иесі жас буынға аға, қатарына сыйлы замандас, ақсақалдарға елгезек іні бола білді. Бұл – адамдығы, тұлғалық болмысы, табиғаттан тәбәрік болған ерекше қасиеті. 

Ағайын, «кімсің »деме,

оралманбыз.

Үйірінен адасқан тай секілді

бір  ақмылтық боранда жоғалғанбыз.

Көкірегі тіреліп көк найзаға

мал мен жаннан мың мәрте тоңалғанбыз.

Ағайын, «кімсің »десең,

қызыл қанбыз.

Иілмеген бастарын қылыш кесіп,

руымен у ішіп қырылғанбыз.

Бір қайырылып соғатын күнді күтіп,

түйе құлап, жүк ауып, шұбырғанбыз.

Ағайын, «кімсің»   деме,

ақтабанбыз.

Ері мылтық, қатыны бесік алып,

Фамир, Алтай, Әлпіні таптағанбыз.

Туған жердің бір шымшым топырағын

алтын сандық түбінде сақтағанбыз.

Ағайын, «кімсің» десең,

Қара орманбыз.

Ұстараның жүзіндей бұл дүниеден

мың түңіліп, мың мәрте оңалғанбыз.

Қарғыбауға мойынын ұсынбаған

қабағына кек қатқан көкарланбыз.

Ағайын, «кімсің »десең,

оралманбыз.

Көк туына тамызып көздің жасын,

сағынышын сарыққан мол арманбыз.

«Қазақстан, бір жаным садағаң» деп,

жас отанға жармаса оралғанбыз.

Ағайын, «кімсің» десең,

Қара орманбыз.

Ағайын «кімсің» десең,

Көк арланбыз.

Бұл – алпыс жасқа толып отқан атақты ақын Алмас Ахметбекұлының «Біз кімбіз?» деген кең таралған өлеңі. Өлеңдің тұла бойы тебіреніске толып тұр. Отанға деген махаббат, ағайынға деген ықылас, өткенге деген өкпе, болашаққа деген зор ұмтылыс байқалады.

Әлбетте, «Отан» тақырыбы – қазақ әдебиетіндегі ең көп шығарма жазылған тақырып. Кейбір білгіштер «таптаурын тақырып» деп тантып жүр. Жоқ, әркімнің әр дүниеге өз бәсі бар. Десек те, Алмас Ахметбекұлының толық жыр циклы – Отанға деген сағыныш, елдің қадірін білуге үндеу, Тәуелсіздікке тағзым, елдікті сақтау болып тұтасып кетеді. 

Біздіңше, анау қылышынан қан тамып, аз ұлттарға қысастық танытудан, төңкеріс жасап кісі азаптаудан алдына жан салмайтын Қытайдың шеңгелінде қалған байырғы қазақ жерлерін, түптеп келгенде өз атамекендерін мансұқ етіп, қалың қазақтың ортасына оралу – оңай жол емес. 

«Қазақстан, бір жаным садағаң» деп, 

Жас отанға жармаса оралғанбыз,

 - деп қайыратын жолдардан ұлтқа деген махаббатты аңғару қиынға соға қоймас. Ақынның өзі айтпақшы «Ұстараның жүзіндей бұл дүниеден мың түңіліп, мың мәрте оралған» қауым – оралмандар, қандастар. 

Ақынды жақын танитын жұрт біледі: жүзінен мейірім есіп, сөз сөйлесе аса үлкен тебіреніспен сөйлейтін, кісі баласына дауыс көтеруді білмейтін, сөзінің салмағы көшке жүк болатын кісі. Оның тағы бір ерекшелігі – Жұмекенді шексіз сүюі. Атыраудан шыққан ақынға шығыстың шайыры бас иіп, таңдай қағып тамсанып жүрсе, елдің тұтастығының, қазақ руханиятының биіктігінің асқақ үлгісі осы емес пе?!

Азат Отанына оралып, сол ұлы мақсатынан бірде-бір мәрте айнымаған, әлі күнге сол жолда қарқынды еңбек етіп келе жатқан Алмас Ахметбекұлын 60 жас мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз! Ақынға шығармашылық табыс тілейміз!

Bairaq.kz 

Дереккөз:  Bairaq.kz 

Пікір жазу
  • Қоныс аударушылар көшін жандандыру маңызды
    Алматы қаласында қандастарды қолдау орталығы ашылмақшы

    Ұқсас тақырыптар