ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Дүниежүзі қазақтары қауымдасты «Отандастар» қорымен бірлесесіп Тәуелсіздіктің отыз жылдық мерей тойын жыл бойы тойлау үшін “Тәуелсіздікке тарту” атты жобаны бастады. 4 ақпан күні жобаның беташары болып, алғашқы іс-шарасы әнші, сазгер, ақын Ермұрат Зейіпханұлына арнады.
Онлайн өткен іс-шараға «Отандастар қоры» вице-президенті Мағауия Сарбасов, Парламент мәжілісінің депутаты Қазыбек Иса, «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» РҚБ орталық аппаратының қеңесшісі Қарлығаш Қожамұрат, «Отандастар қоры» КеАҚ президентінің кеңесшісі, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының бас хатшысы Рахым Айыпұлы, "Жебеу" Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Омарәлі Әділбекұлы, "Қызай ана" қоғамдық қорының директоры Базарәлі Әріпұлы, композитор әнші Тілеубек Қожанұлы, ақын Алмас Ахметбекұлы, әнші Нұршат Зейіпханұлы қатысып, сегіз қырлы, бір сырлы Ермұрат Зейіпханұлының өнер мен өмірдегі естеліктерімен бөлісіп, азаматтық, тұлғалық қасиеттерін айтып, пікірлерімен бөлісті. Әнші Тілеубек Қожан мен ақын Алмас Ахметбекұлы "Көк тудың желбірегені" әнінің шығу тарихына тоқталса, Омарәлі Әділбекұлы, Рақым Айыпұлы, Базарәлі Әріпұлы Ермұрат Зейіпханұлының шығармашылығымен жастық шақтарынан таныс екенін айтып, Емұрат Зейіпхан мезгілсіз қайтыс болғанда бүкіл елдің қабырғасының қайысқанын айтты. Сондай-ақ, Ермұрат Зейіпханды және шығармаларын дәріптеудің қашанда жалғасатынын айтып, 2016 жылы 50 жылдығында "Екі дүниеде жалғызым - Қазақстан" атты Ермұрат Зейіпханды еске алу кешін өткізіп, "Дүние ғапыл" атты шығармалар жинағын шығарғанын еске алды. Туған інісі Нұшат Зейіпхан Ермаұрат Зейіпханның артында 70-ден аса әндері қалғанын, бәрін жинақтап жүргенін айтты.
Кеш соңын "Көк тудың желбірегені" әннің алғашқы орындаушылары Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері, екінші дәрежелі Айбын орденінің иегерлері Құрманбек Әлімғазы мен Риза Қайырбайқызы әнмен аяқтады.