Қазақстан Елшіліктері қандастардан азаматтық алуға құжат қабылдаудың ілкі жобасын қолға алмақ

Уақыты: 2021-03-04 Көрлімі: 885 Сипаттама

Қазақстанның шет елдердегі Елшіліктерінің қандастардан азаматтық алуға құжаттар қабы...

5715accba22cd16a804396ae5cc9bd7e_1280x720-1000x_.jpg

Қазақстанның шет елдердегі Елшіліктерінің қандастардан азаматтық алуға құжаттар қабылдауы көзделген ілкі жобаны іске асыру мәселесі пысықталып жатыр. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің жауабында айтылған, деп  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз. 

«Этникалық қазақтар үшін қолайлы жағдай жасау аясында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Заңмен этникалық қазақтарға Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алуға және азаматтықты жеңілдетілген тәртіпте қабылдауға бір мезгілде құжаттар тапсыруға мүмкіндік беретін жаңа норма енгізілген. Бұл құжатты қарау мерзімін 6 айдан 3 айға дейін қысқартуға мүмкіндік береді», - деді Үкімет басшысы.

Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта мүдделі мемлекеттік органдар (ЕХӘҚМ, СІМ, ҰҚК, ІІМ, АҚДМ) мемлекеттік қызметтерді «бір терезе» қағидаты бойынша көрсету жөніндегі Жол картасын іске асыруда. Ондағы іс-шаралар Қазақстан азаматтығын алу рәсімдерін оңтайландыруға, тиісті құжаттар санын (46-дан 20-ға дейін) және оларды ресімдеу мерзімдерін 2 есе қысқартуға бағытталған. Аталған «композиттік» қызметтерді көрсету бойынша пилоттық жоба осы жылғы сәуір айында іске қосылады.

«Жол картасы аясында Сыртқы істер министрлігінің шет мемлекеттердегі мекемелері арқылы «қандас» мәртебесін алу, тұрақты тұруға рұқсат алу және Қазақстан азаматтығын қабылдауға құжаттарды қабылдау жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру мәселесі де пысықталуда», - деді Асқар Мамин.


Пікір жазу
  • Көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасы әзірленеді
    М. Сарбасов: Отандастар қоры Россотрудничество мен Конфуций институтындай пәрменді болуы керек

    Ұқсас тақырыптар