ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОО-да БІЛІМ АЛУҒА ҮМІТКЕР ҚАНДАСТАРҒА НҰСҚАУЛЫҚ

Уақыты: 2021-06-04 Көрлімі: 1255 Сипаттама

«Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» РҚБ, «Отандастар Қоры» КЕАҚ және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2021-2022 оқу жылында Қазақстандық азаматтығы жоқ ұлты қазақ тұлғаларды, өз қандастарын Атамекенде оқуға шақырады, деп Отандастар қорын...

unnamed (2).jpg

«Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» РҚБ, «Отандастар Қоры» КЕАҚ және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2021-2022 оқу жылында Қазақстандық азаматтығы жоқ ұлты қазақ тұлғаларды, өз қандастарын Атамекенде оқуға шақырады, деп Отандастар қорының баспасөз қымзетіне сілтеме жасап хабарлаймыз. 

 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес Стипендиялық бағдарламаларға қатысу үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекітті.

(ҚР БҒМ 2018 жылғы 8 қазандағы 548 бұйрығы )

 

Стипендиялық бағдарламалар Қазақстан мемелекеттінің қаражат есебінен бакалавриат, магистратура және PhD докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында шетел азаматтарының, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ  тұлғаларының білім алуы қарастырылды. 2021 жылға бакаларавиаттың білім беру бағдарламалары бойынша-490, магистратура-50, PhD докторантура-10   мемелекеттік білім гранты бөлінуде.

 

Үміткерлерден стипендиялық бағдарламаларға қатысу үшін өтініштер 7 маусымнан 20 шілдеге дейін қабылданады. Стипендиялық бағдарламаның операторы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы болып табылады:

 

·     веб порталы: https://enic-kazakhstan.kz/post/94

 

·     e-mail: admission@n-k.kz,

 

·        телефон: 8 (7172) 287526

 

СТИПЕНДИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОО-да БІЛІМ АЛУҒА ҮМІТКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ҚАДАМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҚ

 

 

1.  Құжаттарды тапсыру

 

Браузерді   іске    қосыңыз    және   мекенжай   жолағында      https://enic-

 

kazakhstan.kz/kz/ теріңіз (сурет 1).

1.JPG

 

 

Сурет 1

 

Бетті астыға жылжытыңыз (сурет 2).

2.JPG


 

Сурет 2

 

Стипендиялық бағдарлама бөлімінде «Көшу» батырмасын басыңыз.

 

Ашылған терезеде (сурет 3) Сізге «Құжаттарды тапсыру» батырмасын басу керек.

3.JPG

 

 

Сурет 3

 

Ашылған терезеде Сізге үміткердің өтінішін толтыру қажет (сурет 4, сурет 5).

4.JPG

 

 

Сурет 4

 

 

 5.JPG

Сурет 5


 

Толтырғаннан кейін «Жіберу» батырмасын басыңыз (сурет 6).

 

 6.JPG

Сурет 6

 

Сіздің өтінішіңіз мақұлданғаннан кейін Сіз көрсеткен электрондық поштаңызға сілтеме көрсетілген хат келеді.

 

Сілтеме бойынша өтіп, өзіңіздің құпиясөзіңізді енгізіңіз (сурет 7).

 7.JPG

 

Сурет 7

 

Тіркеу аяқталғаннан кейін қолданушының жеке кабинеті жасалады. Жеке кабинетке кіру үшін Логин (E-mail) мен Құпиясөз (ертеректе енгізілген) мәліметтерін қолданасыз.


 

2.  Жеке кабинетке кіру

 

Браузерді іске қосыңыз және мекенжай жолағында https://enic-kazakhstan.kz/kz/ теріңіз. Келесі бет шығады (сурет 1).

1.JPG

 

Сурет 1

 

Жоғары оң жақ бұрышында орналасқан «Жеке кабинет» батырмасын басыңыз.

 

Ашылған терезеде Сізге Логин (E-mail) мен Құпиясөзді енгізу керек (сурет 8).

8.JPG

 

 

Сурет 8

 

«Кіру» батырмасын басыңыз.

 

Авторизацияланғаннан кейін «Жеке кабинет» қол жетімді болады (сурет 9).

9.JPG


Сурет 9

 

 

 

3.  Тестілеу

 

Бейімделу әлеуетін анықтауға арналған онлайн-тестіні өту үшін мәзірдегі «Тестілеу» бөлімін басыңыз (сурет 10).

 10.JPG

Сурет 10

 

 

 

Өтуге қолжетімді тестілер Сізге тестіні қосқаннан кейін пайда болады.

 

«Өтуге қолжетімді тестілер» бөлімінде Бейімделу әлеуетін анықтау тестін таңдаңыз (сурет 11).

11.JPG

Сурет 11


Ашылған терезеде Сізге сұрақтарға жауап беру қажет (сурет 12).

 12.JPG

Сурет 12

 

Сіздің жауабыңыз қабылдануы үшін «Жауапты қабылдау» батырмасын басыңыз.

 

Тестіні аяқтау үшін барлық сұрақтарға жауап беру керек. Егер Сіз барлық сұрақтарға жауап берсеңіз, «Тестілеуді аяқтау» батырмасын басыңыз.

 

 

 

4.  Онлайн әңгімелесу

 

Сізге белгіленген уақытта онлайн әңгімелесуді өту үшін мәзірден «Вебинарлар» бөлімін басыңыз.

 

Онлайн әңгімелесуді бастау Сізге вебинарды қосқаннан кейін қол жетімді болады.


Пікір жазу
  • Депутат Солтүстік пен Шығыс Қазақстанға көшетіндердің саны азайғанын айтты
    Жыл басынан бері 7 мыңға жуық адам «қандас» мәртебесін алды

    Ұқсас тақырыптар