Сабыржан Мұxамедxанұлы Құрмет грамотасымен марапатталды

Уақыты: 2021-08-06 Көрлімі: 1030 Сипаттама

"Жебеу" РҚБ бұрынғы төрағасы, белгілі кәсіпкер Сабыржан Мұxамедxанұлы Құрлысшылар күнін...

1565686585583840.jpg

"Жебеу" РҚБ бұрынғы төрағасы, белгілі кәсіпкер Сабыржан Мұxамедxанұлы Құрлысшылар күніне орай Алматы облысының әкімінің  Құрмет  грамотасымен марапатталды. Алматы облысы Әкімі Амандық Баталов С. Мұхамедханұлын Алматы облысының құрлыс саласындағы жемісті еңбегі, жоғары кәсіби біліктілігі мен  іскерлігі үшін марапаттаған. 

Сабыржан Мұқамедханұлы 1969 жылы ҚХР дүниеге келген. 1993 жылы Пекин Орталық ұлттар Университетінің информатика мамандығы бойынша оқып, қызыл дипломмен бітірді. 1995-1998 ж. аралығында Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университетінің аспирантурасын тәмамдады.

Снимок.JPG

1999 жылдан бастап жеке кәсіпкерлікпен айналысып келеді. Ол басқаратын "Г.С.Г. Высотник" ЖШС (ТОО), бүгінгі таңда -228 адам тұрақты жұмыс істейтін, 2 га базасы, 1500 м2 офисы және 70(жетпіс) дана теxникасы бар құрылыс мекемесі болып табылады.

Мекеме Алматы қаласы мен облысында және Қазақстанның көптеген жерлерінде үлкен жобаларға ат салысып, барлығын үлкен абыроймен атқарып келеді. Мәселен,  Алматы қаласы бойынша көп қабатты тұрғын үй, мектеп, аурухана, бала-бақша және инженерлік жүйе құрылысы нысандарынан басқа Аэропорт, АДЕМ, Silk Way City, Астанадағы вокзал, Ақтаудағы цемент зауыты, Алматы обылысы Мойнақтағы су электр станциясы ГЭС сияқты үлкен жобаларға белсене ат салысты.

Бұдан тыс мекеме Алатау ауданы индустриалды зонадан- 5 га жер алып, «Автоклавтық ұялы бетон өндірісі бойынша зауыттың құрылысы» инвестициялық жобаны қолға алып, 2019 жылдың аяғында іске қосады.

Сабыржан Мұқамедханұлы басқарған мекеме Жетісу ауданының салық төлемдері бойынша жоғарғы деңгейдегі салық төлеушісі.

Сабыржан Мұқамедханұлы 2014 жылы Алматы қаласы Әкімінің Құрмет граммотасымен, 2015 жылы Елбасының "Ерен еңбегі үшін" медалімен, 2016 жылы  Елбасының "Алғыс xаты", 2016 жылы ҚР тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған мерекелік медалімен,  2019 жылы "Құрметті құрлысшы" төсбелгісімен марапатталған.


Пікір жазу
  • Қазақстан халқының саны 19 миллионға жетті
    "Әкем де, шешем де қазақ. Тәліптер бізді қуғындап жатыр"

    Ұқсас тақырыптар