"Төртінші қаңтар" оқиғасынан кейін президент Қ .Т оқаев Парламент мүшелерімен және одан кейін бизнес өкілдерімен кездескенде еліміздіңі ішкі - сыртқы жағдайына әсіресе "4-і қаңтар оқиғасының" себеп-салдарына тоқтала келіп,халықты береке-бірлікке шақыра отырып жаңа Қазақстан құруға үндеді.
Тәуелсіздіктің отыз жылында еліміз толағай табыстарға қол жеткізді. Әуелі, Заман талабына сай нарықтық қатынастарға көштік. Екінші, Ел орталығын Ақмола қаласына көшірдік. Үшінші, Дүниежүзі Қазақтарының бірінші құрылтайын шақырып,әлемнің қырық неше еліне тарыдай шашырап кеткен қандастарымызды түгендеп елге оралу механизмін қалыптастырдық. Төртінші, Барлық көршілермен шекарамызды айқындап,келісімге қол қойдық.
Осы барыста көші-қон саясаты еліміз үшін маңызды басымдықтардың біріне айналып бірнеше тарихи маңызы бар бағдармалар қабылданды. Алғаш нарықтық қатынастар реформасы басталғанда елімізден орыс,неміс,украйын,грек диаспорасының өкілдері үдере көшті сонымен тәуелсіздік жәриялағанда17милион халқымыз алғашқы он жылда14 милионға түсіп қалды. Сарапшылар1991-2018 жылдар аралығында атамекендеріне қайтқаны бар және жақсы өмір,жайлы тұрмыс іздеп кеткені бар жиыны 3.7милион адам елімізден көшіп кеткенін жазыпты. Соңғы жылдары Қазақстанға келіушілер мен кетушілер санының теріс айырма сальдосы жылына 30мың адамның үстіне шыққан. Ал 1991 - 2018 жылдар аралығындағы орта Азия елдерінің табиғи және мигранттар есебінен жалпы өсімін салыстырып көрсек еліміз әрең1 1% ды қанағат тұтса,Тәжікстан 68%,Өзбекстан 60% болып көш бастап тұр. Еліміздің ұлан-байтақ територриясы әлем бойынша тоғызыншы орында."Бос жатқан жер жау щақырады" деген ата-баба нақылын еске алсақ,оған өзіміз сияқты бір одақ құрамында болған Грузия,Украинадағы жағыдайларға мән берсек біз үшін мәселенің қаншалық ауыр екенін аңғарамыз.
Қазір терістіктегі бес облыс пен батыстағы екі облыста ішкі және сыртқы көші -қонды бағыттау жұмыстары біршама сәтті жүріп жатыр. Үкіметтің филоттық жобаларымен бірге дүниежүзі қазақтар қауымдастығының бастамашылдығымен оңтүстік қазақстанда сәтті жүзеге асқан "Асар" жобасының тәжірибесі бойынша бірнеше облстарда жер бөлінді бұл жұмыс ары қарай жалғасып жемісін береді деп сенеміз. Осыған орай өз үсыныстарымызды ортаға салайық.
1. Солтүстік облстардың жері кең,жан саны аз,Ресейді есептемесек тұтынушы мардымсыз есесіне Совет заманында біршама өндіріс ошақтары сонда қалыптасқан.Павлодар облысындағы Екібастұз қаласының өзі қаншама техниканың тілін білетін еңбеккүшке зәру. Қостанайдағы "Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі", "Сарарқа Авто Пром" және болашақта салынатын "КАМАЗ " зауыты кәсіби маманға,жұмыс күшіне мұхтаж сондықтан қандастардың жас отбасыларын қысқа мерзімді курстан өткізіп осылай бейімдеу керек .
2. Терістік облстарда кәсіби мамандыққа баулитын колледждер көбірек ашылса сонымен бірге Ресейдегі жоғары білім орындарымен бірлесіп механик ,дәнекерші сынды қолданбалы ғылымдар мамандарын грантпен оқыту бағдарламасы қолға алынса .
3. Шағын-орта кәсіпкерлері үшін Алматы,Нұр-Сұлтан,Шымкент сияқты милион жұрты бар мега қалалар мен Алматы ,Оңтүстік қазақстан облысы сынды халқы тығыз орналасқан өңірлер үшін солтүстік облыстар қызықтырмайды.Нарық өте кішкене.Олардың қызығуы мен белсенділігін арттыру үшін салықтан жеңілдіктер қарастыру керек. Егер көшіп барып кәсіпорын ашса үште-бес жыл аралығында табыс салығы мен қосымша құн салығынан босату керек.
4. Қазақтың дәстүрлі шаруашылығы--малшаруашылығы. Қазақтың жері де мал өсіріуге қолайлы, ғасырлар бойы қалыптасқан тәжірибемізде бар сондықтан Ресей нарығын бетке ұстай отырып қандастарымыздың жер-суға,жайылымға деген мұхтаждығын шешсек,осы салаға бағытталған кредиттерге қол жетімді болса аржағын өздері меңгеріп кетер еді .
5. Адам өсіп-өнген жерінің табиғатына қарай қалыптасады содан кейін жаңа ортаға психологиялық,физикалық жақтан үйлесіп кетуі өте қиын сондықтан Иран,Түркімен,Өзбекстан,Тәжікстан,Ауғанстаннан келген қандастарды Шымкент қаласы,Түркістан облысы және болашақ туризм орталығына айналатын Маңғыстау облысына қарай бағыттаса құба-құб болар еді. Ал,Моңғулия,Ресей,Қырғызстан қелген қандастар Алматы обылысы және солтүстік,орталық обылыстарға тез жерсініп кетеді.
Қандастар ішінде тағдыры қиын,менталитеті өзгеше ,проблемасы да көп болып тұратын,көмекке ең зәру тобы Қытайда тұратын немесе сол елден келетін қандастарымыз. Олар солтүстік шыңжаңның Іле Қазақ обылысы нда (Іле,Алтай,Тарбағатай аймақтары),Санжы дуңген обылысында,Қумыл аймағында,Буратала моңғул автономиялы обылысынла, Үрімші қаласында жане Гансу өлкесінің Ақсай автономиялы ауданында өмір сүреді. Алтай,Тарбағатай қазақтары еліміздің шығыс Қазақстан облысындағы Майқапшағай,Бақты кеден өткелдерімен шекараласса,Іле қазақтары еліміздің Қорғас,Қалжат кеден өткелдерімен түйіліседі. Буратала моңғул облысындағы бір қала ,екі ауданға ірге тепкен қандастарымызды "достық "кеден бекеті жалғап тұр .Қандастардың туып-өскен жерлері аталған кеден бекетінің айналасындағы жерлерден көп парықты емес Болашақ көші-қонның тізгінін ұстап, бағытын белгілейтін азаматтар осы факторларға көбірек көңіл бөлсе дейміз. Қазір қоғамдық орта мен әлеуметтік желіде ортаға қойылып,талқыға түсіп жатқан Семей қаласына республикалық мәртебе беру мәселесі толықтай іске асып жатса қандастарымызды осы өңірге тартсақ шекаралық өңір толығып Алаш қаласының бюджетіне қан жүгіріп,шекара саудасы қызар еді. Іледен келген қандастар қаз ірдің өзінде Алматы облысының шығыс оңтүстік қапталына ірге теуіп Ұйғыр туысқандар тығыз қоныстанған өңірге кірігіп жатыр. Болашақта Алакөлдің туристік әлеуетін арттырып, Жетісуды аты-затына сай көкөніс, жеміс-жидек базасына айналдырамыз десек осы бағыттан келетін көштің потенциал ына көбірек мән бергеніміз абзал.
Жалпы Қазақ көші стратегиялық маңызы бар,ұлттық тұтастану үдерісінде баламасы жоқ құбылыс болып табылады. Ізденіс барысында іркілістер болуы мүмкін бірақ маңызын,өміршеңдігін жоймайды. Ішкі-сыртқы себептерге байланысты мүдделі топтар ойынға араласып қайшылықтар шиленіскен кезде қарқыны бәсеңдеуі мүмкін бірақ тоқтап қалмайды. Осы отыз жылдық тәжрибеміз бен табысымыз соны дәлелдеп отыр. Әрқашан шешіуші сәттерде немесе жолымыз тұйықталып жабылғанда халық пен билік үндестік тауып жаңа шығар жол іздейді. Ол--заманның талабы ,исі Қазақтың мүддесі!
Омарәлі Әділбекұлы
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Алматы қалалық филиалының төрағасы