Пандемиядан кейінгі көш: Қазақ не істеуі тиіс?

Уақыты: 2022-04-28 Көрлімі: 323 Сипаттама

Адамзаттың қалыпты тірлігін бұзған, ғасырда бір кездестін індет те соңғы шегіне таяп қ...

2019_10_15_nurly-kosh.jpg

Адамзаттың қалыпты тірлігін бұзған, ғасырда бір кездестін індет те соңғы шегіне таяп қалған сияқты. Еліміз қоғамдық орындарындағы тыйымдарды біртіндеп алып тастап жатыр. Көршіміз Қытайда 60%-дан астам адамға екі реткі вакцина салынып болды. Мамандар коронавирус біртіндеп әлсіреп жұқпалы тұмау деңгейіне түсіп қалады деп отыр. Осыған қарағанда Қытаймен жабылған шекарамыз таяу уақытта ашылып қалар деген үміт бар.

Көші-қон саясаты әсіресе, қандастардың көші-қон мәселесі еліміздегі басым бағыттардың бірі болып келеді. Осы салада атқарылған жұмыстар, қабылданған қарарлар жемісін беруде. Енді пандемиядан кейінгі кезеңде қандастарымыздың басым бөлігі шоғырланған, болашақ тағдыры мен әзіргі нақты жағдайы біршама күрделі әрі нәзік болып отырған Қытайдағы қазақтар туралы ойларымызды ортаға салайық.

1. Қытай көп ұлтты, көп дінді бірақ бір партияға бағынған қатаң режимдегі мемлекет. Сондықтан да болар олар жоғары технологияға сүйене отырып адамдардың жүріс-тұрысын, ақпараттық байланысын қатаң бақылауда ұстап отыр. Біз еркін пайдаланып отырған әлемдік қоғамдық желілер ол жақтың қатаң сүзгісінен өте алмай шектеуге ұшыраған сондықтан жанама тәсілдерді қолданып қандастардың әлемдік ақпараттан, Қазақстанның ішкі-сыртқы саясаттарынан хабардар болуына ықпал етуіміз керек.

2. Шыңжаңдағы саны аз ұлттарға қаратылған саясаты өз күшіне еніп тұр. Мемлекеттік қызметкерлердің және қарапайым адамдардың төлқұжаттарының бәрі жиналып алынған оны қолдарына алу үшін бірнеше күштік құрылымдардың, партия-үкімет органдарының рұқсатнамасы керек. Мұның аяғы коррупцияға барып тіреледі. Сол үшін көп адамдар тұрақты тіркеуін Қытайдың теңізге жақын дамыған өлке немесе қалаларына ауыстырып жатыр. Әрине бұл үшін қаржы, қоғамдық байланыс керек ал қарапайым адамдардың бұған қолы жете бермейді.

3. Қазақ тілі отбасылық тілге айналған. Қазақ мектептерінің бәрі толық жабылған. Әр қала, аудандардағы шығатын газет-журналдар, сайттар, телевидениелар жұмыс істегенімен жасы келген зейнеткерлер оқып, көрмесе жастар оларды қажет етпейді. Тек ойын-сауық бағдарламаларының ғана тұтынушысы бар. Қазір ірі, шағын қалалар мен елді-мекендерде баланы екі жастан бастап балабақшаға қабылдап жатыр. Басты шарт тәрбие мемлекеттік тілде яғни қытай тілінде жүреді. Бұл үдеріс басталғалы 10 жылға таяды. Енді 10-20 жылдан кейін ата-ана тәрбиесінен алыстап, тамырынан айырылған бұл балалар қазақ тілін мүлде білмейтін болады. Ол кезде қытай қазағынан толық айыраламыз.

4. Саны аз ұлттарға қолданылған қатаң саясаты және АҚШ пен болған сауда бәсекесінің ушығып сауда соғысына айналып байланысты Қытай қазыр оқшауланып қалды.Ішкі-сыртқы қайшылығы тереңдеп, саяси-экономикалық дағдарыс қарсаңында тұр. Осы себептерге байланысты ішкі саясатын жұмсартып, сыртқы саясатта оқшауланудан құтылудың жолын іздей бастады. Сонымен азаматтардың діни-наным сеніміне, дәстүрді ұстануына, тілді үйренуіне, мәдениетті дәріптеуіне формальный түрде болса да рұқсат беріліп отыр. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып Қытайдағы қандастарымызға көмек бере аламыз.

5. 2015 жылы Тамыз айының 31-і күні ҚР мен ҚХР жалпы беттік стратегиялық істестіктің жаңа кезеңдегі ортақ мәлімдемесін жариялаған. 2019 жылы Қазақстанның екінші президенті Қ. Тоқаев Қытайға сапарында «Екі ел арасындағы көп салалы қарым-қатынасты мәңгілік стратегиялық істестік орнату өресіне көтеруге» келіскен. Сонымен бірге Қытайдың «құрлықтағы бір жағалау – бір жол» бағдарламасы 2013 жылы Қытай төрағасы Синь Цзинь Пинь елімізге сапарлап келгенде тұңғыш рет бас қаламыз Нұр-Сұлтанда Н. Назарбаев университетінде жариалады және де еліміз «Шанхай ынтымастақтық ұйымын» құрушылардың бірі. Екі ел арасындағы осы тарихи келісім-шарттар мен ұйымдар аясында біз Қытайға өз құндылықтарымыз бен дәстүр-салтымызды, мәдениет-өркениетке қатысты жетістіктерімізді «жұмсақ күш» ретінде ұсына аламыз.

6. Қытай қазақтарында айтыс өнерінің дәстүрлі мектебі қалыптасқан. Жыл сайын аудан көлемінде, әр 5 жылда аймақ-облыс көлемінде ақындар айтысы өтіп тұрады. Қазақ айтысы Қытай мемлекеті жағынан БҰҰ-ның ЮНЕСКО тізіміне ерекше қорғалатын «бекзаттық өнер» ретінде тіркелген. Осы өнерді қорғауға, насихаттауға арнайы қаржы қарастырылған. Көкпар бәйгесі аудан-аймақ масштабында өткізіліп тұрады. «Қызай кестесі де» ЮНЕСКО-нің тізіміне еніп қорғалатын мұра ретінде сертификатсияланған. Қытайдың айтыс ақындары елімізде өткізілген талай бәйгеде қатынасып жүлде алып қайтты. Осы салада істестікті нығайтып екі ел айтыс ақындарының ортақ айтысын ұйымдастыруға болады.

7. Қытай қоғамдық ұйымдардың жұмысына басымдық беріп, көңіл бөледі. Сондықтан «Отандастар қоры», «Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы» бастамашы болып Қазақстан жазушылар одағы, суретшілер одағы, киноматогфия одағы, композиторлар одағы қатарлы қоғамдық ұйымдардың басын қосып іс-сапарлар, көрмелер, фестивальдар ұйымдастырған жөн. Осы «жұмсақ күшіміз» арқылы сол елде жасап жатқан қандастарымыздың таным-түсінігіне, ұлттық сезіміне, келешекке деген сеніміне ықпал ете аламыз.

8. ШУАР-дың орталығы Үрімжіде «Қазақ мәдениет қоғамы» жұмыс жасайды. Пекинде «Абай саябаяғы» бар. Ганьсу провинциясының Ақсай автономиялық районында «Қазақ этнографиялық музейі» және бүкіл қазақ тілді жазушыларға қаратылған, екі жылда бір беретін «Ақсай әдебиет» сыйлығы жобасы,қазақ,қырғыз жазыушыларына арналған «Тұлпар» әдебиет сыйлығы бар. Іле қазақ облысының орталығы Құлжа қаласының Іле педогогикалық университетінде «Таңжарық зерттеу қоғамы» және киз үй формасында салынған үлкен музей жұмыс істей бастады. Осы шығармашылық және қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып аты аталған қалаларда «Абай үйін» ашуға мүмкіндігіміз мол.

9. Қазір Қазақстанда көптеген Қытайдың мемлекеттік кәсіп орындары мен жеке кәсіп орындар жұмыс істеуде. Олар арзан әрі тіл білетін жұмыс күшіне, орта буын мамандарға зәру. Сондықтан да сол кәсіп орындарға Қытайдағы қандастарымызбен еңбек шартына отырып паспорт, виза жұмыстарын реттеп елге алып келуін міндеттеуіміз керек немесе еңбек нарығында осы механизмді қалыптастырсақ, қазақ көшіне көптеген жеңілдектер мен мүмкіндіктер ашылар еді.

10. Қазір бүкіл әлемді интернет байланыстырып, жақындастырып жіберді бірақ қытайда Facebook, YouTube, Whatsapp, Twitter, Telegram әлеуметтік желілері ашылмайды. Сондықтан Қазақстан сайттарында, Қытайдың Wechat топтарында қазақтың асқар тауы мен көркем өзендерін, тарихи, туристік орындарын кескінге түсіріп көбірек жүктеу керек. Қазақ тіліндегі көркем фильмдер мен тарихи сериалдарды қытайдағы қазақтар үшін қол жетімді жағдайға жеткізсек жас ұрпақтың санасына әсер етер еді.

11. Пекин қаласының Орталық ұлттар университетінде Қазақ филологиялық факультеті, Құлжа қаласының Іле педогогикалық университетінде Қазақ филология факультеті, Үрімжілегі Шыңжаң университетінде Қазақ филология кафедрасы жұмыс істейді. Жақынғы жылдардан бері Пекин, Шанхай, Сиань сияқты алып мегополистердің атақты университеттерінде Қазақ тілі кафедрасы жұмыс істеп, мемлекеттік тестілеуде жоғары бал жинаған түлектерді қабылдай бастады. Осы жоғары оқу орындарымен еліміздің жоғары оқыу орындары тығыз әріптестік қатынастар орнатып, білім саласындағы істестікті жоғары өреге көтеріуге болады.

12. Қытайда ауыл шаруашылығы саласында экологиялық таза өнімге деген сұраныс күннен-күнге артуда.Арқа астыққа толы болса,Жетісу мен Оңтүстік облыстар көкеніс пен жеміс-жидектің базасы.Сондықтан осы саладағы нарыққа бойлап кіріумізге болады.Қытайдың шетелдерге қаратылған Қытай медицинасы,Қытай аспаздығы деген жобалары бар,мыне осы жақтарда өзара бір-бірін толықтыратын,дамытатын жаңа нарық көк жиегі ашылады.Экспорт ұлғайып салық түсімі көбейеді,адамдар жаңа жұмыс орындарымен қамтылады.Украинадағы соғыстан,батыстың санкциясынан кейін әлемде астық тапшылығы тұындауы мүмкін,осыны да ескергеніміз жөн.

13. Қытай дәстүрге құрмет ететін, байырғы өркениеті қазірге дейін жалғасып келе жатқан шығыс елі ретінде жеке тұлғалардың достық қарым-қатынасына өте көңіл бөледі. Ресми келіссөздер министрлік,мекеме арасында кездесуде шешілмеген шетін, нәзік, сезімтал мәселелер дастархан басында, жеке кездесулерде жөніне келіп, шешімін тауып жатады. Шетелдік қонақтарға сыйлық ұсынғанды әрі олардан сыйлық қабылдағанды құрмет сезінеді. Шығыс халықтарының осы менталитетін өз мүддемізге қарай оңтайлап, бейімдеп пайдаланғанымыз дұрыс.

Омарәлі Әділбекұлы

Дереккөз: Abai.kz


Пікір жазу
  • Сенат түркітілдес мемлекеттермен ынтымақтастыққа қатысты құжатты қабылдады
    Отандастар қорының жаңа басшысы тағайындалды

    Ұқсас тақырыптар