Сайлаудан кейін Үкімет қандай жұмыстарға басымдық береді

Уақыты: 2022-11-22 Көрлімі: 250 Сипаттама

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов 20 қарашада өткен Президент сайлауы туралы пікір бі...

221122102720652e.jpg

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов 20 қарашада өткен Президент сайлауы туралы пікір білдірді. 

«Баршаңызға мәлім, 20 қараша күні елімізде Президент сайлауы өтті. ОСК алдын ала қорытындысы бойынша, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айқын басымдықпен жеңіске жетті. Оның кандидатурасын парламенттік партиялар мен ірі қоғамдық ұйымдарды біріктірген халықтық коалиция ұсынған болатын. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев кандидатурасына Қазақстан халқы жаппай өз қолдауын білдірді», - деді Ә. Смайылов Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Оның айтуынша, Үкіметтің алдағы 7 жылдағы негізгі міндеті – сайланған Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасын сапалы әрі нәтижелі іске асыру.

«Экономикада, әлеуметтік салада және өңірлік саясаттағы түбегейлі өзгерістер осы сайлауалды бағдарламаның негізі болып табылады. Барлық мемлекеттік органдар мен ведомстволар осы мақсат үшін, яғни әділетті Қазақстан құру жолында халықтың мүддесіне сай күш біріктіріп, жұмыла еңбек етуі тиіс. Біз әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге бағытталған барлық стратегиялық құжаттардың, бағдарламалар мен жобалардың нақты іске асуын қамтамасыз етуіміз керек.

Сондай-ақ, Үкіметтің жұмысы негізінен экономиканы демонополизациялауға, кәсіпкерлік қызметті ынталандыруға, азаматтардың табысын арттыруға, білім беру мен денсаулық сақтау жүйелерін жаңғыртуға бағытталады.


Пікір жазу
  • «Ұлттық бірегейлік - тәуелсіздіктің кепілі» атты ғылыми-практикалық дөңгелек үстел өтеді
    Биыл 15,6 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

    Ұқсас тақырыптар