Жыл басынан бері 12 мыңнан астам қазақ қандас мәртебесін алған, көбі Қытайдан келген

Уақыты: 2024-09-27 Көрлімі: 90 Сипаттама

2024 жылдың басынан қыркүйекке дейінгі аралықта 12 325 қазақ тарихи отанына оралып, қандас...

IMG_4592.jpeg

2024 жылдың басынан қыркүйекке дейінгі аралықта 12 325 қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алған. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 


Министрлік мәліметіне қарағанда, қандастардың жартысына жуығы (45,6 пайыз) Қытайдан, 39,2 пайызы Өзбекстаннан, 5,5 пайызы Түркіменстаннан, 5,4 пайызы Моңғолиядан, 3,1 пайызы Ресейден және 1,2 пайызы өзге елдерден келген.


Келгендердің 58,2 пайызы еңбекке жарамды жаста, 32,4 пайызы еңбек жасына жетпеген, 9,4 пайызы – зейнет жасындағылар. Жалпы, 1991 жылдан бері 1 миллион 140,7 мың қазақ тарихи отанына оралған.


 t.me/atamekenbusiness_silkway телеграм каналынан


Пікір жазу
  • Ғасырлар тоғысындағы қазақ көші
    РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАЗАҚСТАНДА 850 КІШКЕНТАЙ АЗАМАТ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

    Ұқсас тақырыптар