ҚР Білім және ғылым министріне хат

Уақыты: 2018-08-29 Көрлімі: 3443 Сипаттама

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Ерлан Кенжеғалинұлы Сағадиев мыр...

1535525364497118.jpg

Қазақстан Республикасының  Білім және ғылым министрі Ерлан Кенжеғалинұлы Сағадиев мырзаға

 

Құрметті Ерлан Кенжеғалинұлы!


2017 жылдан бері Қытайдағы қазақтар жергілікті үкімет жағынан белгілі қысымдарға ұшырауда. Қандастардың шетелге шығатын паспорттары үкімет жағынан жиналып алынғандықтан, қазіргі таңда ҚХР азаматы болып табылатын қандастарымыздың елге келуі қиынға соғуда. Оның ішінде Қытайдан келіп, еліміздің жоғарғы оқу орындары, көлледждері мен мектептерінде оқып жатқан Қытай азаматтығымен жүрген қандас оқушыларымыз бен студенттеріміз бар. 2017 жылдан бастап жаздық және қыстық демалыстарда Қытайдағы ата-анасына барған көптеген студенттер мен оқушылар қайта алмай, оқуларынан уақытша қол үзіп қалды. Қытайға қайтпаған студенттердің басым бөлігі ата-анасымен хабарласа алмай, қаржылық көмектен айырылды.

Қандастар мәселесі бойынша ҚР Сыртқы істер министрлігі Қытай тарапымен арнайы келіссөздер өткізіп жатыр. 2018 жылдың сәуір айында ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Мұхтар Тілеуберді мырза  Қытайдағы қандастарымыз орналасқан ШҰАР басшыларымен келсіссөздер өткізді. 13-19 тамыз аралығында қоғамдық ұйымдардың өкілдерінен құралған арнайы делегация қандастар мәселесі бойынша Қытайда сапарда болып, Бейжің, Үрімжі қалаларында ҚХР-ның қатысты басшыларымен қандастар мәселесін талқылады. Осы кездесулердің бәрінде студенттер мәселесі де көтерілді. Алдағы уақытта осы мәселелер шешіліп, екі жылдан бері елге келе алмаған студенттеріміз қайта оралады деп күтудеміз. Осы жағдайларды ескере отырып, 2018/2019 оқу жылының басталуына орай  сіздердің тараптан студенттерімізге келесідей көмек қолдарыңызды созуларыңызды ұсыныс етеміз:

Бірінші, 2017 жылдан бергі Қытайдағы ата-анасына барып, елге қайта алмай қалған студенттер елге қай кезде оралса да оған дейін оларды оқудан шығармай, академиялық демалыс беріп, елге қайта оралғанда оқуын жалғастырып кетуіне мүмкіндік берулеріңізді, қайта оралған студенттердің құжаттары мен академиялық оқу жоспарын еш кедергісіз реттеп қабылдауларыңызды;

Екінші, жоғарыда Қытайдан келіп оқып жатқан студенттердің ата-анасынан байланысы үзіліп, қаржылық қолдаудан айырылғанын айттық. Осыны ескере отырып, жатақханаға тұруға өтініш берген қандастарымыздың өтініштерін ең алдымен қарап, күттірмей жатақханадан орын берулеріңізді, ақылы бөлімде оқитын студенттердің оқу ақысынын уағында төлей алмаған жағдайда кешірім жасап, уақыт берулеріңізді;

Үшінші, ҚР-ның Халықтың көші-қоны туралы заңның 33-бапының 1,2- тармақтарында білім алып жатқан студент қандастарымыздың жоғарғы оқу орындарының жатақханаларында  уақытша және тұрақты тіркеуге тұруына, ҚР азаматтығына өтуіне құқы бар екені жазылған. Осы заңда студенттердің жыл сайынғы Қазақстанда тұру визасын алуы мен жатақханада тіркеліп, ҚР азаматтығын алуы жоғарғы оқу орндарының басшысының қолдау хаты негізінде жүзеге асатыны белгіленген. Осыны ескере отырып, Қазақстанда тұру визасын ала алмай жүрген студенттер мен ҚР азаматтығына тапсырмақшы студенттерге құжаттық жағынан көмек беруді жоғарғы оқу орындарының басшыларына тапсыруыңызды, жорғы оқу орындары Көші-қон полициясымен сәйкесіп жұмыс істеп, студенттерге қолдау білдіруін сұраймыз.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев бастаған Ұлы көшті қолдау мақсатына, осы ұсыныстар  бойынша этникалық қазақ студенттердің мәселесін зерттей отырып, арнайы қаулы қабылдап, барлық техникалық және кәсіптік,  жоғарғы оқу орындарының директорлар мен ректорларына жіберіп, орындалуын қадағалауларыңызды өтінеміз.

 

«Жебеу» Республикалық қоғамдық

бірлестігінің төрағасы                                            Омарәлі Әділбекұлы

1535525253826204.jpg

222222222222.jpg

Jebeu.kz





Пікір жазу
  • ҚР Қоғамдық даму министрі мен Еңбек және әлеуметтік қорғау министріне хат
    Нұрсұлтан Назарбаев Түркі кеңесінің саммитін ашты