Оралман куәлігі мен ҚХР паспорттарының уақыты өткен қандастардың назарына!!!

Уақыты: 2018-10-12 Көрлімі: 5986 Сипаттама

«Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігі 29 тамызда Оралман куәлігінің уақыты өтіп к...

E78F2FFC-FE85-4024-A155-AD66AB634618.jpeg

 «Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігі 29 тамызда Оралман куәлігінің уақыты өтіп кетуіне байланысты ҚР азаматтығына құжат тапсыра алмай жүрген қандастарға бір мәрте кеңшілік жасап, жеңілдетілген тәртіппен ҚР азаматтығын алуына көмектесуін өтініп ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова мен ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаевқа және ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеуханға хат жазған болатын. 

Бекболат Тілеухан осы хатты ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министріне жолдап, министрге қандастарға көмек көрсетуді тапсырып, өз қадағалуына алғанын 2018 жылдың 18 қыркүйекіндегі хатында жазды.

Алдағы уақытта «Жебеу» қоғамдық бірлестігі осы мәселені жалғасты құзырлы орындарға жеткізеді. ҚХР паспортының уақыты өткен қандастардың да мәліметін жинап, паспорттарын ұзартып беруге ұсыныс жасап Қытай Консулдығына топтық арыз кіргізеді. Сондықтан, Оралман куәлігі мен ҚХР паспорттарының уақыты өтіп кетіп, ҚР азаматтығына өте алмай жүрген қандастардың бізбен хабарласуын сұраймыз. 

ҚХР паспорты мен Оралман куәлігінің көшірмесі және байланыс нөмірлерін Jebeu.kz@mail.ru электронды почтасына немесе 87026287260 нөміріне ватцапта жолдауларыңызға болады. 

Қосымша ақпараттар үшін келесі кісілердің байланыс нөмірлеріне хабарласуларыңызға болады:

«Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Омарәлі Әділбек - 87017221888;

«Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі Базарәлі Әріпұлы – 87014396267

«Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі Құрмет Қабылғазы – 870136036396;

Тұрдыбек Құрметхан – 87714588871.

Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Ш. Валиханов 43а. 

«Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігі

Jebeu.kz

Пікір жазу
  • Шетелдік дипломаттар Қорғастағы хабтың жұмысымен танысты
    Қытай Консулдығы қандастардан арыз қабылдап жатыр