Қытай Консулдығы қандастардан арыз қабылдап жатыр

Уақыты: 2018-10-14 Көрлімі: 2567 Сипаттама

Жуықта ҚХР ШҰАР Саяси мәсілиxатының төрағасы Нұрлан Әбілмәжін бастаған делегация ҚР па...

1527653159_article_b_1500_.jpeg

Жуықта ҚХР ШҰАР Саяси мәсілиxатының төрағасы Нұрлан Әбілмәжін бастаған делегация ҚР парламентінің шақыруымен елімізде болып қайтқанынан жұрт xабардар. Осы сапарында Н.Әбілмәжін Астана және Алматы қалаларында тұрып жатқан, екі жылдан бергі Қытайдың солақай саясатының кесірінен жақындары жапа шегіп немесе өздері зардап тартып отырған Қытайдан келген оралмандардың өкілдерімен кездесіп, олардың мұң-мұқтажын тыңдап, ҚР азаматтығын алушылардың ҚХР-дағы тіркеуінен шығудың азаматтық алысымен бірден автоматты түрде шешілетіндігін қадап айтып, өзге де түйткілді мәселелерді шешуге ҚХР-нан арнайы қызмет тобы жасақталып, Астанадағы сол елдің елшілігі мен Алматыдағы консулдігі базасында шағымданушыларды қабылдайтындығын ескертіп кеткен еді.

 Қазір сол жұмыс топтары аталған қалаларда жұмыстарын бастады. Алматы жұмыс тобы 2018 жылдың 8 қазанынан бастап дүйсенбіден -жұмаға дейін жұмыс уақытында жеке тұлғалардың арызын қабылдап, мұқтаждықтарын тыңдауда. Атаулы мәселелермен жұмыс тобын іздеушілер осы көрсетілген уақытта ҚХР-ның Алматыдағы бас консулдығына жолығыңыздар. Күзетшілерге "арыз тапсыруға" келгендеріңізді айтсаңыздар болды, кіре аласыздар. Күзетшілер кіргізбеген жағдайда Жебеудің мүшелеріне хабарарласуларыңызға болады. 

«Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Омарәлі Әділбек - 87017221888;

«Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі Құрмет Қабылғазы – 870136036396;


         "Жебеу" РҚБ


Оралман куәлігі мен ҚХР паспорттарының уақыты өткен қандастардың назарына!!!
Қазақстанда алтын өндірісі артты