М. Әшімбаев: Атыраулықтар Бағдарламада әлеуметтік салаға ерекше басымдық берілгеніне дән риза

Уақыты: 2019-05-22 Көрлімі: 460 Сипаттама

Атыраулықтар ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарлам...

61029186_418117432355731_317194574739013632_n.jpg

Атыраулықтар ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламсында әлеуметтік салаға ерекше басымдық берілгеніне дән риза. Бұл туралы бүгін Атырау халқына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп қайтқан Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының жетекшісі Мәулен Әшімбаев фейзбуктегі жеке парақшасында жазды. 

"Болашағымызды айқындар бүгінгі жауапты сәтте Қазақстан халқының ел ертеңіне бейжай қарамай, белсенділік танытуы көңілге қуаныш ұялатады. Соның ішінде Атырау жұртшылығының ерік-жігерін ерекше атап өткім келеді.

Жалпы атыраулықтардың ел тағдыры мен жер тағдырына келгенде қашанда ұлт мұратының биігінен көрініп жүргені белгілі. Бүгін мұнайлы өлкедегі ірі еңбек ұжымдарымен кездескен біздер, Қазақстан Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері, осы бір қасиетке кезекті рет куә болдық.

Өйткені өңір халқы ел дамуының жаңа кезеңінде Елбасы жолын жалғастырудың маңызы зор екенін айтып отыр. Сол себепті олар кандидатымыздың Сайлауалды бағдарламасын қолдап, көрсетілген басымдықтардың жүзеге асырылуына мүдделі екендерін жеткізді.

Атыраулықтар Бағдарламада әсіресе әлеуметтік салаға ерекше басымдық берілгеніне дән риза. Себебі, білім беру мен денсаулық сақтау саласын жақсарту, көп балалы аналар мен көмекке мұқтаж жандарға жүйелі қолдау көрсету, еңбек адамдарына лайықты жағдай жасау сияқты мақсат-міндеттер шын мәнінде қарапайым халықтың қалауынан туындағаны анық.

Сонымен қатар бүгін Махамбет ауданының тұрғындарымен де арнайы кездестік. Бұл жерде де халық Қасым-Жомарт Тоқаев ұстанған сабақтастықәділдікөрлеу қағидаларын тұрақты дамудың басты кепілі ретінде қабылдап отыр. Сондықтан Атырау тұрғындарының біздің кандидатқа дауыс беретіндеріне кәміл сенеміз" деп жазды Nur Otan партиясынан пре­зи­денттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың респуб­лика­лық қоғамдық штабының жетекшісі. 



Jebeu.kz 


Пікір жазу
  • Марат Тәжинның төрағалығымен Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті
    Бейбіт Атамқұлов: Қазақстан - Түркия тауар айналымы 50 пайызға өсті