Алматыдан Арысқа гуманитарлық жүк тиелген алғашқы көліктер аттанды

Уақыты: 2019-06-26 Көрлімі: 216 Сипаттама

Алматылықтар Арыс тұрғындарына жинаған гуманитарлық көмектің алғашқы легі Түркістан...

20190626092050.jpg

Алматылықтар Арыс тұрғындарына жинаған гуманитарлық көмектің алғашқы легі Түркістан облысына аттандырылды. Бұл туралы қала әкімі Бауыржан Байбек Instagram-дағы парақшасында жазды.

«Біздің күшіміз - бірлікте! Арысқа алматылықтардың көмегі бара жатыр», - деді ол. 

Мұның алдында Б.Байбек алматылықтарды Арыс қаласында жапа шеккен тұрғындарға көмектесуге шақырған болатын.

 Осы уақытқа дейін арнайы қорларға Алматыдағы №4 аурухана дәрігерлері, қалалық ТЖД қызметкерлері, әкімдік, коммуналдық кәсіпорындардың, Ұлттық банктің қызметкерлері қаражат аударды.

 Еске сала кетсек, Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында 24 маусым күні таңертең жарылыс болды. Апат салдарынан екі адам мерт болды. 170-ке жуық адам зардап шекті.  20-ға жуық үй, 9 қора-қопсы жанып, далалы аумақта 14 ошақ тұтанды. Үй-жайлар мен ғимараттардың 80-90 пайызына әртүрлі деңгейде зақым келді. Бірқатар өңірде шұғыл желілер құрылды.

Түркістан облысына арнайы барған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстағы әскери бөлімшедегі оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстан зардап шеккен қала тұрғындарымен кездесіп, қаланың қалпына келтірілетініне уәде берді. Сондай-ақ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Арыстағы жағдайға алаңдаушылық білдірді.


Jebeu.kz


Пікір жазу
  • Арыстағы жарылыстан зардап шеккендер жоқ - Қорғаныс министрлігі
    Парламент депутаттары халықпен кездесу үшін Арысқа аттанды