Арыстағы жарылыстан зардап шеккендер жоқ - Қорғаныс министрлігі

Уақыты: 2019-06-24 Көрлімі: 256 Сипаттама

ҚР Қорғаныс министрлігі Арыс қаласының әскери бөліміндегі жарылыс туралы ақпарат тара...

E0F5B26D-5C82-489D-9735-2F70402EA6E1.jpeg

ҚР Қорғаныс министрлігі Арыс қаласының әскери бөліміндегі жарылыс туралы ақпарат таратты. 

«24 маусым күні Түркістан облысының арыс елді мекеніне жақын жерден өрт тұтанып,  әскери құралдардың жарылуына әкеп соқты. Қазіргі таңда зардап шеккендер мен құрбандар жоқ. Оқиғаның себептері анықталуда», - делінген ресми мәліметте. 

Министрлік тарапынан оқиға орнына арнайы комиссия жөнелтілді. 

Ресми мәліметке сүйенсек, Қарулы күштердің жеке құрамы апатты жою және салдарын азайту бойынша шаралар қабылдап жатыр.

80703F16-BDC9-47AF-A4D4-6AECDBD23C91.jpeg

Бұған дейін Арыста болған жарылысқа байланысты Шымкент қаласының ТЖД тұрғындар үшін шұғыл желі ашылғанын хабарлаған. 

«Арыс қаласында болған жағдайға байланысты Шымкент қаласы ТЖ департаментінде «Қауырт желісі» жұмыс жасайды. Тәулік бойы 8/7252/44-94-72 немесе 8/7252/35-33-66 телефон нөмірі бойынша сіз қажетті ақпаратты ала аласыздар»,- делінген хабарламада. 

Jebeu.kz 




Пікір жазу
  • Омарәлі Әділбекұлы «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды
    Алматыдан Арысқа гуманитарлық жүк тиелген алғашқы көліктер аттанды