Бауыржан Байбек «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары болды

Уақыты: 2019-06-29 Көрлімі: 810 Сипаттама

Елбасы, Нұрсұлтан Назарбаевтың өкімімен «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбаса...

2019062817365753337_1.jpg

Елбасы, Нұрсұлтан Назарбаевтың өкімімен «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары болып Бауыржан Байбек тағайындалды. Бұл туралы Нұр Отан партиясының ресми сайтында жазды. 

«Елбасы, Нұрсұлтан Назарбаевтың өкімімен «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары болып Бауыржан Байбек тағайындалды. «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаев осы қызметті атқарған Мәулен Әшімбаевқа жасаған жұмысына ризашылығын білдіріп, саяси ұйымның алдында үлкен міндеттердің тұрғанына  партиялықтардың назарын аударды», - делінген партияның сайтында.

Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбек 1974 жылы 19 наурызда дүниеге келді. Алматы қаласында туған. Ұлты - қазақ. «Болашақ» бағдарламасы бойынша Гете институтын (Бремен қаласы, 1995) - «Неміс тілі»; «Болашақ» бағдарламасы бойынша Любек қаласындағы Жоғары мектепті (ГФР, 1998) - «Педагог»; Орталық Азия университетін (2002) «Халықаралық экономист» мамандықтары бойынша бітірген. Ағылшын және неміс тілдерін еркін меңгерген. 1999 жылдан - Майндағы Франкфурт қаласы ҚР Бас консулдығының референті, атташесі - ГФР-дағы ҚР Елшілігі экономикалық бөлімінің үшінші хатшысы (Берлин қаласы).  2002 жылдан - ҚР Президенті Әкімшілігі Жүйелі зерттеулер орталығының сарапшысы. 2003 жылдан - ҚР Президенті Хаттамасының ақпарат және талдау секторының меңгерушісі, 2004 жылдан - бас инспекторы, 2006 жылдан - Хаттама жетекшісі. 2009 жылдың тамыз айынан бері - ҚР Президенті Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары. 2013 жылдың қаңтарынан бастап «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары. 2015 жылдың тамызынан осы уақытқа дейін Алматы қаласының әкімі болды. 

 «Құрмет» (2008) орденімен; «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен; ҚР Президентінің Алғыс грамоталарымен (2001, 2010) марапатталған.   

Jebeu.kz



Пікір жазу
  • Бақытжан Сағынтаев Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды
    Димаш Құдайберген концертінен түскен қаражаттың бір бөлігін Арысқа көмек ретінде аударатынын айтты