Ақордада әлемдік және отандық IT саладағы негізгі трендтер талқыланды

Уақыты: 2019-08-21 Көрлімі: 1663 Сипаттама

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын Қыран» компаниялар тобы бақылау кеңесінің...

3728E1B8-D9C1-4B0B-9996-02328ABAA165_w650_r0_s.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын Қыран» компаниялар тобы бақылау кеңесінің төрағасы Исламбек Салжановты қабылдады, деп  Ақордаға сілтеме жасап хабарлаймыз. 

Кездесу барысында Қазақстанда кәсіпкерлікті дамыту мәселелері, сондай-ақ әлемдік және отандық IT саладағы негізгі трендтер талқыланды.

 Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлікті, соның ішінде шағын және орта бизнесті қолдау мемлекеттің экономикалық саясатындағы басымдықтардың бірі екенін атап өтті. 

Исламбек Салжанов Президент бастамаларын жүзеге асыру үшін бизнес белсенді атсалысуға әрқашан дайын екенін айтты.

Jebeu.kz


Пікір жазу
  • Бердібек Сапарбаев Премьер-Министрдің орынбасары лауазымына тағайындалды
    Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды