Берік Әбдіғалиұлы Ұлытауға әкім болып тағайындалды

Уақыты: 2019-10-02 Көрлімі: 1381 Сипаттама

Бұған дейін Қарағанды облысының әкімінің орынбасары, Ұлытау, Арқалық, Теміртаудың әкім...

17ab50953d1bf2d112343d35f0d956f3.jpg

Бұған дейін Қарағанды облысының әкімінің орынбасары, Ұлытау, Арқалық, Теміртаудың әкімі болған белгілі саясаттанушы, "Қасиетті Қазақстан" жобасының жетекшісі Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау ауданына әкім болып тағайындалды. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімінің ресми сайты хабарлады. 

"Ұлытау ауданында кадрлық ауыстырулар орын алды. Жеңіс Қасымбек жаңа әкімді таныстырды. Бұл өңірді Берік Әбдіғалиұлы басқаратын болады.
Жаңа әкімнің кандидатурасына аудандық мәслихат депутаттары дауыс берді. Ол Ұлытау тұрғындарына да белгілі, себебі 2010 жылы осы ауданды басқарған.
Берік Әбдіғалиұлы 1971 жылы Қарағанды облысының Рудник кентінде дүниеге келген. Мамандығы бойынша - тарих және қоғамтану оқытушысы. 1989 жылы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында кітапханашы ретінде еңбек жолын бастаған. Әр жылдары ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында жұмыс істеді. Бөлім меңгерушісі орынбасарының міндетін атқарған және басшы орынбасары лауазымында болған. Сондай-ақ ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ішкі саясат департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды.
1999-2000 жылдары ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау орталығы (Астана) меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды. 2001-2002 жылдары Теміртау қаласы әкімінің орынбасары лауазымында болған.
2012 жылы Жезқазған қаласының әкімі болып тағайындалды және осы жылы ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесіне өтіп, бірінші Вице-премьердің кеңесшісі болды.
2013 жылы – Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.
Қазіргі уақытқа дейін ҚР Мәдениет және спорт Министрінің штаттан тыс кеңесшісі, ҚР Ұлттық мұрағатындағы «Архив-2025» ғылыми-әдістемелік орталығын басқарды", делінген хабарламада

Jebeu.kz


Пікір жазу
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары ЕЭК отырысына қатысу үшін Ереванға барды
    Қасым-Жомарт Тоқаев: Азиядағы қақтығыстар таза ауыз су көздерін бақылауға қарай ойысуы мүмкін