Cыроежкинді Қазақстан азаматтығынан айырды

Уақыты: 2019-10-16 Көрлімі: 971 Сипаттама

Мемлекетке опасыздық жасады деп, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген Константин Сыроежкин Қазақстан азаматтығынан айырылды....

pic_fb833296eea3bc70bc5db4f3bc62b240.png

Мемлекетке опасыздық жасады деп, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген Константин Сыроежкин Қазақстан азаматтығынан айырылды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

«Алматы қаласының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Константин Сыроежкин мемлекетке опасыздық жасады деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ сот оны Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырды. Сыроежкин жазасын арнайы режимдегі қауіпсіздігі жоғары колонияда өтейді. Қылмыстық кодекстің 51-бабының негізінде негізгі жазаны өтегеннен кейін Константин Сыроежкиннің бес жыл мерзімге Қазақстан Республикасының аумағына кіруіне тыйым салынып, Қазақстан Республикасынан мәжбүрлі түрде шығарылады», - делінген хабарламада.

2019 жылғы 7 қазанда Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер бойынша соты белгілі қытайтанушы Сыроежкин Константинді ҚР ҚК 175-бабы 1-бөлімі  ("Мемлекетке опасыздық жасау") бойынша кінәлі деп танып, 10 жылға соттаған болатын.

Константин Сыроежкин 1956 жылы 19 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген.

2003-2006 жылдары сараптамалық орталықтың басшысы, Инвестициялар тиімділігін зерттеу жөніндегі агенттіктің жетекші сарапшысы болған.

2006 жылдан бері Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері жұмысын атқарған.

Jebeu.kz



Пікір жазу
  • Министр ЖОО ректорларына оқытушылардың жалақысын көтеруді тапсырды
    Қазақстан мен БҰҰ арасындағы ынтымақтасттың жаңа бағдарламасы талқыланды

    Ұқсас тақырыптар