Қасым-Жомарт Тоқаев Чех Республикасы Депутаттар палатасының төрағасы Радек Вондрачекпен кездесті

Уақыты: 2019-10-17 Көрлімі: 501 Сипаттама

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Чех Республика...

76f1c91a32789e4fbe2ffec568b9eb88.jpgМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Чех Республикасы Депутаттар палатасының төрағасы Радек Вондрачекпен кездесті, деп  Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме  жасап хабарлаймыз. 

Тараптар Қазақстан мен Чехия арасындағы қатынастардың қазіргі ахуалы мен перспективаларын, атап айтқанда, Қазақстан – Еуропалық одақ, Орталық Азия – Еуропалық одақ және Орталық Азия – Вышеград төрттігі (Чехия, Польша, Венгрия және Словакия) сияқты көпжақты форматтағы ықпалдастық мәселелерін талқылады.

Мемлекет басшысы  Радек Вондрачекті Барқыт төңкерісінің 30 жылдығымен, Чехияның НАТО-ға кіруінің 20 жылдығымен және алдағы Республика күнімен құттықтады. Сондай-ақ Президент Қазақстанның Еуропалық одақтағы маңызды саяси әрі экономикалық серіктесі саналатын Чехиямен арадағы байланыстарды одан әрі дамыта беретінімізді атап өтті.

– Сіздің бұл сапарыңыз екі ел парламенттері арасындағы өзара іс-қимылдарды нығайту тұрғысынан ғана емес, сондай-ақ, екіжақты ынтымақтастыққа тың серпін беру мақсатында да өте маңызды, – деді Мемлекет басшысы.

Өз кезегінде чех саясаткері қонақжайлық көрсетіп, жылы қабылдағаны үшін Мемлекет басшысына алғыс білдіріп, елімізде жүзеге асырылып жатқан реформаларды жоғары бағалады.

– Чех Республикасының өкілі ретінде екі ел арасындағы ынтымақтастықтың достық және дәстүрлі рухта өрбіп, өте тығыз әрі терең қарым-қатынастың қалыптасқанын растауға мүмкіндік туғанына қуаныштымын,– деді  Радек Вондрачек.

Jebeu.kz

Пікір жазу
  • Қазақстан мен БҰҰ арасындағы ынтымақтасттың жаңа бағдарламасы талқыланды
    Н. Назарбаев: Уәделерімізді орындау үшін бар күш-жігерімізді жұмсауымыз қажет