ДСМ: Ухан қаласындағы қазақстандық студенттерді эвакуациялау қарастырылып жатыр

Уақыты: 2020-01-27 Көрлімі: 501 Сипаттама

Коронавирустың жаңа түрі анықталған Қытайдың Ухан қаласындағы қазақстандықтар эвакуа...

c0e078210900b481e6e9ea20252c8.jpg

Коронавирустың жаңа түрі анықталған Қытайдың Ухан қаласындағы қазақстандықтар эвакуациялануы мүмкін. Бұл туралы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Жандарбек Бекшин айтты, деп ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз.

Жандарбек Бекшиннің айтуынша, қазақстандық 98 студентпен тікелей байланыс орнаған. Ол Қытай билігі жоғары оқу орындарында оқитын барлық шетелдік студенттерді бақылауға алуды тапсырғанын сөз етті.

«Бүгінде Үкімет студенттерімізді эвакуациялау мәселесі бойынша қарқынды жұмыс жүргізуде. Жақын арада шешім қабылданады, сол кезде қосымша хабарлаймыз», - дейді Жандарбек Бекшин.

Сонымен қатар, ол Денсаулық сақтау министрлігі күн сайын Қытайдан келетін азаматтарымызды қабылдау бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын айтты.

«Ухан қаласында қазақстандық 98 студент бар. Қазір алгоритм құрып жатырмыз. Ол бойынша азаматтар тізімі медициналық ұйымдарға жіберіледі. Олар 14 күн бойы медициналық бақылау жүргізеді. Одан кейін медициналық ұйымдардағы сынамаларға диагностика жасау үшін зертханаға жібереміз. Оның нәтижесін ДДСҰ-ға жолдаймыз және Ресей Федерациясындағы мамандармен бірлесе жұмыс істейміз», - дейді ол.


Пікір жазу
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен барды
    Педагогикалық мамандықтарға түсетін талапкерлер үшін шекті балл жоғарылайды