Президент медиаөнімдердің бәсекеге қабілетті болуын тапсырды – Дәурен Абаев

Уақыты: 2020-02-21 Көрлімі: 461 Сипаттама

Р Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қа...

062.jpg

Р Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында қандай тапсырмалар берілгенін айтып берді, деп  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз.

«Президент медианарықты дамыту мәселелеріне ерекше көңіл бөлді. Мұнда саланы қолдау туралы ғана айтылған жоқ. Президент барлық медиа саланың, медиаөнімдердің бәсекеге қабілеттілігін көтеруді, инфрақұрылым және заңнаманы жетілдіру мәселелерін алға қойып отыр», - деді министр «Хабар» арнасындағы «Ашық диалог» бағдарламасында.

Министрдің айтуынша, бұл бағытта министрлік кешенді шаралар жүргізіп жатыр.

«Бұл шаралар қазір түрлі деңгейде пысықталып жатыр. Толығымен дайын болғанда, көпшілікке таныстырамыз», - деді Д. Абаев.

Еске сала кетсек, кеше ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевты қабылдады. Кездесу барысында Президентке мемлекеттің ақпараттық саясатының тетіктерін жетілдіру, азаматтық қоғаммен ықпалдастықты нығайту, жастардың бастамалары мен жобаларына қолдау көрсету, сондай-ақ, диаспоралық және діни саясат бағытында жоспарланған шаралар туралы баяндалды.



Пікір жазу
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығына барды
    «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» іс-шаралары онлайн режімде өтеді - АҚДМ