Дәурен Абаев рұқсат етілген митинг пен заңсыз митингтің айырмашылықтарына тоқталды

Уақыты: 2019-07-04 Көрлімі: 125 Сипаттама

«Хабар» арнасындағы «Ашық диалог» бағдарламасында ҚР ақпарат және қоғамдық даму минис...

1582559.jpg

«Хабар» арнасындағы «Ашық диалог» бағдарламасында ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев 30 маусым күні өткен митингтердің бұған дейінгі заңсыз өткен митингтерден айырмашылығын атады. 

«Митингке қалыптан тыс дүние ретінде қарауды қою керек. Ылғи айтып келемін, бұл қалыпты,  бүкіл әлемде бар тәжірибе. Ең бастысы,  митинг барысында  тәртіпсіздікке жол бермей, біреудің мүлкіне зақым келуін болдырмау керек. Келісетін шығарсыз, ешкімнің сол митинг кезінде  дүкенінің сөрелері қираған кәсіпкердің орнында болғысы келмейді. Сол үшін билік митингтер үшін арнайы орын бөледі, тәртіп күзетін ұйымдастырады. 30 маусымда бәрі дәл осылай болды.  Үш акция да мәдениетті бейбіт жиын өткізе алатынымызды көрсеткенін айтқым келеді.  Митинг барысында алуан түрлі ұрандар мен талаптар айтылды. Осының бәрі БАҚ-та жарық көрді. Мен билік халықпен өркениетті диалог құруға дайын екенін ылғи айтып келемін. Шетін шараларға барып, тыйым салынған ұйымдардың арандатушылық ұрандарына ерудің қажеті жоқ. Азаматтардың  өз талаптарын  лигитимді арнада айтуына шынайы жағдай жасалып отыр», - деді Дәурен Абаев.

Jebeu.kz




Пікір жазу
  • Қасым-Жомарт Тоқаев: “Сорос қалай сабасына түсті?”
    Қ. Тоқаев: Елордамыз - Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстанның жарқын жетістіктерін айшықтайды