ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бірнеше елге жол жүруден бас тартуға кеңес берді

Уақыты: 2020-02-27 Көрлімі: 1024 Сипаттама

27 ақпандағы мәліметтер бойынша әлемде коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандардың жалп...

d4b858cb53c3b59841d5bfddd402d.jpg

27 ақпандағы мәліметтер  бойынша әлемде коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандардың жалпы саны 81 мыңнан асты. Оның ішінде 2806  науқас қайтыс болды. Вирус ең алғаш таралған Қытайда 78497 адам ауырып, 2744-і ажал құшты. Қытайдың арнайы әкімшілік аудандары Гонконг пен Макаода 89 және 10, Тайваньда 32 адамға жұққаны тіркелген.

Бұдан сырт Шығыс Азия елдері бойынша Оңтүстік Кореяда эпидемиологиялық жағдай күрт шиеленісіп, кеше тағы 115 адамның ауырғаны тіркелді.  Онда 1261  науқастан 12 адам қайыс болды.  Жапонияда 172 адамның коронавирус жұқтырғаны тіркеліп, 3 адам көз жұмды, Сингапурда – 93, Таиландта - 40 ауру анықталды.

Соңғы күндері Италия мен Иранда да ауырғандар саны күрт өсуде. Италияда 470 адам коронавирус жұқтырып, 12-сі қайтыс болса,  Иранда инфекция жұқтырған 139 оның 19-ы қайтыс болды.

Ал, Бейсенбі күні өткен бринфингте ҚХР Денсаулық сақтау істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің сарапшылар тобының жетекшісі Чжун Наньшань  Қытайда коронавирус індетіне байланысты жағдай биылғы жылдың сәуір айының соңына қарай бақылаудан  алынатынын мәлімдеді.

«Біз бұрын эпидемияның шарықтау шегі ақпанның ортасында немесе соңында болады деп болжаған едік. 15 ақпаннан кейін коронавирус анықталған жаңа жағдайлардың саны азая бастады. Індеттің сәуір айының соңына дейін бақылауға алынатынына сенімдіміз», - деді Чжун Наньшань.

Осы жағдайларға  байланысты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының азаматтарына Гонконг және Макао, Тайвань, Оңтүстік Корея, Италия, Жапония, Иран, Сингапур, Таиланд және Малайзия арнайы әкімшілік аудандарын қоса алғанда, Қытай Халық Республикасына жол жүруден бас тартуға кеңес береді. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Министрліктің хабарлауынша 6 қаңтар - 27 ақпан аралығында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің санитариялық-карантиндік пункттерінің мамандары халықаралық әуежайларда және теміржол вокзалдарында Қытаймен шекаралас мемлекеттер арқылы өткізу пункттерінде – 32 306 адамды қарап-тексерді.

«Мониторингке барлығы 24 469 келгендер алынды, 23 980 қамтылды, мониторингтен 24 410 алынды, соңғы 14 күнде келген 59 адам медициналық бақылауда қалды және ауруханаға жатқызылғандар 25 адам. Бүгінгі күнге дейін ЖРВИ белгілерімен 165 адам көпшіліктен оқшауланып, емдеуге жатқызылды, оның 162 шығарылды, стационарларда медициналық бақылауда 3 адам қалды. Сондай-ақ, кеше таңертеңгі сағат 2:30-да Нұр Сұлтан қаласына Токио қаласынан 20 қазақстандық азамат келді (оның ішінде 4 адам – «Diamond Princess» жапон лайнерінің жолаушылары). Барлығы медициналық және зертханалық тексеруден өту үшін ауруханаға жеткізілді. Денсаулық жағдайы қанағаттанарлық», -делінген хабарламада.

Министрлік коронавирусқа байланысты жағдайдың толық бақылауда екенін мәлімдеді.

«Емдеуге жатқызылғандардың барлығының сынамасын қосымша бақылау үшін Алматыдағы Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығына жіберілді. Бұл орталық жаңа коронавирусты ПТР-диагностикалау әдістемесін игерген. Республикада қолдаушы терапия үшін қажетті дәрілік заттар мен медициналық мақстаттағы бұйымдар бар, инфекциялық ауруханаларда оқшаулауға арналған бокстар бар орындар, дәрігерлік және орта медицина персоналы дайындалған»,-деп жазды министрліктің баспасөз қызметі.

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жаңа коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін келесі алдын-алу шараларын сақтау қажет ескертті :

- қолдарыңыз бен бетті сабынмен жиі және мұқият жуыңыз;

- қолды залалсыздандыруда спиртті антисептиктерді қолдану;

- адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болыңыз;

- науқас адамдармен байланыста болмауға;

- суық тию белгілері (жоғары температура, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) пайда болған жағдайда, тұрғылықты жеріңіз бойынша дәрігермен кеңесу керек.

Сондай-ақ министрлік ресми ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің Фейсбуктегі парақшасынан және туындаған сұрақтар бойынша 1406 нөмірі бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін Call-орталығына қоңырау шалуға болатынын хабарлады.


Jebeu.kz

 


Пікір жазу
  • Мемлекет басшысы Сауат Мыңбаевқа жолаушылар тасымалының сапасын арттыруды тапсырды
    Короновирус қатері аса жоғары деңгейде деп жарияланды