Өңірлерде коронавирус жөнінде қайда хабарласуға болады

Уақыты: 2020-03-19 Көрлімі: 1102 Сипаттама

Еліміздің ірі қалалалры мен өңірлеріндегі коронавирус инфекциясы жөнінде хабарласуғ...

  62802_8.jpg

Еліміздің ірі қалалалры мен өңірлеріндегі коронавирус инфекциясы жөнінде хабарласуға болатын байланыс нөмірлері тізімін ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап ұсынамыз.

Республика бойынша вирустың алдын-алу және қорғану шаралары бойынша кеңес алу үшін 1406 бірыңғай call-орталығына хабарласуға болады. 1406 байланыс орталығының операторлары халыққа денсаулығын нығайту және өзінің ағзасын қорғау, күдікті симптомдар байқалғанда әрекеттер жасау бойынша кеңес беру дайындығынан өткен.

Сондай-ақ, қазақстандықтар коронавирус туралы сұрақтарын Qoldau 24/7 мобильді қосымша арқылы жолдай алады. Жолданымға тіркеу нөмірі беріледі, содан кейін өзіңіздің жеке кабинетіңізде оның мәртебесін тексере аласыз.

Ел астанасы Нұр-Сұлтан тұрғындары коронавирусқа қатысты қандай да бір жағдай орын алса, әкімдіктің call-орталығына 109 нөмірі бойынша хабарласа алады. Қаладағы Led-экрандарда коронавирус бойынша қайда хабарласуға болатыны туралы хабарландырулар көрсетілуде.

Сонымен бірге, Қазақстанның бірқатар өңірлерінде төтенше жағдайда жұмыс істейтін жедел штабтар құрылды.

Алматы қаласында коронавирусқа қатысты жағдайларда жедел штабтың +77073168939 және +77017100948 нөмірлеріне хабарасуға болады.

Шымкент қаласы мен Түркістан облысында коронавирус белгілері байқалған жағдайда 1406 және 103 нөмірлеріне хабарласқан жөн.

Атырау облысы Мобилизациялық дайындық және азаматтық қорғаныс бөліміне 8 7122 32 03 58 нөмірі арқылы хабарласуға болады.

Ақтөбе облысында Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің 8 7132 55-77-37, дәрілер және маскалар бойынша – 87132 55-75-18 нөміріне хабарласуға болады.

Ақтөбе қаласы бойынша барлық сұрақтар 87787463333, 87132909605 нөмірлеріне қабылданады.

ШҚО бойынша call-орталықтары: 87232-701131 (Өскемен) және 87222-600500 (Семей).

СҚО Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының 87152 525059, 87152 340442 нөмірлері дайын.

Маңғыстау облысындағы жедел штаб нөмірі – 30-11-77, Ақтау қаласында – 33-67-00.


Пікір жазу
  • Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 44 адамға жетті
    ​«Жебеу» Отандастарымызды қайырымдылық шараға ат салысуға шақырды