COVID-19 індеті бойынша экспресс-тесттен кімдер өте алады?

Уақыты: 2020-04-04 Көрлімі: 537 Сипаттама

Мемлекеттік комиссияның жедел штабы COVID-19 індеті бойынша кімдердің бірінші тексерілет...

52322743_303.jpg

Мемлекеттік комиссияның жедел штабы COVID-19 індеті бойынша кімдердің бірінші тексерілетінін мәлім етті.

Жедел штабтың мәліметтері бойынша, алғашқылардың бірі болып тексеруден:

  • коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі іс-шараларға қатысатын адамдар,

  • жедел жәрдемнің, амбулаториялық-емхана ұйымдарының, стационарлардың қабылдау бөлмелерінің медицина қызметкерлері;

  • тыныс алу органдарының ауыр созылмалы аурулары бар, диспансерлік есепте тұрған адамдар;

  • науқастармен байланыста болған адамдар;

  • коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі іс-шараларға тартылған орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың қызметкерлері;

  • карантин аймақтарының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындардың қызметкерлері (коммуналдық қызметтердің, азық-түлік, дәрі-дәрмек сататын сауда нысандарының, тамақ жеткізумен айналысатын қоғамдық тамақтану объектілерінің, зарарсыздандыру қызметін көрсететін ПИК қызметкерлері, көлік жүргізушілері және т. б.)

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 220 000 адамға дейін экспресс-тесттен өте алады.

Экспресс-тесттердің дұрыстығы 90%-дан кем емес.

ҚР ДСМ Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының сайтында пациенттің деректерін енгізуге арналған сауалнама жасалды, эпидемиологиялық іріктеудің қорытындысы бойынша тестілеу жүргізілетін болады.


Пікір жазу
  • Карантин нәтижесі: Республика бойынша вирус жұқтырған науқастар өсімі төмендеді
    ҚР Президенті: Еліміз әлеуметтік маңызы бар тауарлармен толық қамтамасыз етілген