Алдағы уақытта көлік жүргізушісі қандай құжаттар алып жүруі керек?

Уақыты: 2020-05-20 Көрлімі: 159 Сипаттама

Қазақстандық жүргізушілерге өзімен бірге тек жеке куәлігін алып жүруге рұқсат етілуі...

DSC04536_0.jpg

Қазақстандық жүргізушілерге өзімен бірге тек жеке куәлігін алып жүруге рұқсат етілуі мүмкін. Бұл туралы Мәжілісте ТМД-ға мүше мемлекеттердің автокөлік құралдарының жымқырылуына қарсы бірлесе күресуді күшейтуге бағытталған заң жобасын таныстырған Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты.

«Бүгінгі таңда полиция қызметкерлерінде 6 мың планшет бар. Автокөлікке қатысты мәліметтер базасы интеграцияланды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен тиісті норманы енгізіп, жүргізушіге міндетті түрде құқығын растайтын құжаттарды алып жүру ережесін алып тастағалы жатырмыз. Жеке куәлігі болса болды. Себебі қалған құжаттардың бәрін біз планшет арқылы көріп отырамыз. Жүргізушінің қандай көлігі бар, қанша сенімхат жазылды, сақтандыру полисі қашан аяқталады, техникалық тексерістен қашан өтті, айыппұлы қанша – бәрі де планшетте көрініп тұрады. Сонымен қатар біз планшеттердің бәрін қазір көшедегі видеокамералармен интеграциялап жатырмыз», - деді ол.

Оның айтуынша, бұл тек Қазақстан аймағында ғана жарамды. Басқа мемлекеттің аумағына кірген кезде барлық жеке құжат болуы керек.

Пікір жазу
  • Қадір түнін қалай өткізген дұрыс?
    Қазақстанда коронавирус жұқтырғандарды қандай препараттармен емдеуде

    Ұқсас тақырыптар